kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Алтайға ат басын бұрған сәт

Berel NazarbaevКөпшілікке мына тарихи суретті ұсынуды жөн көрдім. Бұл тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасымыздың Катон­қарағай ауданына алғаш келген кездегі Берел ауылының маңында, сол кездегі аудан басшылары мен Катонқарағай марал кеңшарының еңбеккерлерімен түскен суреті. Әрине, Елбасымыз шырайлы шығысқа, оның ішінде жер жаннаты аталған Катонқарағай жеріне одан кейін де сан мәрте ат басын бұрғаны белгілі. Соның ішінде ауданымызға Елбасының алғаш келуі жерлестеріміздің жадында қалып, әлі күнге тамаша бір сезімдермен еске алып отырады.

Сол жылы жаз ерте шықты, алғашқы күндерінен бастап жауынды болды. Сондағы жауған жауын ерекше есімізде қалыпты. Неше күн күндіз-түні жауған жауынның әсерінен Бұқтырма өзені ат құлағына шыға тасып, Катонқарағай жұртшылығын бірталай әбігерге түсіргені де есімізде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты тікұшақтың ұшуы­ мүмкін болмағандықтан Н.Ә.Назарбаев бастаған делегация ­ Рахман қайнарларына дейін автомобильмен жүріп өтетінін естіп-біліп отырдық. Делегация мінген автомобильдер кортежі Катонқарағай – Аққайнар (сол кезде Черновая) - Жамбыл - Рахман қайнарлары бағытындағы асфальті жоқ жолмен жүріп өтті.

Жол бойындағы ауылдардың тұрғындары Президент мінген көліктерді алыстан болсын көріп қалу үшін сорғалаған жауынның астында сағаттап тұрған еді. Ертеңгі күні таңертең күн шайдай ашылып Н.Ә.Назарбаев бастаған делегация тікұшақпен Берел ауылының маңындағы марал қыстағының жанына келіп қонып, Катонқарағай марал кеңшарының еңбеккерлерімен кездесті. Мына сурет сол кезден қалған естелік.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының егемендігін жариялап, тәуелсіздік алғаннан бастап, тәуелсіздікті алудан гөрі оны қорғап, сақтап қалу аса қымбат екендігін баса айта отырып, оны дұрыс даму жолына түсіре білді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды. Басқа жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың арқасында сыртқы саясатымыз бекіп, әлем мемлекеттері арасында беделі арта түсті. Өткен жылдар ішіндегі Елбасының еліміз үшін жасаған ерен еңбектері ел жадында мәңгі қалары сөзсіз.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінің ауыртпалығы аз болмады, осы ауыртпалықтарды халықпен бірлесе отырып еңсеріп, алдымен мемлекеттік рәміздеріміз аспан түстес көк Туымызды, ортақ шаңырақ бейнеленген Елтаң­бамызды, шырқағанда жүрегіңді жігерлендіретін Гимнді бекітіп, бар әлемге паш етті. Ұлттық валютамыз – теңге айналымға шықты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерімен арадағы шекарамыз бекітілді.

Иә, бір қарағанда бұл игіліктерге оп-оңай қол жеткен сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал шын­дығына келгенде, бұл – нағыз жанкешті ерлікке тұратын Елбасының сұңғыла да сындарлы сыртқы саясатының жемісі екендігінде күмән жоқ. Бұлайша айтуға үлкен негіз бар. Айта берсек, мұндай мысалдар өте көп. Оңды өзгерістерді әр облыс пен аудан өмірінен көруге болады, өйткені, тәуелсіздік шұғыласы кең-байтақ қазақ даласын қамтыды. Айтуға ғана оңай осы жаңарулар мен дамулардың астарында ел бірлігі мен тірлігінің, Елбасымыздың еселі еңбегі мен маңдай терінің қаншама сыры жатыр десеңізші...

Дүйсен БРАЛИНОВ

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений