kl kz



>
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

kazahi v trudarmiiҰлы Отан соғысы кезеңі тарихында еңбек армиясына шақырылғандардың тағдыры осы уақытқа дейін «ақтаңдақ болып қалғанын атап өту әділдік болар еді. Сұрапыл соғыс жылдары еңбек армиясына республикадан 200 мыңнан аса қазақ шақырылды.

Олар Сібір, Орал, Орталық Ресей аймақтарындағы өнеркәсіп орындарына жұмысқа жіберілді. Тарихи деректер бойынша, олардын 20 мыңы Орал өнеркәсіп орындарына, 16 мыңы Кузбасқа, 13 мыңы Магнитогорск комбинатына жіберілген. Бұл аймақтардағы архив қорында еңбек армияшылары туралы көптеген деректер хатталғаны сөзсіз.

Сол бір жылдары еңбек армиясына шақыру әскери комиссариаттар, жергілікті партия, кеңес органдары, қаһарлы НКВД жүйесі арқылы жүргізілді. Адамдарды шақыру және оларды әрі қарай кәсіпорындарға жөнелту көбіне олардың денсаулығы, қарапайым тұрмыс жағдайы ескерілмей жүргізілді. Еңбек армиясына алынғандарды жергілікті әскери комиссариаттар жинақтаса, ал оларды жеткізуді және кәсіпорындарға тапсыруды НКВД қызметкерлері орындады. Еңбек колонналарының әскери комиссариаттар арқылы шақырылған, қарапайым халықтан жасақталған отрядтары, депортацияланған және басқа да сенімсіз адамдардан құралған еңбек колонналары еңбекпен түзеу лагерьлерінің режимінде ұсталды. Еңбек армияшыларының бұл екі санаты қатарындағылардан құралған үлкен топтар Қазақстаннан тыс жерлердегі кәсіпорындарға жіберілді. Еңбек армиясындағылар зауыттар мен шахталарда, бұрғылау мұнараларында ауыр жұмыс істеп, ағаш құлатып, көпірлер салып, көмір мен кен қазды. Еңбек армиясы құрамының еңбегі бүкіл ауыртпалығымен каторгалык жағдайға тепе-тең болды, олар казармалық режимде ұсталды. Әскери адамдармен салыстырғанда еңбекке шақырылғандарды керек-жарақпен жабдықтау, олардың жалпы жағдайы екінші кезекте түрғанын атап өту керек. Еңбек армиясына алынған мыңдаған қазақ Оңтүстік Оралдағы ірі өнеркәсіп орталықтары: Свердловск(қазіргі Екатеринбург), Молотов (қазіргі Пермь), Нижний Тагил, Магнитогорск зауыттарында, Кузбасс көмір шахталарында, Челябі, Красногорск жылу электр орталығы, көмір бассейнінің шахталары мен құрылыстарында еңбек етті. Еңбек армиясындағы он мың қазақ 1942 жылдың қақаған қысында ашық аспан астында 30-40 градус аязда Магнитогорскінің 6-шы домнасы үшін қазаншұңқыр қазды. Қазақтар ең ауыр жұмыстарға жегіліп, құбырларды тиеу, түсіру, тасу, балғашылар ретінде пайдаланылды.

Соғыс жылдары еңбек армиясына алынып, еңбек еткендер туралы Пермь өлкесі Гремячинск қалалық архиві қорындағы «1942-1945 жылдары Гремячинск поселкасындағы көмір шахталарын салу жұмыстарында өлгендердің тізімі» деп аталатын істегі құжаттар мәліметі бойынша осы шахтада қоян-қолтық еңбек еткен қазақ, даргин, лезгин, авар, украин, өзбек, түркмен, орыс, қырғыз, молдаван, мордва, чех, чуваш, абазин, татар, еврей, поляк, неміс ұлтының өкілдері аштықтан, жұқпалы аурудан, суықтан баудай қырылған. Аталған архив қорындағы деректер бойынша 1943 жылы шахта құрылысына қаңтар айында Қырғызстаннан, 4 ақпан және 16 сәуір күні Қазақстаннан, 16 шілдеде Түркменстаннан еңбек армияшыларын алып келген (с.10. Книга памяти. Российская Федерация. Пермский край, Гремячинский район. - Пермь, 2014). Еңбек армияшылары даладан сәл жылы болатын тоң жерден қазған жертөледе тұрды. Еңбек армиясы қатарында ну орманда ағаш кесу, жол салу, шахта қазу, теміржол салу, жаңа салынып жатқан қалаға аса қажетті аурухана, мектеп, клуб, әкімшілік, тұрғын үй ғимараттарын салу жұмыстарына қатынасты. Олар еңбек еткен көмір шахталарындағы жұмыстың көпшілігі қол күшімен атқарылды. Шахта шурфына түсу-шығу жұмыстары да қолмен атқарылды. Шахтадағы көмір қазу ұңғымасына дейін жаяу барып, жаяу қатынап жұмыс жасады. Өндірілген көмір вагонеткаларға қолмен тиеліп, түсірілді. Олардың көпшілігі шахтада ғана емес өндірісте мүлдем жұмыс істемеген, орыс тілін нашар білетін және ауа райының өте суықтығына, адам тынысын тарылтатын аса терең шахтадағы жаңа жұмыс орнына үйрене алмады. Оның басты себептерінің бірі - еңбек армиясына алынған казақтардың көпшілігі қарапайым колхозшылар болатын.

Соғыс жылдары жаңадан салынып жатқан көмір шахтасында бұрғылаушы, кейін инженер болып қызмет атқарған, еңбек ардагері В.Р.Гебель өз естелігінде: «Маған көмекші ретінде бөлінген Дәулетбаев орта жаста, шымыр денелі, қайратты, оншақты орыс сөзін ғана білетін қазақ. Оның негізгі міндеті шпурды (тау жыныстарын қопару үшін бұрғылап тесіп, қопарғыш затпен толтырылатын қуыс) бұрғылап жатқан бұрғылаушының бұйрығы арқылы электрбұрғыны осып, сөндіріп тұру болды. Ол әрдайым шахтаға түскен кезде ұзын ұлттық шапанымен және малақайымен түсетін. Шахтаның шруфына түсу қиямет болатын, себебі оған түсетін баспалдақтар мен басқыштар мүлдем болмады. Жалпақ ағаштан қапталған жерасты көмір қабырғасына жету үшін Дәулетбаев екеуіміз көп күш жұмсайтын едік. Жар жағалап келе жатқан да, абайсызда аяғың тайып кетсе құрал-жабдықтарыңмен шыңырауға құлап, құрдымға кету қаупі жиі болатын. Жаны қиналып, қаратерге түскен ол әрдайым қазақша, орысша балағаттап, көмір қазатын қабырғаға жеткен бойда шапанының ұзын етегін астына төсеп, қауіпсіз жер таңдап алып, жұмыс аяқталғанша малдас құрып, тапжылмай отырушы еді. Көмір қазып жатқан мен бұрғыны сөндіруге бұйрық берген уақытта ғана 80 метрлік желі бойындағы түймені басып өшіріп, қос деген уақытта қосатын. Кезекті жұмыс күнінде қатты шпур қабатына кезігіп, ұзақ бұрғылауға тура келді. Бұрғылауды аяқтаған мен бұрғыны сөндір деп айқайладым. Дәулетбаев дыбыс бермеді. Жоғарыдан электр желісіне қосылып тұрған бұрғыны ұзақ ұстап тұру мүмкін емес. Сондықтан, мен іске қосылып тұрған бұрғыны тастай салып жанұшырып, сөндіру нүктесіне жүгіріп жетсем, шаршаған, әрі ашқұрсақ көмекшім Дәулетбаевтың көзі ілініп кеткен екен. Балағаттаудың кезегі енді маған келді, ұйқылы-ояу не болғандығын, өзіне неге айқайлап жатқандығын түсінбеген ол көзін жыпылықтата берді», - деп еске алады (Гебель В.Р.Это было недавно, это было давно (из записок первостроителя г. Гремячинск). -Гремячинск, 1999 г.).

Барлық жерде техника жетіспегендіктен, көп жұмыс қол күшімен атқарылды. Еңбек армияшылары әдеттегідей қара жұмысшы ретінде пайдаланылды, жағдайлары өте ауыр болды. Аштық, қатты суық, жұқпалы аурулар адамдарды баудай түсіретін. Архивтегі жасақталған тізім бойынша Басабай Түгелбаев (05.01.1943), Бутумбаев Саят (25.03.1943), Аркұлақ Орнаналиев (1913 ж.т.-21.10.1943), Қосыбай Атаев (1887 Ж.Т.-14.12.1943), Сағат Атаев (20.12.1943), Истен Алдияров (1889 ж.т,-22.12.1943),   Шәріп Құматов (10.12.1943), Әли Құрамбаев (29.12.1943),Лабай Атаев (1890 ж.т.-29.12.43), Сапармай Құтымов (1898 ж.т.-31.12.1943), Қаба Қадыров (31.12.1943),  Бисик (Бисек) Мухаметжинов (Мухамбежинов) (1891ж.т.-09.01.1944), Банкен (Байкен) Сабанқұлов (1887 ж.т.-20.01.1944), Жомарт Бигшиаев (1893-30.01.1944)    , Жұмырмай Бегаджанов (1891ж.т.- 30.01.1944), Мұсабек Төлендин (1891 ж.т.) сияқты еңбек армиясы қатарына алынған қазақтар ағзаға азық сіңбеуі мен жүректің нашарлауынан дистрофия ауруына ұшырап өлген (Архивный отдел администрации города Гремячинска Пермского края, Фонд-63, опись-1, дело- 69, л.л 1-14). Бұл бейбақтардың барлығы дерлік елу жастан асқан шағында қыстың қақаған қытымыр аязында, желтоқсан- қаңтар-акпан айларында бақилық болған. Еңбек армиясы қатарындағылар күнделікті тиісті азық-түлікпен толық қамтамасыз етілмеді, ешуақытта тоя тамақ ішпеді, діңкелеткен ауыр қол жұмысы, ауру- сырқау, қыстың боранды да үскірік аязы оларды шыбынша қырды.

Архив құжатында көрсетілгендей, қыстың суық айларында тізім бойынша 639 адам аштан, аурудан, суықтан өлген. Архив деректері мәліметіне қарағанда, өлгендерді жерлеп үлгермеген. Өліктер көметін команда дистрофиктерден (тоя тамақ ішпеуден әлсіреу) құрылғаны да көп жағдайдан хабардар етсе керекті. Өліктерді қар астына көміп, жаз шыққанда ғана топырақпен беттерін жапқан.

Соғыс жылдары республика әскери комиссариатының тарапынан еңбек армиясына адам алу тұрақты жүргізілді. Оның құрамына көбіне арнайы қоныс аударылған немістер алынатын. Жоғарыда аталған архив дерегі бойынша,1943 жылдың желтоқсаны мен 1944 жылдың сәуір айлары аралығында еңбек армиясында жұмыс істеген 16-50 жастағы 396 неміс ұлтынын өкілі ажал құшқан. Ал 1944 жылдың 8 акпан күні 1927 жылы туған азаматтарды есепке алу барысында толтырылған құжатта 47 қазақ ұлтының өкілі тіркелген (Пермский государственный архив социально-политической истории. Фонд -105, опись -10, дело -150, л. 32).

Тек 1943 жылдың ортасында, еңбек армиясына алынғандар жұмыс істеген жерлерден түскен хабарлар мен дабылдардан кейін ғана өз республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін ұлттық енбек армияшыларына назар аударыла бастаған болатын. 1942-1948 жылдар аралығында Гремячинск поселкесінде еңбек армияшылары мен соғыс тұтқындарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде 10 көмір шахтысы іске қосылып, пайдалануға берілді.

Еңбек армиясындағылар жеңіс жолында жан аямай еңбек етіп, қалыпты соғыс экономикасын жасауға өз үлестерін қосты. Сол азапты жылдарды бастарынан кешірген жерлестеріміздің біршамасы туған жеріне оралса, кейбірі сол жақта суық жер койнында мәңгілікке қалып қойды. Тірі қалғандарын Жеңіс қуанышы, аз да болса тіршілік ету сияқты қым-қуыт өмір күтіп тұрды.

                                                                                                  Аққали АХМЕТ

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений