Үш ғасырға жуық тарихы бар Өскемен қаласының тарихынан сыр шертетін әр жылғы ашық хаттар алдымда жатыр. Соның ішіндегі ең көнесі 20 ғасырдың басындағы қала көріністері... Сол кездің өзінде ашық хаттар қайдан пайда болды деген сұраққа жауап іздей бастадым. Ашық хаттың артында «Изданіе Т-ва Горлова и Ко. Усть-Каменогорскь» деген жазуға көзім түсті.
Ал сіз 20 ғасырдың басындағы Өскемен қаласының қандай болғанын көз алдыңызға елестете аласыз ба?