Өлкетану қоры жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына арналған Шығыс Қазақстан тарихы туралы жаңа эксперименттік оқулықтармен, хрестоматиямен толықты. «Шығыс Қазақстан тарихы; көне заманнан бүгінге дейін» тарих пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік оқу курсы қолданбалы тарих саласына жатады.
Бір аймақтың тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерінде заттандырылған зерттеліп жатқан тарихи оқиғалардың жергіліктілігімен ерекшеленеді және отан тарихын тереңдетіп оқуға септігін тигізеді. Курстың басты мақсаты – оқушының тұлғасын аймақтың лайықты өкілі, әлеуметтік құндылықтар мен дәстүрлердің нағыз сақтаушысы, қолданушысы, және жасаушысы ретінде қалыптастыру.
Семейдің Шәкерім атындағы Мемлекеттік университеті филология-тарих факультеті кафедрасы ғалымдарының (Д.И. Бралинова, М.А. Зарифова, М.К. Кәрімов, Г.Т. Мұсабалинова) бірлескен еңбегі кітапханаға сыйға тартылған.