Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова. - Алматы : Dominant-print, 2018. - 66 б.
Сіңемін ойдың қалың нуларына
Жүрегім толқыды да, тулады да
Бейнесі Фая апамның мәңгі есімде
Бір ғасыр болды міне туғанына
Бас ием рухына құрметтеймін,
Арнаған ақ тілегін кірлетпеймін.
Дауылда, жауын да да қатар ұшқан,
Сұңқардың сыңары деп суреттеймін,-деп Әбубәкір Қайран ағамыз жырлағандай, Семей қаласында балаларының қолдауымен Фархинур Мұхамедханова анамыздың 100 жылдығы аталып өтті. Осы кездесуде «Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова» атты орыс, қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері болды.
Бұл кітап Қайым Мұхамедхановтың әр ісіне шексіз сенім білдірген қайсар да адал жары, тіпті ғалымның қуғындалуын өз басынан өткеріп, бздің жұртшылық үшін оның архивтерін, қолжазбаларын, хаттарын сақтап қалған Фархинур Мұхамедхановаға арналған.
Фархинур-сенім мен тазалықтың, биік рух пен жанның, сұлулықтың мәңгілік символы іспетті.
Кітап «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының қолдауымен шығарылды.
Ел тарихы адамдар тағдырында = История страны в судьбах людей : Алматы : Dominant-print, -2018.-336 б.
Кітапта Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің қилы тағдыры жөнінде баяндалады. Репрессия, ашаршылық, соғыс пен тылдағы ауыр еңбек тақырыптары естеліктерінің негізгі өзегі болып табылады. Аға толқынның тағдыры келер күнге оптимизммен қарауы, қиындықтарды жеңіп қуана білуі, қарапайымдылық, сенім мен шынайы достықтан тұрады.
Кітап «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының қолдауымен шығарылды.
Құрметті оқырман алдыңғы буын өкілдерінің ерлігі бізге үлгі.
Кітап сіздің еншіңізде. Тарихты білмей алға жылжу мүмкін емес.