Қазақ поэзиясы-шын мәнінде ауыз ашқызып, көз жұмғызатын ғажап қазына.
Бұрынғы «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарының үлгісімен «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды" деп аталған екі томдық антология көрнекті қаламгеріміз, асқан ойшылымыз айтқан деңгейде шықты.
Авторы Сауытбек Абдрахманов. Кітапта қазақ жырының жүз жыл ішіндегі ең бір үзік үлгілерін ерекше талғаммен, тиянақтылықпен топтастырған бұл кітап шын мәнінде ұлт руханиятының аса бағалы байлықтарының қатарына қосылады.
Бірінші томына Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Жұбан Молдағалиев, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсыновалардың өлеңдері енсе, екінші томға Ұлықбек Есдәулетов, Гүлнәр Салықбай, Несіпбек Айтұлы және т. б. ақын жазушылардың өлеңдері топтастырылған.
Құрметті оқырман! Жиырмасыншы жүзжылдықтағы қазақ жырының жауһарларымен таныс болыңыз! Өлеңнің өлкесіне қош келдіңіз.