Бүгін кітапхана қорына Гулбарам Түгелбаеваның қызы «Парасат пайымдары» атты кітапты сыйға тартты. Кітапта өнегелі өмірінің отыз жеті жылын мектеп қабырғасында шәкірт тәрпбиелеуге арнаған парастты ұстаздың адамгершілік, бауырмалдық, құрмет секілді жоғары қасиеттер мен тәлім-тәрбиелік тақырыптардағы ой пікір, тағылымды толғамдары мен естелктері жинақталған.
Автор «Қара шаңырағым-мектебім» атты естеліктер топтамасында ауылдағы Абай атындағы орта мектептің тарихына, әріптестерінің қажыр-қайраты мен еңбекқорлығына тоқталып, ұстаздың қасиетін көркем сипаттайды. «Жақсы ұстаз –өз пәнін терең білетін білімді, білгір, оқушының жеке басына құрметпен қарап, оны сыйлау арқылы өзін сыйлата алатын жан ғана емес, өз ішіне шын берілген маман».
Гулбарам апайдың қолына қалам алып, осындай өнегелі естелік жазуына туған ауылы Көкжота мен кейін қызмет істеп, өмір сүрген ауылы Бастаушының үлкен-кішісіне деген құрмет – ғиззаты мен сүйіспеншілігі және бауырмалдық сезімі себеп болғаны анық.