Ел аузында, ел алдында жақсы атым аталса, Әке, Сенің аруағың риза болады деп сенем. Балалық балғын күндерімнің кірбеңсіз, алаңсыз өткені үшін, ұлтжандылық тәрбиеңіз бен өмірдей қымбат өнегеңіз үшін, Әке, мен Өзіңізге мәңгі қарыздармын!, - деген Шағангүл Жанаеваның сөздерін оқыған ата-анасы бар әрбір оқырман автордың «Қоңыраулы жылдар күмбірі» атты кітабын оқымай бей жай қала алмайды.
Кітап бес бөлімнен тұрады. Алғашқысы-дүниеден өтіп кеткен әке-шешесі мен әпкесі Гүлжамал жайындағы толғамдары, «Сені сүю-әлемге маңдайдан нұр тарату»,- атты бөлімде - жұбайы қазақтың талантты ақындарының бірі-Тыныштықбек Әбдікәкімұлының авторға арнап жазған өлеңдері. Ұзақ жылдар Семейдің Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры бола жүріп, колледж тарихы, түлектері туралы жазған мән мағынасы өте зор мақалалары топтастырылған.
Кітап өте тартымды жазылған. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу –шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Әрбір оқырман өзіне қажетті мағлұматтың куәгері бола алады. Кітап сіздің еншіңізде.