Достар!
Окоптарға гүл бітіп, көзден қуалай аққан жас тамшылары әлдеқашан кеуіп кетсе де, соғыс салған жара әлі күнге жазылар емес.
Қаза тапқан, хабарсыз кеткен, ауыр күндерді бастан кешіріп соғыс тауқыметін тартқан отбасылық тарих ешкімді бей-жай қалдырмаса керек...
Биылғы жылы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында Еңбек Армиясы (Трудармия) қатарында болған шығысқазақстандықтардың тағдырын зерделеуге көңіл бөлмек.
Кімде –кімге аталар ерлігі қымбат болса Еңбек Армиясы қатарында болған аталарыңыз, туыстарыңыз, ауылдастарыңыз туралы қандай да бір болмасын деректердің ( эссе, очерк, фотосурет) электрондық нұсқасын ШҚ облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханаға (spravka@pushkinlibrary.kz; iimaspushkina@mail.ru) жіберулеріңізді сұраймыз.
Қазіргі ұрпақ Ұлы Отан соғысына қатысқан, майдан даласынан қайтпай қалған, тылда еңбек үлгісін көрсетіп, жеңіс жолында еңбек еткен боздақтар алдында бас иіп құрмет көрсетуіміз керек! Ол біздің адамгершілік парызымыз!