kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Мен 1968 жылы Шыңғыстай орта мектебінің 1-ші сыныбына бардым. Бастауыш мектеп ауылдың төменгі жағындағы әлі күнге дейін тұрған екі қабатты ағаш үйде еді. Алғашқы ұстазым Ұлы Отан соғысының ардагері, тәжірибелі мұғалім Наймангазин Ахмади болды. Ол кезде ауылда қазіргідей балабақша болмағандықтан, балалар тек мектепке келгенде ғана оқу-жазуды үйренетін. Кеше ғана көшеде ойын қуып жүрген кішкентай балаларды мектеп тәртібіне келтіре отырып, сонымен бірге оқу бағдарламасын қатар алып жүру оңай шаруа емес еді. Ахмади ағай жасының егде боп қалғанына қарамастан, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларға оқуды да, жазуды да сондай бір шыдамдылықпен, ыждағаттылықпен үйрететін, кейбір оқушылармен қосымша сабақ жүргізу арқылы жеке жұмыс істейтін. Сондай еңбегінің нәтижесінде бастауыш мектепте ол кісіден білім алған сыныптардан үздік және екпінді оқушылар көптеп шығатын. Ахмади ағай бізге кішкентай күнімізден қоғамдық жұмыстарға араласу қабілетімізді қалыптастырды, сынып старостасы және басқа да әртүрлі сектор жетекшілерін сайлап, олардың дұрыс жұмыс жүргізуін қадағалап отыратын. «Октябрят», онан соң пионер қатарына қабылдап, пионер жетекшілерімен де бірлесіп көп жұмыс істейтін. Өз оқушыларынын бір-бірімен қарым-қатынасына да көп көңіл бөлетін, сондықтан болар, біздің сынып оқушылары мектеп бітіріп кеткенше өте тату, ұйымшыл болды.

Бастауыш мектепті бітірген кезде Ахмади ағай өз балаларын шығарып сап тұрғандай болды, біз де ол кісімен қимай қоштастық.

Орта мектепте оқып жүрген кезде бізде тұрақты сынып жетекшісі болған жоқ, әр жылдары Гүлзира Азбаева, Әлібек Абсалямов, Зәбила Алпысова жетекшілік етті, әрине, біз үшін олардың әркайсысының өз орны бар.

Мен тарих, география, қазақ және орыс әдебиеті пәндерін ерекше ұнататынмын. Орта ғасырлар және КСРО тарихынан Ілияс Қасабеков, Жуанхан Тоқсанбаев ағайлар сабақ берді. Екеуі де өз пәндеріне шын берілген мұгалімдер еді, тарихи оқиғаларды тәптіштеп түсіндірген кезде. бейне сол заманды өз көзінмен көріп отырғандай әсер алатынсың. Ілияс ағай Ұлы Отан соғысы тақырыбына келген кезде өз басынан кешкендерін қоса айтып, сабақты әсерлендіре түсетін. Мен өзім тарихи кітаптарды көп оқығандықтан болар, әрбір жаңа тақырыпты бастаған сайын ол туралы мағлұматтарды алдын-ала біліп отыратынмын да, сабақты меңгеру маған оңай болатын. Жуанхан ағай менің осы «ерекшелігімді» жоғары бағалап, басқа мұғалімдер арасында сүйсіне айтады екен.

«Қазақ тілі мен әдебиетінен» әр жылдары Кұмарша Әдиханова, Есімжомарт Кәсенуәлиев, Жомартхан Нұрғазин және Мәнсия Бөкеева сабақ берді. Олардың әрқайсысы өз пәндерін жетік меңгерген мұғалімдер болатын. Солардын ішінде Мәнсия апайымыздын сабақ беру тәсілі ерекше болатын, ол әдебиетпен бірге туған адамдай еді, әрбір жазушы, ақынның шығармашылығын бүге-шігесіне дейін жатқа білетін. Әр шығарма кейіпкерлерінің бейнесін өзі жазгандай етіп көрсететін. Менін әдебиетке деген құштарлығымның ынтамның арта түсуіне Мәнсия апайдың көп әсері тиді. Жоғары сыныпта оқитын, әдебиетке ынтасы бар оқушылар үшін «Әдебиет үйірмесін» құрды, үйірме мүшелері мектеп «Қабырга газетіне» түрлі мақалалар, әңгімелер мен өлеңдер жазатын.

Ол кісі жан-жакты адам еді. Ол өз пәнінің мұғалімі ғана емес, мектеп директорының ұйымдастыру жұмыстары жөнінен орынбасары болатын. Мектептегі атқарылып жатқан түрлі қоғамдық-мәдени шаралардың барлығын тек ұйымдастырып қана қоймай, әрбір үлкенді-кішілі шараның, мейлі ол аудан көлеміндегі немесе мектеп, сынып ішіндегі шара болса да, барлығының қалай өткеріліп жатқанын тікелей қадағалайтын. Көп жерлерде өзі басқарып, кірісіп кететін. Мысалы, мұғалімдер ұжымы ауыл көлемінде концерт қоятын болса, Мәнсия концерт жүргізуші-конферансье болып, әр номерге шығатын «әртісті» өзі құрастырған бір шумақ өлеңімен таныстырып шығаратын. Ал, оқушылардың аудандық көркемөнерпаздар байқауына дайындығында өзі хордың дирижеріне айналып кетуші еді. Түрлі диспуттарда оқушылармен тең дәрежеде өз пікірін кеңейте айтып, тақырып төңрегіндегі айтысты қыздыра түсетін.

Біз жоғарғы сыныпта оқып жүргенде Құрымбаев Советбек деген жоғары білімді денешынықтыру пәнінің мұғалімі келді, ол спорт жағынан мектепте бұрын болмаған жаңалықтар ала келді, соның бірі - стол теннисі еді. Стол теннисін ауыл адамдары бұрын көрмеген болатын, мектепте бірен-саран жастау мұғалімдер ғана ойнай алады екен. Сонда ер адамдардың көбі біле бермейтін спорт түрін Мәнсия апай жетік меңгерген болып шықты, өзара сайысқа түскенде, тек Советбекке ғана тіресіп барып, дес беретін еді.

Әкесі Бөкей ақсакал «Жигули» автокөлігін алған кезде, ауылда санаулы ғана жеңіл көлік бар болатын, әйел адамдар түгілі, ер адамдардың арасында тек кәсіби жүргізушілер ғана машина айдай алатын еді. Ал, Мәнсия апайда жүргізуші куәлігі бар болып шықты, бірінші күннен-ак «Жигулиді» кәсіби жүргізушілерден кем түспей айдай жөнелді.

Менің комсомол жұмыстарына белсене катысуыма да себепкер сол кісі болды, оқушылар комсомол ұйымының хатшысы болып істеген кезімде, түрлі шараларды өткізуіме көмектесіп, ақыл-кеңестерін айтып, жұмыстарымды қадағалап отыратын. Кемшіліктер болса айтып, дер кезінде түзетуімізге ықпал ететін, жақсы жақтарымызды да баса айтып, ынталандырып отыратын еді. 1977 жылы мектептің 70 жылдык мерекесін өткізу қарсаңында сол кісінің нұсқауымен қыруар жұмыс аткардық.

Мәнсия апайдан өз басым ұжымды басқару, түрлі шараларды ұйымдастыру тәсілдерінен көп сабақ алдым. Кейін кызмет барысында сол алған сабақтарымның көп жерде көмегі тиді. Сол үшін де мен Мәнсия апайға қарыздармын, өмірден ерте озып кеткен сол кісінің аруағы алдында бас иемін.

«Орыс тілі мен әдебиетінен» өзімнің шешем Сәбира Хайдарова сабақ берді. Ол әрбір өткізетін сабағына тыңғылыкты даярланатынын мен үйде өз көзіммен көретінмін. Әр жаңа такырыпты оқулықтағы мәліметтерден басқа түрлі деректермен байланыстырып. Көрнекі құралдармен толықтыратын. Сол себепті, оқушылар оқылған тақырыпты толық меңгеріп, ашық сабақтар мен түрлі комиссиялық тексерулер кезінде өз білімдерін толық ашып көрсете алатын. Бірде біздің сынып окушыларының қатысуымен мектеп сахнасында орыс драматургі Н.В. Гогольдін «Ревизор» комедиясының қойылымын өткізді. Қазак мектебі оқушыларының орыс тілін жетік меңгергенін көрген аудандық оқу бөлімінен келіп отырған орыс өкілдері танданыстарын жасыра алмай кеткен еді.

«Қоғам тану» пәнінен сабақ берген тәжірибесі мол, «Қазакстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағынын иегері Зәбила Алпысова өте байыпты, әр сөзіне үлкен мән беретін, жауапкершілігі мол адам болды. Тек мектеп ұжымы ғана емес. ауыл тұрғындары арасында да, тіпті аудан көлемінде де абыройы өте жоғары. сыйлы адам болды.

Математика пәнінен Әбсалямов Әлібек ағай көп жыл сабақ берді. Ол кісінің сабақ беру тәсілі басқалардан бөлек еді, ол оқулыққа көп қарамайтын, «алгебра» мен «геометрияның» шытырман күрделі есептерін бейне өзі құрастырғандай түрлі формулаларды, теорема мен аксиомаларды (ол оның бәрін жатқа білетін) пайдаланып, оп- оңай жолмен шешіп беретін де, бізге соны шешудің жолын үйрететін. Бір қызығы, ол мойнын оқушыларға бұрып, түсіндіріп тұрып та, тақтаға қарамастан айтқандарын түгі- түзу етіп жаза беретін. Мен ол кісі үйреткен «қысқарту», «жою», «түрлендіру» тәсілдерімен түрлі есептерді «бас қатырғыш жұмбақ» (головоломка) шешкен сияқты қызыға шығаратынмын.

Химия пәнінен сабақ берген Жазира Әміренова апай мүлде дауыс көтермеитін мұғалім еді, бірақ өзінің қарапайымдылыгы, сыпайылығы. байыпты салмақтылығымен оқушылардың зор кұрметіне бөленгендігі соншалық, сабағында ұшқан шыбынның ызыны естілердей тыныштық орнап тұратын.

Ал, география пәнінен сабак берген Социал Кабдрасілов ағай, керісінше, оқушылардың шуылына құлақ аспай, анда-санда бір «тынышталыңдар» деп қойып сабағын тәптіштеп түсіндіре беретін. Маған география пәні, әсіресе, географиялық карта оқу қатты ұнайтын, сол себепті Социал ағайдан да тек «бестік» баға алатынмын.

Ол кісі бізге «Еңбекке баулу» сабағынан да берді, мектеп шеберханасында қарапайым ағаш шебері құралдарын пайдаланып, түрлі бұйымдар жасауга машықтандыратын, бұл істе Социал ағайдың өз ісінің шебері екеніне еш күмән жоқ еді. Осы жерде алған тәжірибеміз өзіміздің күнделікті тұрмысымызда аз көмектескен жоқ.

«Сызудан» сабақ берген Әутәліп Тұмарбаев ағай көп сөйлемейтін, мүлде күлмейтін адам десе де болатын. Дегенмен, сабағын тиянақты беретін, кейін Өскемен құрылыс-жол институтында оқыган кезімде сол кісінің берген білімінің орасан зор көмегі тиді.

Биология пәнінен сабақ берген Самарбек Әбішев сол кезде өзінің әлі жас маман болуына қарамастан. өзінен әлдеқайда үлкен тәжірибелі әріптестерінен білімі жағынан еш кем түспейтін еді. Ол өз сабағы мен сынып жетекшілігінен басқа мектеп оқытушылар комсомол ұйымының хатшысы міндетін атқарды. Біздің оқушылар комсомол ұйымымен тығыз байланыс жасап, көптеген мектепішілік жұмыстарды бірлесе жүргізетінбіз. Ол кісінін де ұйымдастырушылык істерінде маған берген тәжірибесі мол. Самарбек ағай жан- жақты болды, концерттерде сахнаға шығып ән салатын, өлең жазуға да қабілетті, оқушылар арасында сайыс болған кезде өз сыныбының оқушыларына басқалардың ойына келе қоймайтын түрлі тапқырлык айла-тәсілдер үйретіп қоятын.

Физика, астрономия пәндерінен сабак     берген            Ұлыкбек Бөктербаев көп жыл директордың оқу ісі жөнінен орынбасары, одан соң директор міндетін атқарды, терең білімді ұстаз болатын, бірақ оқушыларга өте қатаң қарап, өзін суыктау ұстайтын еді.

Мені Мәнсия апай мен Самарбек ағайдан кейін жақын тартқан ұстазымның бірі - Аманжан Нұқсарин болды. Ол кісі «Алғашкы әскери даярлық» пәнінен сабақ берді, әскери киімі өзіне өте жақсы жарасатын, бойын тіп-тік ұстап, түрлі сап түзеу шараларында нық дауыспен команда беріп тұратын. Тек өз мектебі ішінде ғана емес, аудан мектептері ішіндегі өз ісін жетік білетін маман ретінде абыройы жоғары болатын. Оны жыл сайын бүкіл ауданнын 8-сынып бітіретін ұл балалары үшін міндетті түрде өтетін екі апталық әскери даярлық жаттығулары кезінде бас жетекші етіп тағайындайтын. Ол кісі бұл жауапты міндетті мүлтіксіз орындап шығатын еді.

