Кітапты Корея Республикасының ұлттық мәдени мұраларды зерттеу институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі арасындағы «Көркемдік мұра бұйымдарын қазақ корей бірлесе зерттеулерін жүргізу туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес басып шығару жоспарланған. Биыл жарық көрген каталог «Қазақстанның тас үйінді обаларынан табылған алтын зергерлік бұйымдарды бірлесе зерттеу» жобасы аясында қорытынды еңбек. Кітап қазақ, орыс тілдерінде.
Корея Республикасы-еліміздің Шығыс Азиядағы басты серіктестерінің бірі. 1992 жылдан дипломатиялық қатынас орнап, бір-біріне ерекше қызығушылық танытып келеді.
Назарларыңызға ұсынып отырған каталог-Қазақ даласы мен Корея түбегінің ежелгі өнер бұйымдарын жан-жақты зерттеудің нәтижесі. Каталогтың парақтарында көрсетілген алтын және басқа да құнды материалдар қай уақытта да биліктің нышаны ретінде маңызды қызмет атқарған.
Зейнолда Самашевтің «Берел қазынасы -бабалардың ұлы мәдени мұрасы»,Әбдеш Төлеубаевтың "Шіліктідегі бәйгетөбе алтын обасы" атты зерттеу мақалаларымен таныс болыңыздар.
Кітап сіздің еншіңізде.