«Өткенді ұмыту-өшкендіктің белгісі,
Өткенін еске алу-өскендіктің белгісі...»
Кітапхана қорына «Ғибратты тұлға» атты кітапты Мешімбаев Ертөлеу ағамыз сыйға тартты.
«....Аш –жалаңаш дәуірді. Қырғын сүргінді, бірін бірі ұстатып, бірін-бірі оққа байлаған жосықсыз кезеңдерді ойы, санасы жүрегі арқылы өткізген, бір емес екі соғысты – неміс-фашист, фин соғыстарын көріп, тірі қайтқан ұрпақтың бірімін...» Шәмси Оразбаев.
Кітап өткен ғасырдың елең-алаң басында өмірге келіп, жиырмасыншы ғасырдың адамзат баласына ұсынған барлық күнгейлі-көлеңкелі тұстары ойы, санасы, жүрегі арқылы өткізе жүріп, ғұмыр кешкен Елағасы ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Оразбайұлы Шәмси туралы.
Ұлағатты ұстаз Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Көкжыра ауылдық мектебінің негізін қалап, сол мектепте отыз жылдан астам уақыт директор болған, ұстаздардың ұстазы атанған педагог, фин, неміс фашистерімен болған соғыстарға қатысқан, Ұлы Отан соғысы ардагерінің ерлікке толы өнегелі өмірі мен таңғажайып тағдыры жайлы жазылған кітап. Кітап авторлары күйеу баласы ақын драматургг, академик Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы, қызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсиқызы.
Естелік-ел мұрасы десек, «Ғибратты тұлға» кітабы ертеңге мәдени мұра болып қалар дүниелердің бірі.
Кітаптың тәрбиелік мәні зор, өнегелі өмірі мен таңғажайып тағдыры жастарға үлгі. Жастардың туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімін оятады. Кітап оқырман қауымның жүрегінен жол табады.
Келіңіздер, кітаппен таныс брлыңыздар!