Сіздердің алдарыңызда бірегей басылым-біздің өңірдің жас авторларының аударған көркем шығармалар жинағы. Бұл жинақ-олардың таланты мен білімінің, тіл мәдениеті мен сауаттылығына деген оң көзқарасының белгісі.
Жас таланттарды қорғау-Қазақстан Американ еркін университетінің басты басылымдықтарының бірі. Университетте олимпиадалар, сайыстар ұйымдастырылып отырады. Сайыстық шығармаға қазақ тілінде Қалқаман Сарин мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, орысша Ольга Чумина мен Сергей Есениннің өлеңдерін аудару тапсырылыпты. Мұндай аудармалар жас жеткіншектерге аударма теориясын ұғынуға, келешекке бағыт-бағдар беруге пайдасын тигізеді.
Бірінші аймақтық Көркем аударма сайысында тұтанған шоқ үлкен өмірге қадам басқанда үнемі лаулап тұрады деп үміттенеміз.
Ендеше іске сәт. Аударма көркейіп, Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті дами берсін.