Кітапхана қорына Күршім ауданының тумасы Қабдолда Тұрардың «Күркебай батыр» атты кітабының алты данасын құрастырушы Нұрсовет Қайыров ағамыз сыйға тартты.Қабдолда Тұрарұлы-шежіреші, ақын-сазгер, жазушы КСРО «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет қайраткері», Шығыс Қазақстан өнер мектебін, Күршім аудандық мәдениет бөлімін 18 жыл басқарды. Осы жылдар ішінде аудандағы үш ұжымға «Халық театры» атағын әперді. Ауданда мұражай үйін салдырып,оны ашты.
Бұл кітап қазақ батыры Күркебай Байдосұлының өмірі туралы ұзақ жылдар жүргізген зерттеу жұмыстарының жемісі. Алтай аймағының жері тұнып тұрған сұлулық, сол өңірде өмірге келіп, батыр атанған ерлері баршылық. Маралдыда XIX ғасырдың бірінші жартысында өмірге келіп, батыр атанған Күркебай Байдосұлы туралы деректермен таныс болыңыздар.Құрметті оқырман, келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!