Жыл сайын шығатын «Қазақстан-Ресей» әдеби-көркем альманағының төртінші басылымы 2018 жылы өзінің 20 жылдығын атап өткен Астананың мерейтойына арналады. Жинақта Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразияның жүрегінде жаңа астана тұрғызудағы рөліне арналған шығармалар. Альманахқа Астанада өткен «Ақ ордалы-Астана» халықаралық поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері енгізілген.
Жинақтың тағы бір маңыздылығы - жинаққа кірген ақын - жазушылардың көпшілігі шығысқазақстандықтар - біздің жерлестеріміз. Несіпбек Айтұлының "Бәйтерек" поэмасынан үзінді, Нұржан Қуантайұлының "Көктем", "Қансонарда", "Тебінде" атты өлеңдері, Ұлықбек Есдәулеттің, Ақберен Елгезектің, Тыныштықбек Әбдікәкімовтің орыс және қазақ тілдеріндегі өлеңдері топтастырылған.
Жазушы Әкім Тарази кітаптың алғысөзінде: "Әдебиет ұлтқа бөлінбейді. Оның міндеті -адамзатқа қызмет ету. Әдебиет - адамзаттың құндылығы болып саналатыны да сондықтан. Егер ақ гүлдерді ғана алып, гүл дестесін жасасақ, ол аса ерекше болмауы да мүмкін. Қып-қызыл гүлдермен де дәл солай болар еді. Түрлі-түсті гүлдерден жасалған гүл шоғы ғана керемет үйлесімді болмақ. Бейбіт елдердің ауызбіршілігін түрлі-түсті гүл шоқтарына ұқсатамын. Біздің елдің ең үлкен жетістігі - ауызбіршілікте бейбіт өмір сүріп жатқанымыз. Халықаралық поэзия кешіне қатысушылардың әлем халықтары тілдеріндегі өлеңдері соның айғағы"-деген еді.