kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Kokpekty1919 жылдың тамызындағы партизан қозғалысы таулы және далалы Алтай аймағына түгел тарады. Шығыс Қазақстанда Н.Г.Тимофеевтің басшылығымен партизандар полкі мен «Таудың қызыл қырандары» партизан отрядтары тынбай ұрыс салумен болды. Батыс Сібірден Қызыл әскерлер көтерілгенде алтайлық партизандар Семейге жақын келіп жергілікті жасырын ұйымға 1919 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түндегі қарулы көтерілісті көтеруге көмек берді. 2 желтоқсанда Семейде, ал 10 желтоқсанда Көкпектіде Кеңес үкіметі орнады. Вавилов, Чернов, Ибраев құрамына кірген ревком ақ гвардияшылардың қалдығынан қорғану үшін құрылды. 1919 жылы 18 желтоқсанда Көкпекті Бабенконың партизандық отрядының құрамына кірді. Бұл отряд құрамына көптеген көкпектіліктер мүше болды. Олардың қатарына М.Исабаева, Дмитрий Гольцов, Кәріпбай Танашев, Кенесары Бокин, Усов, Самохин және басқалары кірді. Еріктілермен толығып, қатары молая түскен партизан отрядтары Анненковтың бандылары қарсылық көрсетіп отырған Сергиополь бағытына қарай сапарға шықты. 1920 жылдың қаңтарында Көкпектіге Қызылдар әскерінің 59-шы атқыштар дивизиясының 177-ші бригадасы келді, оны әскери комиссар Н.Трофимов басқаратын. Олар Көкпекті аумағымен Қытай шекарасына қарай тықсырылған ақ гвардияшылардың қалдығын құртумен айналысты. Ақ гвардияшылар мен алашордалықтар шығысқа қарай жылжып бара жатып Кеңес үкіметінің жақтастарын атып, бейбіт тұрғындарды тонап, айуандықпен өлтіріп отырды. 1920 жылдың наурыз-сәуір айларында бандылардың сарқыншағы толықталқандалып тұтқындалды. Қытайға бараржолда алашордалықтардың қалғаны ұсталды. Аудан аумағында азаматтық соғыстың соңғы жаңғырығы өшті. Кеңес өкіметін нығайтып, социализм құрылысы үшін күрес басталды. РКП(б)-ның Көкпекті аудандық бюросы 1920 жылы 5 шілдеде құрылды, оны Семей қаласындағы губерниялық партия комитетінің өкілі Панафизинмен бекітілді. Саяси және экономикалық өмірден шалғайдағы Көкпекті ауылы дамудың нық жолына түсудің нақты нұсқаулары мен бағытын жете білмейтін. Көкпекті ауылында аудандық комитет құрылған соң, мүсылмандардан 1920 жылы тамызда Қырғыз- татар секциясы бөлініп, оның төрағасы болып коммунист Искаков тағайындалды. Оған қырғыз болыстықтарында коммунистік ячейкалар ұйымдастыру тапсырылды. 1921 жылдың 11 қаңтарында Көкпекті аудандық комячейкалардың өкілдерінің партиялық конференциясы етті, онда 1921 жылы 20 қаңтарда болған облыстық конференцияға делегаттар сайланды, Коммунистер халық шаруашылығын орнату жолында күрес жүргізіп, аудан экономикасын көтерді. Аудандық РКП(б)-ның Семей қалалық бюросына 1920 жылдың қарашасында жіберген құжаттарының бірінде Көкпекті ауданының жері сары топырақты, сондықтан суармалы жүйені пайдалану керек деп жазылған 1910-1920 жылдар аралығында тек екі рет қана дәнді дақылдар мен пішеннен жақсы өнім алынған (1912, 1919 жж). Аудан түрғындарының саны 50000 адам. Оның 10000 бес болысқа бөлінген орыстар, 40000-ға жуығы 8 болысқа біріктірілген қырғыздардан болды. Байырғы түрғындар тек Көкпекті және Үлкенбөкен ауылдарында тұратын. Қалғандары 1910-1915 жылдары келген жер аударылғандар еді.

Округ орталығы болған Көкпекті ауылы кейіннен Семей губерниясының Зайсан уезінің құрамына кірді. 1928 жылы уездер жойылып, жаңа әкімшілік бөліктер аудандар пайда болды. Қазіргі Ақсуат ауданы жаңа атау, «Қызылтассай» деп аталып, жеке аудан болды. Ал Көкпекті ауданы 5-6 ай жаңадан құрылған Үлкенбөкен ауданының құрамында болды да, содан кейін 1930 жылға дейін Самар ауданының құрамына енді. 1930 жылдың қазан айында Көкпекті ауданы қүрылды, 1933 жылы екі ауданға - Көкпекті және Ақсуат аудандарына бөлінді.

