Асанбай деген байдың Марқа деген ақылына көркі сай сұлу қызы болыпты. Оған алыс-жақын ауыл жігіттерінің бәрі ғашық екен. Бірақ Марқа қыз ауылдасы, батыл да ержүрек, жылқышы Балағазы деген жігітпен сөз байласып жүріпті. Қызға сырттай ғашық болып жүргендердің бірі Жылымбай деген пасық жігіт өз қолы жетпейтінін біліп, қалмақтың ұрынхай тайпасының батыры Доланқараға барып, қыздың сұлулығын, бірақ жігіті барын айтады. Асанбайдың ауылын шауып, Балағазыны өлтіріп, малын Доланқара, қызын Жылымбай алмақшы болып келіседі. Жекпе жекте Доланқара өліп, Жылымбай мен тағы бір қарақшы Марқа қызды ұрлап алады да көлге лақтырады. Содан көл Марқа қыздың атымен Марқакөл атанса керек.