Алты жыл бойы Alikhan Bokeikhan University (Абай облысы, Семей қаласы) филология кафедрасының оқытушылары Сейітова Ш. Б., Абдыханова Б. А., Гайнуллина Ф. А., Касымова А. А. Гранттық қаржыландыру ғылыми жоба негізінде Катонқарағай, Алтай, Глубокое аудандары материалдары негізінде кітаптар шығарып жүр. Биылғы жылы Глубокое ауданы жер–су атауларының сөздігін құрастырып кітапхана қорына бес данасын сыйға тартты.
Глубокое ауданы жер-су атауларының сөздігі-Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы жер-су атауларын жинау, топтастыру және кешенді зерттеу барысында әзірленген еңбек.
Сөздікті жоғары оқу орындарында лексикология саласы бойынша ономастика, топонимика, жүйесін оқытуда көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Көмекші оқу құралы тіл білімінің жекелей салаларын оқытумен қатар өлкетану мәселелерін оқытуда да таптырмайтын мәлімет көзі болып табылады.
Сөздікті әдеби және тарихи туризмді дамыту бағдарламаларын жасауда, өлкенің виртуальды тарихи-әдеби картасын жасауда кеңінен қолдануға болады.
Құрметті оқырман, келіңіздер, кітаппен таныс болыңыздар!