Аманжан агай мектепте «Аткыштар үйірмесін»ұйымдастырды, оқушылар пневматикалық және ұсақ калиберлі винтовкалармен түрлі қашыктықта мылтық атуға жаттығатын. Ол кісі мені 6-7-сыныптардан            бастап,           осы     өнерге баулыды.       Мектепте Аманжан ағайдың ұйымдастыруымен мылтық атудан жарыстар жиі өтіп тұратын, үздік шыққандарды аудан, облыс оқушылары арасындағы жарыстарға апарып отыратын. Мен ол кісімен бірге талай жарыстарға барып, жүлделі орындарға ие боп жүрдім Сол кезде алған тәжірибем кейін жогаргы оқу орнында оқып жүргенде де, қызмет істеп жүрген кезде де жақсы нәтижелерге жетуіме көп көмегін тигізді. Сол үшін Аманжан ағайға да алгысым шексіз.

Мұғалімдер арасында Құмарша Әдиханова мен Бақтина Жақиярованын әншілік өнерлері өте жоғары болатын, көріктеріне сай әдемі дауыстарымен халық әндерін нақышына келтіре тамылжыткан кезде, кәсіби әншілерден артық болмаса кем түспейтін еді.

Денешынықтыру сабағынан берген Серік Найманғазин, Дәулетхан Тоқсановтар арнаулы білім алмаса да, оқушыларға күрес түрлерінен, шаңғы тебуден өз білгендерін үйретуден жалықпайтын. Олардың екеуі де кәсіби маман болмағанмен, сурет өнерінін шеберлері еді. Мектептегі түрлі мерекелік газеттер, плакаттар, стендтер, маңдайшалардағы жазулардың барлығы солардың қолынан шыққан туындылар болатын.

Мектеп ұжымында бізге тікелей сабақ бермесе де, үлгі аларлык ұстаздар көп болды. Мысалы, Кира Михайловна Дроздовскаяның бағбандық өнері жұрттың бәрін таң қалдыратын. Сондай-ақ, Қасымжомарт Жарқынбаев ағайдың жетекшілігімен бір топ оқушы «Москва-Минск-Брест» маршруты бойынша үлкен Одактық сапарға барып қайтқанбыз. Кейінірек өзіме жеңгей болған Рахима Охина Самарбек ағаймен бірге сол жылдары 8-сыныптан кейін міндетті болған «Жоғарғы сынып оқушыларының еңбек отрядында» бір жаз біздің жетекшіміз болды. Өзімнің әкем Сакко Қашқынбаев мектеп директоры болып істеді, ол кісінің мектеп ұжымын қалай басқарғаны, қандай жетістіктерге жеткені жайлы баспа беттерінде де, оқушыларының естелік жазбаларында да кезінде өте көп жазылған, сондықтан шағын мақаламда бәрін қайталап айтудын жөні жоқ шығар.

Осындай тәжірибелі де білікті ұстаздардан тәрбие-білім алып, өнер мен мәдениеттің үлгісін көріп, ержетіп, алтын ұя мектебімізден 1978 жылы қанат қағып ұштық. Сыныптағы әр оқушы өз өмір жолын таңдап, түрлі мамандык иелері болды. Шама-шарқына қарай, әркім әртүрлі биіктерге жетті. Солардың ішінде Бірлік Жұмаханов, Ғалия Бөкеева, Гүләйім Касенова, Уәзиға Бейсенбаева, Қайыржан Мақажанов, Талант Әлхамов. Мейір Нұралин, Роза Жұмшитова, Асхат Бақыжанов сынды сыныптастарымды атап өткім келеді. Досымыз Шындық Токсанбаев ортамыздан шыққан кәсіби әскери адам ретінде ерекше көзге түскен еді, амал нешік, мезгілсіз жеткен ажал ортамыздан ерте алып кетті.

Биыл мектеп бітіргенімізге 35 жыл болды, бірақ мектепте өткізген жылдарым күні кешегідей көз алдымда. Барлығымыздың саналы адам болуымызға көп үлес қосып, бойларындағы жақсы қасиеттерін бізге беру үшін аянбай тер төгіп, енбек еткен құрметті ұстаздарымызға айтар алғысым шексіз.

Талғат Қашқынбаев

2013 жыл

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений