Иванов, А. Мәңгі дабыл [Мәтін] : роман / А. Иванов; орысшадан ауд. Х. Хасенов. - Алматы : Жазушы, 1985. - 784 б.
Иванов, А.Тени исчезают в полдень : роман / А. Иванов. - Астана : Фолиант, 2018. - 704 с. - (Абай әлемі).
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, жазушы жерлесіміз Анатолий Степанович Ивановтың «Мәңгі дабыл», «Тени исчезают в полдень» романдарында Кенді Алтайда Кеңес үкіметінің орнауын сипаттайды. Романдағы Шантара – автордың туған ауылы - Шемонаиха. «Мәңгі дабыл» - Кенді Алтайдағы шаруалар отбасы - ағайынды Антон, Федор, Иван Савельевтардың драмаға толы өмірінен сыр шертеді. Осы екі роман–эпопея 70 жылдардағы оқырмандар үшін Отан тарихының тірі куәгері іспеттес болды. Оқырмандарды мейірімділік пен зұлымдықты айыра білуге, тағдыр тауқыметіне қайыспауға, адам рухының көтерілуіне, адамгершілік қасиеттің құлдырауы сияқты өмірдің бар қырын сезіне білуге үндейді.
2009 жылы Шемонаиха қаласында даңқты жерлесіміздің «Тени исчезают в полдень» романының кейіпкері Мария Вороноваға монумент орнатылды. Қаланың кіре берісіндегі биік төбеде «Мария жартасы» деп аталатын биіктігі алты метрлік скульптурада жігерлі әйел бейнесі қарап тұр. Жазушы шағармашылығын зерттеушілердің айтуына қарағанда бай-құлақтар роман кейіпкері Мария Воронованы тура осы жерде өлтірген көрінеді...
«Мария жартасы» - Шемонаиха қаласының визиттік карточкасы іспеттес. «Үлбі» өзенінің жағалауындағы тамаша табиғат аясында орналасқан жартас маңы күз айларында гүлге шомылып тұрғандай. Жастардың, үйленіп жатқан жас отау иелерінің тәу етіп, гүл шоқтарын қоятын тамаша тарихи, әрі әдеби орын. Махаббат пен адалдықтың символы.
.