1979-1989 жж. Ауған жерінде қаза тапқан және хабарсыз кеткен шығысқазақстандықтарға арналған «Азалы кітап» жарыққа шықты. 2500-ден аса жерлесіміз осы елде әскери борышын абыроймен атқарды, 87 жауынгер әскери іс-қимылдар кезінде қаза тапты, екі жауынгер хабарсыз кетті.
Кітап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың, Өскемен қалалық мешітінің Бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы мен Өскемен және Семей қалаларының епископы Амфилохийдің алғы сөзімен ашылған. Азалы кітап беттерінде жауынгерлердің ғұмырнамалық баяны мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген.
Азалы кітапты әзірлеуге Өскемен және Семей қалаларындағы Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Абай атындағы және А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханалар қатысты.