Kokpekty s vyshkiАудан экономикасы туралы сол кездегі жазба деректерден білуге болады. Көмір Көкпекті өзенінің бас жағында орналасқан, Үлкенбөкен маңында да көмір табылған. Гипс Көкпекті ауылынан 42 километр жерде орналасқан Қойтас тауының беткейінде бар. Ап торф Биғаш қойнауында, оны жергілікті тұрғындар пайдалануда. Көлтау тауында графит бар, оны он жыл бұрын семейлік кепес Плещеев қазып, пайдаланған. Ал Қаратау тауындағы графит кенін 1862 жылы граф Мамонтов ашқан. Тұз кеніші Комсомолдың сыртындағы Қарасу деген жерде болған. Көкпектінің оңтүстігінде және Петропавловкада әк орны бар, онда «Коминтерн» совхозы әк күйдірген. 1929 жылы ауданда ұжымдастыру басталды. Шаруалар алдымен артелдерге бірікті. Ауданға Белое ауылынан келген 12 шаруа алғашқы коммунаны құрды, ол «Червонный Гай» деп аталды, оны ұйымдастырушылар Яков Пильгук, Филипп Колтунов, Иван Госимченко, Александр Боцман, Захар Вражеев болды. Олардың үлгісімен басқалар да біріге бастады. Содан кейін Московка ауылында «Маяк» атты коммуна құрылды, ал Шұғылбайда - «Мелитополь» коммунасы. Кейінірек Преображенкада «III Интернационал» колхозы, Белое ауылында «Октябрь», Теректіде - «Комсомол» кол- хоздарын ұйымдастырушылар Трофим Данченко, Кузьма Дегтяров, Яков Пильчук, Иван Личков, И.Сухорукое, И.Чернов, Я.Ампилогов, В.Бездольный, А.Чернышев, Ф.Тарасенко және басқалары. Ауқымды үгіт-насихат жұмысының арқасында жергілікті партия және кеңестік белсенділер 1930 жылы 9-10 қаңтарда Көкпекті ауылында «Единение» колхозы құрылды. Көкпекті ауданының құрамына қазіргі Көкпекті және Ақсуат аудандарының аумағы кірді, тек Үлгілімалшы совхозының жері ғана болған жоқ. Аудан орталығын Қызылтас ауданынан Көкпектіге ауыстыру уақыт талабына сай, ыңғайлы болды. Көкпекті ауылы облыс орталығына жақбін ескі керуен жолдарының үстінде, ең бастысы мәдени және техникалық жағынан дамыған еді. Мұнда кооператив, мектептер жұмыс істеп тұрды, Өрнек МТС құрылды. Аудандық партия комитетінің алғашқы ғимараты кейіннен ұзақ жылдар Горький атындағы мектептің интернаты болған ғимарат еді. Алғашқы хатшы Д.Шарафиев болды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып Хамит Балтабаев сайланды. Аудандық партия комитетінің аппараты бірінші хатшы, екі бөлім меңгерушісі және іс жүргізушіден тұрды. Аудандық халыққа білім беру бөлімінің алғашқы меңгерушісі Тұрлыхан Хасенов еді, ол кейіннен жазушылыққа кетті. Көкпекті ауылының мәртебесі мұнда «Гигант» совхозының орталығы орналасқандықтан да жоғары болды, Көз алдыңызға елестетіңізші, «Гигант» совхозыңызға аумағы сол кездегі Семей облысының жартысына жуығын, Шығыс Қазақстан облысын да қамтитын. Бас директоры Хомутов болды. Алғашқы кезде өндірістік, әкімшілік және тұрғын үй нысандары жетпеді. Ауыл тұрғындары ұкемекке келді. 1931 жылы қыстай құрылысқа қажет кірпіш құйылды. Алайда орталықта отырып үлкен шаруашылықты басқару мүмкін болмады. Сондықтан 1931 жылы «Гигант» совхозы таратылып, бұрыңғы «Коминтерн», «Шегелек», «Большевик», «Скотовод» бөлімшелері жеке-жеке совхозға айналды. «Гигант» совхозының соңынан жақсы естелік-баспахана қалды. Бул баспахана- да 1932 жылдың мамыр айында «Красный скотовод», «Үлгілімалшы» газеттерінің алғашқы сандары шықты. Газет редакторының орнына атқару комитетінің төрағасы X.Балтабаев қол қойды. Ол екі қызметті де бірге атқарды. «Гигант» бөлінген соң ауданда 20 колхоз болды. Олардың бірқатарының атауы: «Бескедей», «Толағай», «Вулкан», «Красная поляна» және басқалары.

Kokpekty meshetСол жылы ауданда колхоз жастарының мектебі - КЖМ ашылды. Ол бүгінгі Көкпекті ауылдық кеңесінің ғимараты болатын, қазіргі күні ол ғимарат жоқ. Бір сөзбен айтқанда 1930 жыл аудан үшін экономикалық даму жолы болды 1933 жылы ауданға ең алғашқы трактор ал 1935 жылы алғашқы комбайн келді. Колхоздар мен совхоздарға ауылшаруашылығы техникасы көптеп түсе бастады, 1940 жылы ауданның егіс алқабында 167 трактор мен комбайн жұмыс істеді, оның 144-і доңғалақты, 13 жүк автокөлігі болды.

1941 жылы маусымда Ұлы Отан соғысы басталғанда біздің ауданның тұрғындары да, еңкейген кәрісі, еңбектеген баласына дейін ұрыс даласындағы жауынгерлері Жеңісті жақындату үшін аянып қалған жоқ. Алғашқы күннен-ақ фашист басқыншыларымен шайқасқа біздің жеслестеріміз де қатысты. Москва түбіндегі ұрысқа біздің жерлестеріміз Пестерев Георгий Иванович, Скударнов Дмитрий Андреевич, Әбішев Уақас, Қайырқанов Нүкеш, Хамитов Багаутдин, Беспаев Әнуарбек, Хамитов Заир, Смолянинов Иван Константинович, Скударнов Прокопий Яковлевич және басқалары болды. Сталинград түбіндегі жанқиярлық ұрысқа жерлестеріміз Калашников Иван Савельевич, Калачиков Константин Иванович, Беспаев Ғабдулхан, Бойков Николай Егорович, Нажмиев Гариф сияқты ерлеріміз қатысты. Орел мен Курск түбінде Әбінге Ақан. Нұрмұханов Қасен, Біткенбаев Биахмет, Дүйсенбаев Құмар, Шәкіров Камел ерлік керсетті. Осы жерде Бирюков Николай, Өріспаев Солтанбек, Оспанов Садри, Беспаев Сабир сияқты әскери училищенің курсанттары алғашқы ұрысты қабылдады. Белоруссияның ормандарындағы партизандар қатарында Рамазан Әбдіғалиев ұрыс жүргізді. Авдеев, Аухадиев және Константинов сияқты ұлдарымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 584 ардагер орден, медальдармен марапатталды. Біз Жеңіс үшін қару жасап, нан өсірген тыл ерлерін де ешқашан да ұмытпаймыз. Майдан даласынан жаңалықтар ұшбүрышты хаттар, қаралы «Қара қағаздар» мен Совинформбюроның хабарлары арқылы жетіп тұрды. Жеңіс үшін қантөгісте жүрген жауынгерлерімізге нан, ет, май қажет болды, онымен қамтамасыз ету үшін елде қалған әйелдер мен кәрілер, жас балалар еңбек етгі. Жап-жас қыздар тракторға отырды. Көкпекті совхозында броньмен қалған Смағұлов Баққажы әйелдердің егіс бригадасын құрды, олардың арасында К.Ақшолақова, М.Даниярова, А.Исабаева, М.Әжікенова және басқалар болды. Көкпекті жеріне елдің батысынан қоныс аударғандар келе бастады. 1941 жылдың 19 қазанында алғашқы қоныс аударушылар келді. Көкпектіліктер жол бойы азаптың не түрін көріп, уақыттарынан ерте есейген, азып-тозған адамдарды жылы қарсы алды. «Еңбек» колхозының директоры Фазылжан Шаяхметов пен кеңес мүшелері оларды қарсы алып, жұмысқа тұрғызды, қолдарында барымен бөлісіп, көмек көрсетті. Бүгінгі күні біз тыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше бағалаймыз. Бұлар Главанарев Николай Николаевич, Вишнякова Антонида Михайловна, Бычкова Клавдия Георгиевна, Чмых Василий Андреевич, Сәдуақасов Қайдар, Мертенц Галина Августовна және басқа да көптеген адамдар Ұлы Жеңіс үшін аянбай тер төкті. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін»-деген ұранмен аянбай, жанкештілік көрсеткендердің арман-үміті орындалып, еңбегі ақталды.

Көкпекті аудандық мемлекеттік мұрағатының материалдарынан.

Жұлдыз. -2009. -24 қазан.– Б.2 (Көкпекті аудандық газеті).

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений