kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

SapozhnikovӨлкемізді мекендеген ата-бабаларымыздың өткен ғасырлардағы өмірі, кәсібі, салт-дәстүрі, мекендеген жерлері жайлы көбінесе алдыңғы буын әке-аталарымыздың ауызша айтқан әңгімелерінен естіп білдік. Себебі ол кездерде сауат ашатын мектептердің жоқтығынан көптің ілуде біреуі ғана хат танитын, сондықтан қағаз бетіне түспеді. Сол кездегі адамдардың есте сақтау қабілеті де ерекше болғандай, кештен-таңды атырғанша жыр-қисаларды жаңылмай жырлайтын жыршыларды бүгінде кездестірмейміз. Әрине, сол кездің өзінде көпшілік сауатты болып, жазу-сызу болғанда халқымыздың мұрасы бүгінгі ұрпаққа молынан, әрі сапалы болып жеткен болар еді. Соның салдарынан өткен ғасырлардағы ата-бабаларымыз жайлы деректер кей жағдайларда бұрмаланып, ойдан құрастырылып, кейбіреулер өз ата-бабаларын дәріптеп, ешқандай негізссіз оқиғаларды жазуда. Мұндай жазбаларды таразыға салып оң-солын анықтап, баға беру оқырманның өз қолында. Бүгінде өлкеміздегі өткен өмір деректерін сыр етіп шертетін шежіреші қарттарымыз да түгесілді. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ,» - дегендей шежіреші қарттарымыз бар кезде сұрап-білмей, қолымызды мезгілінен кеш сермедік. Сондықтан өлке тарихын зерделеу кезінде жерімізге келген орыс саяхатшыларының еңбектеріне жүгінеміз. Олардың тамаша бір қасиеттері келіп аралаған жерлерінің барлығын күнделік ретінде қағаз бетіне түсіріп отыруы. Әрине, олардың жазбаларында Ресей империясының саясат салқыны да көрініс табатыны шындық.

Sapozhnikov_po_Altaiu.jpgЖерімізге келіп зертеу жүргізген саяхатшылардың еңбектерін оқыған кезде елімізге танымал тұлғалардың аттары да кездесіп қалып отырады. Соның бірі орыс саяхатшысы, географы, ботанигі В. В. Сапожниковтың еңбектерінде Жәшәк бай (Жәшік қажы) туралы кездеседі. Жәшік қажы Қаратайдың Кәлім руынан тарайды, Ол кісі Катонқарағай өңіріне танымал адам болған, ұрпақтары Катонқарағай ауылында өсіп-өнген үлкен әулет. Жерлес жазушы Әлібек Асқаров ағамыз Жазатырдан шыққан академик Рақыметқажы Берсімбаевтың «Өнегелі өмір» атты кітабында: «...Осы Өр Алтайдың құйқалы сілемі, белден белге ұласқан төр жайлауы – Көкжота. Көкжотаның түкті төсіндегі көркем жердің бірі «Моншықтың қыстауы» аталады. Қыстаудың шығысында шошайған шомбал шың – «Жәшік тауы». Есте жоқ ескі дәуірде Меккеге барып қажы атанған Жәшік баба – Рахметқажының түп аталары Құрымбайдың ағасы Құрманбайдың баласы, Моншық – өз бабасы, Берсімбай – бергі атасы, Іскендір – туған әкесі. Шабанбайдың бір жайлауы «Құрымбай саз» аталады. «Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз, ахай, ахах-ау» дейтін кең тараған өлең де бар. Құрымбай Моншықтың әкесі.» - деп жазады.

Сапожников 1895-1899 және 1905-1909 жылдар аралығында Алтайға сан мәрте келіп зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі. Соның бірі 1897 жылдың 9 шілдесінен 21 шілдесіне дейін оның керуені Қосағаштан оңтүстікке қарай Шүй даласы арқылы Тархаты өзенінің бастау алар жеріне дейін жетіп, Үкек үстіртін басып өтеді. Қалғұты, Ақалақа, және тағы да басқа көптеген өзен көлдер мен өзендердің бастау алар мұздықтары арқылы өтіп, мемлекеттік шекара бойымен батысқа қарай жылжып Қара Берел өзеніне, одан әрі Ақ Берел өзеніне асып Берел мұздығына көтеріледі. Бұл жерде олардың алдында мұздықты зерттеп, Мұзтау тауының биіктігін анықтау бойынша үлкен жұмыстар тұрды. Осы сапарында В. В. Сапожниковтың жазбаларында төмендегідей мәліметтер кездеседі: «Әр жерден қазақтардың бай ауылдары кездеседі. Біздің тіккен шатырларымызға көптеген жас жігіттер: «Кімсіңдер? Қайдан, неге келдіңдер? Сататын тауарларың бар ма?, Ер-тұрман, жүген, ат-әбзелдері, кілем, т.б. қажет емес пе?» - деген сауалдармен келді. Осының бәрі әзіл-қалжыңмен, көңілді, салауатты күлкімен астасып жатады. Сауда-саттықа байланысты ұсыныстары мен қызметтері ерен, қызығушылықтары орасан! Мен оларға күшті дүрбімді қарау үшін бергенімде олар таңданыстан құлай жаздады. Жалпы, тұнжыраңқы қалмақтардан кейінгі қазақтардың көңілді тіршілігі бізе бірден әсер етті. Мұның бәрі жақсы, бірақ олардан аттар жағынан сақ болу керек, сондықтан оларға мылтықтар мен револьверлерімізді көрсетуді сылтауратып, түні бойы күзетті алмадық. Жалпы, бізге түнгі күзетті ұзақ уақыт атқаруға тура келді.»

Semipalat_oblast.jpg

Саяхатшылар Қара Берел өзенінен Ақ Берел өзеніне асып, Ақ Берел өзенін бойлап мұздықтарға дейін жетіп орманды алқапқа қайтып оралады. Жолбасшыларының біріне Жәшік байдан союға қойларды қосақтап айдап келу тапсырылады. Оған Жәшік байдың жігіттерінің бірі көмектеседі. Осы эпизод В. В. Сапожниковтың жазбаларында былайша сүреттеледі: «21 шілдеде таңертең ерте жолға шығып, бір сағаттан кейін түбінде күркіреген ағысы қатты бұлағы бар терең сайға келдік, оң жақ төбемізден жылқының құйрығындай төгілген керемет сарқырама күн сәулесіне шағылысып жалтырайды. Сәл төменірек бұл бұлақ оң жақтан келетін екіншісіне қосылып, олардан пайда болған өзен мұздықтан жарты верстей төмен жерде Ақ Берел өзеніне құяды. Баурайының тіктігінен сайдан тікелей өту мүмкін болмады, бізге бұлақ бойымен өрлеп, сарқыраманың жоғары жағынан өту керек болды. Кішкене жалды асып, оң жақтағы бұлақтың бойына қарай тік түсіп, мұздыққа қарама-қарсы биік алқапқа қайта көтерілдік. Берел мұздығын зерттеу үшін бірнеше күнге екі жылы көлдің жанына лагерімізді тіктік. Мұнда келгеніміз өте қайғылы аяқталуы мүмкін оқиғамен есте қалды. Орналасып аттардың ер-тұрманын алып отқа жіберіп жатқанымызда Жәшік байдан қой айдап келу үшін арта қалған Архипов қайғылы түрмен келіп, «қырыз өлді» (ол кезде қазақтарды орыстар қырғыз деп атайтын) деп хабарлады. Мен онымен шұғыл түрде оқиға орнына бардым, Архипов маған болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Олар Берел өзенінің оң жағасын жағалап жүреді, маған бұрыннан таныс жолдағы қауіпті қияда қырғыздың аты сүрініп, атымен тік жар астына ұшып кетеді. Ат әлдебір тасқа тіреледі, ал қырғыз жақпар тастардың бірінен-біріне құлап өзеннің жағасына түседі. Ол оны есінен танған күйде тауып, бетіне суық су шашып есін жиғызады. Архипов екеуміз Ақ Берелден өтіп, жарты сағат жүргеннен кейін балқарағай самырсынының түбінде жатқан, басы қанға бөккен қырғызды көрдім. Оның жағдайы біраз жақсарыпты, күш салып тұрып отыруға жарады. Бас терісі бірнеше жерінен тілінген, бірақ одан да ауыр зақым болған сияқты, арқа тұсының қатты ауырсынуына шағымданды. Басының тілінген жерлерін таңып бердік, арқа жағына көмектесе алмадық. Бақытымызға орай, тағы екі қырғыз келіп қалды, олармен бірге науқасты ауылына жібердім. Бір қызығы, келген қырғыздар өздерінің мертігіп жатқан жолдасын көргенде аз да болса алаңдамады. Мен оларға таңданысымды білдіргенімде, қарт қырғыз: Құдай қаласа жазылып кетер! Тағдыр ғой! - деп таза Мұхаммедтік сенімде жауап қайтарды. Қырғыз Л. Полторацкая да «аса қауіпті жер» деп атап өткен жартастан құлаған. Кейіннен қырғыздың қалпына келгенін білдім.»

В. В. Сапожников 1898 жылы Берел мұздықтарына қайта келеді ол туралы жазбаснда: «16 шілдеде Көксу алқабының бойымен Жәшік байдың жайлауына шықтық. (Жайлау теңіз деңгейінен 2145 метр биіктікте орналасқан.) Біздің Жәшік байға келуіміз ескі танысым ретінде қымыз ішіп, ән айту, би билеу, тіпті түйе мініп тойланды. Былтырғы жылы Ақ Берел өзенінің бойында жардан құлаған жолсерігміз содан кейін он күн жатқанымен аман-есен екен. Бұл, әрине, мені қатты қуантты. 17 шілдеде қонақжай үй иесімен қоштасып, солтүстік бағыттағы жақын жердегі асуға (2560 м) шығып, «Проездной» өзенінің бойымен Ақ Берел өзеніне түстік. Биыл «Проездной» өзенінің бойында бұрын болмаған тәп-тәуір ауыл отырды. Ақ Берелден қырқалап тіке Қатын мен Берелдің су айдыны бөлінетін тұсқа көтеріліп, Қатын өзенінің бойына қарай түстік. Жотаның Катын жақ беткейі бұрынғыдай батпақты еді, бір жолбасшы, сүрінген атпен біршама жерге дейін аунап өтті, бірақ оған ештеңе болмады, өйткені мұнда тас жоқ еді. Кешке Катынның сол жағалауын жағалап жүріп, Катын мұздығының етегіндегі ескі лагерьге жетіп, бұлттан алма кезек көрініп қалған Мұзтаудың шыңдарын тамашаладық.» - деп жазады.

Ресей бюджет статистикасының негізін қалаушы, тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері Федор Андреевич Щербин 1896 жылдан бастап Ресей ауыл шаруашылығы және мемлекеттік мүлік министрлігінің Ақмола, Семей, Торғай далалық аймақтарын зерттеу үшін жасақталған экспедициясын басқарады. Экспедицияның негізгі мақсаты қазақ жерінен орыс переселендеріне көші-қон үшін жер қорын және қазақ халқының шаруашылықтарына қажетті жер нормасын анықтау болды. Экспедицияның қорытындысы бойынша 12 томдық «Материалы по киргизскому землепользованию» атты еңбектер жазады. Оның 9-шы томында 1900 жылы сол кездегі Семей облысының Өскемен уезін зерттеу қорытындылары жазылған. Ф.А.Щербиннің осы еңбегінде Оралхан Бөкейдің арғы атасы Райыс Тезек туралы мәліметтер кездеседі. (Түсінікті болу үшін: Дәулет – Досқұлы – Қисық – Ұзақ – Тезек – Райыс – Исақан – Бөкей – Оралхан.) «Шыңғыстай болысының қырғызы Райыс Тезек 10 жыл бұрын егін шаруашылығын бастаған, жалпы оның көршілерінің егіншілікпен айналысқанына 30 жылдай уақыт болды. Райыстың егістік жері қыстауынан аса алыста емес (1 верст шамасыда) суы мол бұлақтың бойында. Бұлақтан ені 3/4 аршын, тереңдігі 1/2 аршын, ұзындығы 60 сажень арық жүргізілген. Осы арықтар тармақталып егістіктерге жалғасқан. Егістікті суару мынадай тәртіппен жүргізіледі: қырғыздар орысша «загон» деген сөзбен атайтын, ені егістік жердің жағдайына байланысты егістік алқабының бойымен өтетін арық топырақпен бөгеледі, осылайша су егістік алқапқа өтіп, оны суға тотырады; содан кейін олар арыққа екінші бөгеу жасап, суды келесі егістік теліміне жібереді, осылайша бірінші қожайынның бүкіл егістігі суарылады, содан кейін екінші қожайынның егістгін суаруға көшеді. Күніне осылайша 800 шары сажень егістікті суарады, түнде егістікке су жіберілмейді. Алғаш рет егістік себілгеннен кейін 20 күннен соң, биіктігі үш еліге жеткен кезде суарылады, екінші және соңғы суару алғашқы суарудан кейін бір ай өткен кезде жүргізіледі.»

Сондай ақ осы кітапта Райыс Тезектің Қисық руынан тарайтыны, қыстауы Ақшоқы телімінде болғаны, 1899 жылы қарауындағы ауылда 26 ер адам, 20 әйел адам, 9 шаруашылық (әр отбасы бір шаруашылық болған сияқты) 8 киіз үй, 4 ағаштан салынған үй, 75 жылқы, 33 құлын, 9 ірі қара, 8 бұзау, 3 түйе, 98 қой және 4 ешкі болғандығы жайлы, сондай-ақ 4 шаруашылық 20 жылдан астам уақыт бойы егістікпен айналысып, жылына 13 пұт арпа еккен, оларда 4 соқа, 4 борона болған, 9 шаруашылық малдарына 540 күпәнә шөп әзірлеген, жетпеген 75 күпәнә шөпті сатып алғандығы жайлы мәліметтер бар. Жалпы осы кітапта сол кездегі Шыңғыстай болыстығының көптеген адамдарының шаруашылықтарына талдау жасалған.

Жоғарыдағы екі жағдайдағы Өр Алтайды мекен еткен ата-бабаларымыздың жанкештілігі мен еңбеққорлығына таңданбасқа шараң жоқ. Сапожниковтың жазбасындағы «әр жерінен қазақтардың бай ауылдары кезедседі» дегені мыңғырған малы бар қазақ ауылдары жайлы айтылған болса керек. Жас жігіттеріміздің өмірге деген көзқарастары сергек, әзіл-қалжыңға шебер, өнерден де құр алақан емес, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын саудалауға деген әрекеттерін байқаймыз. Бүгінгі техниканың дамыған заманында Мұзтаудың етегіне тік ұшақпен, атпен, жаяу-жалпылай аз күнге барған туристер болмаса жаз жайлау ретінде жайлап отырғандар жоқтың қасы. Сол кезде Жәшік бай теңіз деңгейінен 2145 метр биіктіктегі Мұзтаудың етегіне түйемен көшіп барып жайлап отыруын жанкештілік демеске болмайды. Оралхан Бөкейдің арғы атасы Райыстың ауылының мыңғыртып мал өсіріп, суармалы егін егуі де қажырлы еңбектің көрінісі. Көпшілік жерде айтылып қалып жүретін «қазақ еріншек», «қазақтың қолынан ештеңе келмейді» деген сөздерге жауап қайтаратын нақты мысалдар осы деп білемін. Бүгінде атамекеніміз босап, еңбектен, мал шаруашылығынан бірте-бірте қол үзіп, туған жерін тастап қалаға көшіп жатқан ұрпағын көрсе, кешегі жанкештілікпен өмір сүрген, туған жерлерін қызғыштай қорыған ата-бабаларымыз не дер еді?...

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений