kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

    Тозып, сарғыш тартқан көне сурет. Жан-жағы мүжіліп, ортасынан қақ айырыла екіге бөлінген, әлденеше рет желімделіп, қайта бүтінделген сурет. Осының өзі ол басынан талай сұрқылтай кезеңді өткергенін толық аңғартады. Асылдың сыры кетсе де, сыны кетпейдіні Nukaev Tол өмірде дәлелдей түсуде. Суреттің өзі - халқымыздың зиялылары өкілдерінің бір тобы осыдан 75 жыл бұрын Семей қаласыда бас қосуының үнсіз куәгері. Оның сыртында: «Семей қаласы, 1915 жылғы 10 наурыз» деген жазу сақталған.

   Суретте бірінші қатарда отырғандар: (солдан оңға қарай) Әдіктің Жаңабайы (қазіргі Ұлан ауданы), Тұрағұл Абайұлы (Ибраһимұлы) Құнанбаев, Көкбай ақын, Жәкежанның Мұқаны (қазіргі Ұлан ауданы), Ахмет Байтұрсынов; екінші қатарда тұрғандар: Сейтрахым Кәдірбаев, Елдес Омарханов (Қостанай), атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов, ақын Міржақып Дулатов, Жұбандық Болғанбаев (қазіргі Самар ауданынан).

    Көнекөз қариялардың айтуы бойынша біздің білетініміз мынау: Әдіктің Жаңабайы мен Жәкежанның Мұқаны XX ғасырдың бас кезінде қазіргі Ұлан ауданының жерінде екі болыс елді басқарған белгілі адамдар. Ал Жұбандық Болғанбаев 1912-1913 жылдардан бастап лениндік «Правданың» туған өлкемізден тілшісі болғаны, Жоғарғы Ертіс бойында Совет өкіметін орнатысуға, оның жеңістерін баянды етуге белсене қатысқаны тарихи құжаттардан белгілі.

    Осы арада мына бір жайды да оқырмандарымызға баяндап өтуді жөн көріп отырмыз.

   Халқымыздың атақты ақыны Міржақып Дулатов пен Жәкежанның Мұқаны көңілжақын дос, пікірлес, аралас болғанын дәлелдейтін жайлар да бар. Ұлан ауданының Жаңа Қанай ауылында көп жылдар ұстаздық еткен, қазір арамызда жоқ Қайса Салықбаев осы жөнінде жиі сөз қозғаушы еді. Бірде ол былай деді:

   - Жәкежанның Мұқаны мен Міржақып ақын екеуі айырылмас жолдас болыпты. Совет өкіметі орнамай тұрып-ақ Қойтас ішіндегі бұлақ бойында өз ауылында Мұқан балаларды оқыту үшін мектеп салдырып, оған маңайдағы ауылдардың балалары келіп оқып, білім алыпты. Менің үлкен ағайым Мұзапар, апайым Кәмила да сол мектептен оқып, қара таныпты. Сол кезде Жәкежан ауылында екі жыл Міржақып оларға дәріс беріпті. Міржақып молданың үлкен ғұлама адам, өнегелі жан екені жөнінде ауыл ақсақалдары үнемі басқаларға үлгі етіп айтып отырушы еді.

   Қайса Салықбайұлының осы сөздерінің астарында үлкен бір шындықтың ұшығы жатқаны рас. Дала өлкесіндегі ірі ауқатты әулеттердің өкілі Жәкежанның сегіз ауылы, қисапсыз малы, жалпы саны мың жарымға дейін жеткен жылқысы болғанын ауыл ақсақалдары күні бүгінге дейін әңгіме етеді. Оны ескі қоныс, мекен жайлары да дәлелдейді. Қазіргі «Ұлан» совхозының бірінші бөлімшесіне қарасты Жәкежан атты шопандар ауылы да бар. Осы жерде сарқырап аққан тау бұлағының қоғалы жағасында Мұқан салдырған мектеп қабырғалары елуінші жылдардың басына дейін сақталып келгенін бала кезімізде өз көзімізбен көрдік.

   - Бұл – көп адамдарға сауат аштырып, білім берген қасиетті жер, Мұқан мектебінің орны. Оның бірде-бір шымына, тасына тиіспеңдер, киесі ұрады, - дейтін үлкендер оның ескі қабырғаларына шығып, ойнап жүрген бізге.

    Кейіннен колхоз басшылары сол мектептің көне қорымын қуатты күректі трактормен итеріп тастатып, орнына мал қорасын салдырды. Ал Жәкежан ауылындағы даладағы осы мектепте өлкеміздегі тұңғыщ журналистердің бірі, кейін социалды ірі шаруашылық басшысы, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін өскен, халқымыздың аяулы ұлы, ардақты азамат Жұмажан Тәттібаев та оқығаны белгілі. Осы Жәкежан ауылында оның етек жағында, ұсақ қойтасты өңірдің бір айнала беріс шалғайында Мұқан қорасы, Мұқан зираты да тиіп тұр. Зираттың   белгі тастарында араб әрпімен қашалған ескі жазулар да   талай   тарихты баяндайды...

    Халқымыз үшін қымбаттысын құрметтеп, аяулысын ардақтайтын сәт туды. Қазіргі кезеңде онын өшкені жанып, жоғалғаны табылып отыр. Тарих шежіресінен сыр тартатын бұл сияқты қымбатты суреттердің қаншасы үй-ішіндік альбомдарда, қобдишаларда сақталулы екен? Қаншасы бізге дейін жоғалмай жетті екен? Ондай дүниелер бар болса, тырмаштап жинап, ұрпақтарымызға үлгі етейік, таныстырайық.

Тұрғазы Нұқаев

 

 

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений