Бұның бәрі - Шығыс Қазақстан.
Біздің өлке – саяхатшылар үшін таптырмайтын мекен. Географиялық және саяси ерекшеліктеріне
байланысты Шығыс Қазақстанның көптеген жерлері қолжетімсіз және экологиялық таза қалпында сақталған. Өлкеміздің табиғаты ғажайып: - таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, сан алуан ландшафты кездестіресіз. Өзендер мен көлдері өзінің әдемілігімен көздің жауын алады. Шығыс Қазақстан киелі жерлерге бай.
Киелі жер дегеніміз бұл адам ағзасына және де бүкіл тіршілік атаулыға таңғажайып энергетикалық әсер тудыратын мекен. Осы жерге келген адамдар жер қойнауынан шығатын энергия көздері арқылы дертіне шипа тауып, ауруларынан айығып, рухани тазарып шығады.
Мұндай қасиетті жерлерге Алтайдың ең биік шыңы Мұзтау, Қоңыр Әулие үңгірі, Ырғызбай Досқанаұлының кесенесі т.б. жатады.
Құрметті достар, Шығыс Қазақстанның өздеріңіз білетін киелі де қасиетті жерлері туралы жазбаларыңызды, зерттеулеріңізді бізге жіберулеріңізді сұраймыз.
Біздің электронды мекен–жайымыз: spravka@pushkinlibrary.kz. Сіздер жіберген ақпараттарды кітапхана сайтына орналастырамыз. Шығыс Қазақстанның қасиетті географиясымен бүкіл әлем таныссын!