Кітапхана қорына бірнеше кітаптың авторы, Набиолда Салихұлы Кемешев «Ой түрткі» атты кітабын сыйға тартты. Набиолда Кемешев туған жерге деген ыстық ықыласын әр шығармасына арқау етіп, оның тірлік-тынысымен бірге тыныстады.Жүзден астам ән шығарған сазгер. «Жүрекпен сырласу», «Өмірім-өлеңім», «Әндер жинағы», «Ұрпағыма өсиет», «Әке рухына тағзым», «Ақ тілек, ақ бата», «Әке аманаты», «Әке мұрасына адалдық» атты кітаптардың авторы.Ой-өрісті оятатын, түрткі болатын құрал-даналық сөздер құнды қазынамыз. Даналық сөздерді алғаш жинақтап, тәрбие құралы етіп, пайдаланған тұңғыш ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин.
Бұл кітап Нәбиолда Салихұлы Кемешевтің ұзақ жылғы, әр жерден оқыған кітап, мақала, газет, телефон ішіндегі бабалар сөздері мен ой толғаулары, қанатты ойларын оқи отырып, жүрекке жаққандарын бөлек теріп жазып отырғанда жинақталған құнды дүниелер. Адамның еске сақтау қабілеті қандай жоғары болғанымен, қайталап отырмаса есте сақталмайды.Сөздік қор - даналар сөзі арқылы қорланып, адамның тәрбиесіне әсер етеді. Ойды ой қозғайтын, ойға түрткі болатын даналар сөзімен қоректеніп, санамызға жақсылық толтыруға ұмтылайық.Құрметті оқырман, келіңіз, кітаппен таныс болыңыздар!Танымал есімдер - https://esimder.pushkinlibrary.kz/.../pisateli.../2046-.html