Тарихшы, этнограф, өлкетанушы Зейнолла Әбдікәрімұлы Қайсенов 2018 жылдың 5 қыркүйегінде 80 жасқа толып отыр. Зейнолла Қайсенов Шығыс Қазақстан облысына белгілі тарихшы, этнографтардың бірінен саналады.
1967 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіргеннен кейін өмірінің отыз бес жылын мектепке арнады. Оқушыларға дәріс бере жүріп, өлкеміздің өткендегі тарихынан, осы өлкені мекендеген ақындар мен батырлардың өмірлерінен, Наймандар шежіресінен, Ұлан тарихынан көптеген мағлұматтар жинады. Кітапхана қорында бірнеше кітаптары бар.
Олар «Шығыс Қазақстанның тарихи очерктері», «Ұлан ауданының тарихи очерктері», «Найман шежіресі», «Найман шежіресі мен руларының тарихы». Қазір де қарап жатқан жоқ Найман тайпасының тарихы мен шежіресін зерделеген тағы екі кітапты баспаға дайындап отыр.
«Жеті атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөзіміз бар. Ендеше жеті атасы емес, жетпіс атасын түгендеп жүрген қазыналы қартқа ең бастысы зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!