kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

XIX ғасырдың басы Өскемен бекінісі үшін ерекше кезең болды. 1804 жылы ол қала мәртебесін алды. 1822 жылғы Жарғы бойынша, Өскемен – халық саны бойынша, сирек қалалар разрядына жатқызылды.  Ғасыр бойында Өскемен қаласының әкімшілік құрамы бірнеше мәрте ауысып үлгерді.

1822 жылы Өскемен -  Омбы, 1836 жылы – Томскі, 1854 жылы – Семей облысының құрамына кірді.  1869 ж. Семей облысының құрамында жаңа Өскемен уезі қалыптасты, орталығы - Өскеменде болды. 1917 ж. дейін Өскемен қаласы уездік қала саналды.  Өскемен Синьцзянь, Кашмир, Тибетпен сауда-саттық жүргізудің маңызды байланыс пункті саналды. Семей, Өскемен, Зайсан арқылы орыс-монғол саудасы жүзеге асты.

19 ғ. 30 жылдарынан Ертіс бойында жеке алтын өнеркәсібі дами бастады. Алтын өндірушілер көбінесе Өскеменде тұрды.
1825 ж. тұрғындар саны 1304-ке жетті: ерлер – 891, әйелдер – 413.

19 ғ. 1- жартысында Өскемен қаласы нақты атауы да жоқ қисық көшелер мен қиылыстары бар түкпірдегі қалашық болды. Қалада 207 ағаш үй, тоғыз отыратын орын, бір ішімдік үйі, бес майдагерлік кәсіпорын мен жалғыз шіркеу болды. Тастан қаланған үйлер болған жоқ.
Күз және көктем мезгілдері көше балшығы аяқ алғысыз еді. Тұрғындар бұл мерзімде үйден шықпауға тырысатын. Қала өмірі бірқалыпта, тыныш өтіп жатты. Мектеп, кітапхана, театр болған жоқ, есесіне, шарап ішу орындары барынша жұмыс істеп тұрды. Ұрыс, жанжал, өсек айту қалыпты жағдайға айналды. Маскүнемдік ерекше орын алды. Осы мәселе төңірегінде «Сібір» газеті: «Қаладағы төрт мың тұрғында 18 кабак бар, жылына ұсақ-түйек шараптарды есепке алмағанда, 9000 шелек арақ ішіледі»,- деп жазған.
Кейбір ауқатты ата-аналар, мектептің жоқтығынан балаларын Омбы, Томскі, Семей, кейде тіпті Ресейдің орталық қалаларына оқуға жіберген. Өскеменде дін қызметшісі немесе чиновниктер жекелеген үйлерде сауаттылыққа оқытқан. Тұрғындардың көпшілік бөлігінің балаларын оқытуға мүмкіндіктері болмады.

1837 жылы Өскемен қаласында татар мешітінің жанында ерлер мұсылмандық мектебі, кейінірек – тоғызыншы казак полкінің осында орналастырылған ұлдарына арналған мектеп ашылды. 1861 ж. аталған мектепте 20 оқушы оқыды.

1863 ж. ерлер және әйелдер приходтық училищесі ашылып, олар бір ғана шағын, ағаш үйде оқытылды. Училищенің алғашқы ұстазы – коллеж тіркеушісі Василий Иванов болды, ол Томскідегі кантонистердің жартылай батальондық мектебін тәмамдаған. 1868 ж. 1 қаңтарда ерлер училищесінде -36, ал әйелдер училищесінде – 12 оқушы болды.

1881 ж. ерлер приходтық училищесі қалалық үшсыныпты училищеге айналды.

1874 ж. Өскеменде қазақ тұрғындарын сауаттандыру мақсатында қазақ ер балаларға арналған интернет ашылып, 1885 ж. қайта құрылды, ал 1894-1895 жж. ауыл шаруашылық мектебі ашылды. 19 ғ. соңында ауыл шаруашылық мектебінде орыс және қазақ балалары бірге оқитын болды.

1888 ж. шіркеу-приходтық мектеп ашылды. 19 ғ. соңында тағы бір ерлер приходтық училищесі ашылды.
19 ғасырда экспедициялары барысымен Өскемен қаласына Александр фон Гумбольдт, Владимир Афанасьевич Обручев, Григорий Николаевич Потанин, Василий Васильевич Сапожников, Петр Александрович Чихачев, Григорий Ефимович Щуровский тәрізді көрнекті ғалым-саяхатшылар келген.

1829 ж. М. Муравьев-Апостол Бұқтырма бекінісіне жер аударылып бара жатып, Өскемен қаласы арқылы өткен.

19 ғасырда Өскемен қаласына жер аударылғандар саны біршама болды: А. В. Бяловеский, С. С. Гросс, А. Л. Блек, Н. И. Долгополов, Ц. О. Тэраевич, О. Ф. Костюрин, А. Н. Федоров, В. Л. Иньков, В. Ф. Гинтовт-Дзевялтовский, и. В. Емельянцев. 1882 ж. Семей қаласынан Е.П.Михаэлис қоныс аударады. Олар Өскемен қаласы мәдениетінің дамуына көп еңбек сіңірген. Солардың арқасында 1896 ж. кітапхана, 1899 ж. қалалық бақ, 1897 ж. шіркеулік-приходтық училищенің негізі қаланды.

1886 ж. О. Ф. Костюрин ұста орнын, кейін шеберхана ашып, қаражат қаланы көркейтуге, халықтық білім беруді дамытуға жұмсалып отырды.
Қала тұрғындары су тасқынынан үлкен зардап шекті. Әсіресе, қатты су тасқыны 1891 ж. 14-17 сәуірде және 1892 ж. 28 наурызда болған.
Елде 19-20 ғасырда, Өскеменде 1897 ж. 1297 үй, 2 шіркеу болды. Қала өнеркәсібінен қысқа былғары, сабын қайнату, май зауыты, қой терісі және кірпіш зауыттары болды, олардың әрқайсысында 1-2 адамнан жұмыс істеді.

1897 ж. Ресей империясының алғашқы Жалпы халық санағының қорытындысы бойынша, Өскемен қаласында 8721 адам тұрған, оның ішінде 4552 ерлер, 4169 әйел адамдар.

20 ғ. басында Өскемен қаласы барынша гүлдене түсті. Б.Г.Герасимовтың айтуынша 19 ғасырда «Өскемен – таза, көңілді қалаға айналды. Соңғы жылдары қаланың сәнін келтірген көптеген бақтар пайда болған».

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений