Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай шығарылып, осы мерейтойда тұсауы кесілген "Шолпандай таң алдында туып - батты" кітабын тұсаукесер рәсімінде әріптестеріме екі данасын сыйға тартыпты. Кітаппен танысып, қуанып жатырмыз. Оралхантануға қосылған тағыда бір сүбелі еңбек болды.Кітаптың алғы сөзі жерлес жазушы Қасым Қайсеновтың жазушы туралы айтқан сөзімен басталыпты. Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді. Заңғар таулардан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді.
Кітаптың құрастырушысы жазушы, баспагер, журналист, Қазақстан Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі - Қайырды Назырбаев.Оралханның өмірден өткеніне де отыз жыл болды. Бірақ сүйікті қаламгеріміздің есімі ешқашан ұмытылған емес. Осыған дейін, Оралханның 60,70 жылдық мерейтойларында «Оралхан», «Біздің Оралхан» атты екі кітап шығарылған еді.Қолдарыңыздағы кітап та осы мерейтойға орай шығарылып отырған шаралардың бір парасы. Кітап жазушымен бірге газет редакцияларында, баспаларда бірге қызмет еткен әріптестерінің, жазушы шығармаларын зерттеп жүрген ғалымдардың, замандастары мен араласқан жерлестерінің естеліктерінен тұрады.Оқырмандардың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген Оралхандай қаламгер сирек кездесетіне осы кітапты оқи отырып көз жеткізуге болады. Жазушы шығармашылығына деген оқырмандар ықыласы уақыт өткен сайын арта түсуде.Құрметті оқырман, кітаппен таныс болыңыз!Танымал есімдер дерекқоры - https://esimder.pushkinlibrary.kz/.../pisatel/697-.html