Топқайың ауылы - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Тұрғыны 756 адам (2009).
Бұл ауыл Алтай тауының бөктерінде орналасқан және ондағы ең биік шыңдардың бірі, Бүркіт шыңынан бастау алатын, Бүркіт өзенінің жағалауында орын тепкен ауыл. Бүркіт өзені ауылдың төменгі жағынан ағып өтетін Күлмес өзенінің арнасына барып қосылады, ал ол болса Қазақстанның ірі өзендерінің бірі Бұқтырма өзеніне барып қосылады.
Сонымен қатар ауылдың оң жағында Қоңқай тауы бар. Ол таудың ұшында еліміздің көк
байрақ туы желбіреп тұр. Оның орта тұсында Топқайың ауылының шығысында Кеңарал деген жерде «Есімхан жұрты»,- деген тоғай бар. Ертеде сол жерде «Есімхан»,- деген ауқатты бай тұрып, өз үйінде балаларға арабша хат таныту мақсатында сартпа, ноғайма молда ұстап балаларды арабша оқытқан екен.
Топқайың ауылындағы арабша білген ақсақалдар сол Есімханның молдасынан оқыған көрінеді. Олар-Бозжігіт ақсақал, Сәмеков Әліп, Жаңбырбаев Ахмади, Жомартов Ахмет т. б. Олардың қазір бірі жоқ. Ауылдағы ең алғаш арабша хат таныған осы ақсақалдар еді. Бозжігіт ақсақал кезінде коллективтендіру ісіне қатысып, колхоз бастығы , ауылдық кеңестің төрағасы, мал дәрігері болып қызмет атқарған, зерделі ақсақал болды.