kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(1912-1984 жж.)

Ohin BurahӨр Алтайды мекен еткен көзі ашық, көкірегі ояу, зерделі, зиялы азаматтардың бірі - сол замандағы діни білімі бар имам Оқа болатын.

Оқаның Бурахан, Бұйдахан, Жиынды атты үш ұлы болған. Бұйдахан Ұлы Отан соғысына қатысып, офицер шенінде қаза тапқан.

1912 жылы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында туған

Бурахан 1941 жылы майданға шақырылады. Жас жігіт жастық жігермен герман фашизміне қарсы соғысуға аттанады. Бір топ жерлестерімен поезда кетіп бара жатып бір станцияға тоқтайды. Ол кездегі поезда ыстық су-кипяток болмайды екен. Ыстық суды тек станциядан ғана алуға болатын. Ауылдан шыққан бес–алты қазақ шай ішкілері келіп, поездан түсіп станцияға су алуға кіреді. Бұлар тегі көп айланып қалған ба, су алып шықса поезд жүріп кетіпті. НКВД адамдары тоқтатып, «майданға барғыларың келмей әдейі түсіп қалдыңдар» - деп кінәләп, сұрақтың астына алады. Ешнәрсенің байыбына бармастан басқа поезға отырғызып жібереді. Сөйтіп катонқарағайлық бір топ жігіт   бағы ма, соры ма, майдан даласына емес, Сібірдің қаласына бет алған поезға отырып, еңбек армиясына тап болады. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген осы шығар.    Соғыс басталысымен батыстағы ірі зауыттардың шығысқа, Сібір қалаларына көшіріліп жатқан кезі еді. Сондай зауыттардың бірі – Свердловск облысының Белка руднигіне шахтер болып еңбек армиясына кіреді. Еңбек армиясында жұмыс өте ауыр болды, тоя тамақ ішпей, жылы киімсіз қақаған аязда тәулігіне 10-14 сағат жұмыс істеген. Аты айтып

Ohin burahan

 тұрғандай, отқа төзімді «Огнеупорная глина» деген ақ топырақ қазып, одан метал балқытатын қазан жасаған. Майданға жіберілетін қару-жарақ жасайтын металды осы қазанда балқытатын. Демалысты білмей, жанталаса қимылдап жеңіс жолында еңбек етті. Еңбек армиясындағы жанталасқан жұмыс майдандағы алғы шептен еш кем емес еді. Ауыр жұмысқа шыдамағандар майдан даласындағы қарша бораған оқ астында жүруді артық санап, соғысқа сұранып, майданға кетіп жатты.

Адам төзгісіз жағдайда Жеңіс жолында еңбек еткен әкем 1947 жылы ауылға оралды. Мектеп оқушыларымен кездесу сәтінде

айтқан әңгімесінде: "Көппен көрген ұлы той" дегендей жанымдағы басқа да азаматтармен бірге аштыққа да, ауыр еңбекке де төздік, жан аямай жұмыс жасадық.Соғыс жылдары - қай-қайсымызға да оңай болған жоқ. Жауды жеңу үшін бәріне де төзуіміз қажет болды", -  деген еді. Есепші мамандығының қыр-сырын меңгерген әкем зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, еңбектен қалған жоқ. Анамыз Зиба да тылдағы еңбек ардагері. Соғыс жылдарында темір тұлпар-трактордың құлағында ойнап, ер-азаматтардың жоқтығын білдіртпей, еселі еңбегімен көзге түскен қайсар жан. Отбасында алты қыз, екі ұл өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған әкеміз, еңбек армия ардагері Охин Бурахан 1984 жылы өмірден өтті. 

Гүлсім Бураханқызы. Атырау қаласы.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений