kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

ZhalgyzОблыс әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен, «Абай әлемі» сериясымен шыққан Тұрғазы Нұқайдың «Жалғыз тас» атты өлеңдер жинағымен таныс болыңыз.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Егінсу ауылдық кеңесіне қарасты Тұяқ ауылында 1937 жылы 27 -ші маусымда дүниеге келген.
1966 жылы облыстық газетке жұмысқа ауысады. Дарынның шыңдалар тұсы да дәл осы жылдардан бастау алды. Міне содан бергі кезеңде оның шығармашылық қызметі «Дидар» газеті ұжымымен тікелей байланысты өтті.

Редакцияда әдеби қызметкерден бастап, редактордың орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Мұнда істеген жылдар ішінде Т. Нұқаевтан тәлім тәрбие алып республикамыздың сан қиырында журналист, жазушы болып жүргендер қаншама.
Тұрғазы Нұқайұлы оқырмандарға тәжірибелі журналист, ақын, жазушы ретінде таныс. «Тұңғыш», «Ұлы даланың ұлымын», «Әз ағамыз Әнекең», «Анаға тағзым», «Жарқыраған қос жұлдыз» атты кітаптардың авторы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы-лирикалық кейіпкердің бақыты мен қуанышы, қайғысы мен қасіреті, басынан кешірген тауқыметтері-жан азабы, ойлары арқылы жалпы адам баласына ортақ қортындыларға келу.
Туған жермен сырласу
О туған жер,
Неткен дарқан кең едің,
Аумағыңды
Шарлап, шалқып келемін
Шалдырмайтын
Киігіндей алдымнан
Жеткізбейді
Шексіз жота белесің
Келген сайын
Қызығыңа қана алмай
Қарай берем
Ыстық-ақсың анамдай.
Өкініш қой,
Қиналамын және мен мүсіндейтін,
Саған теңеу таба алмай.
Келем сенің,
Бұлағың боп аға алмай.
Келем әлі
Шырағың боп жана алмай.
Келемін мен:
«Кіммін», Кіммін» деген бер
Сұрағыма
Анық жауап таба алмай
«Айыртау» өлеңі
Асқақта Айыртауым асқарыңа,
Көк күмбез асқар керген аспаныңа.
Қол созып бауырыңда еркін өстім,
Өр қиял алға мені бастады да.
Болдым-ау сол кездерде сырыңды ашпақ,
Тартты да жас жанымды құзың асқақ.
Сәбилік не істетпеді, еркеледім,
Ал өмір алға озыпты ізін тастап, -деп ақын жырлағандай туған жер – мәңгілік сағыныш мекені. Туған жерін жырламаған ақын аз. Киелі топырақтың әр пұшпағы – лағыл сағыныштың қайнар көзі.
«Марқакөлдің ажары», «Рахман жаңбыры», «Қаба» деген өлеңдерінен ел деп соққан жүректі, ел үмітін ақтап шықсам деген өршіл тілек пен туған жерге деген махаббатты сезінеміз.
Жылдар өткен сайын ақын талай күрделі тақырыптарды игерді, өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін жетілдіре түсті. Шығармалары әрдайым нақты өмір тәжірибесінен алынған шынайылығымен оқырман жүрегінен орын алған. «Ауыл», «Жол үстінде», «Тау тарланы» т.б лирикалық дастандары мен толғаулары осының айқын куәсі. Тұрғазы Нұқайұлының көптеген шығармаларында ел бірлігі, өзара ынтымақ мәселері айқын, анық айтылып, береке бірлік, ынтымақты нығайтуға шақырады.
Тұрғазы Нұқайұлы Забир Баянов атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері. Алдағы уақытта да ақынның жырлары әдебиет сүйер қауымның көңілінен шығатынына сеніміміз зор. Ақынның екінші ғұмыры басталды. Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений