1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес айлық, апайым екі жаста болған екен. Волга бойындағы Красноармия ауданы Сарепта қаласынан (бүгінде Волгоград облысы) Қазақстанға еріксіз көшуге мәжбүрледі. Бір күннің ішінде асығыс жиналған біздің отбасы Шығыс Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болды. Шығыс Қазақстанға жол өте ауыр болды, ашық вагон, жетімсіз тамақ, қайда баратының белгісіз... Келе салысымен әкемді Өскеменнің маңайына еңбек армиясына алып кетті. Ал екі жас баласы бар анамды әжемізден, басқа туыстардан бөліп басқа жаққа жібереді. Әжем мені алып қалмақшы болған екен, анам көнбепті. Сол 1941 жылы ажырасқаннан кейін анам күйеуін де басқа туыстарын да қайтып көре алған жоқ.