Семейде Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды.
Қоладан құйылып Жеңіс саябағының іргесінен бой көтерген мүсіннің биіктігі тұғырымен 6 метрге жуық. Салтанатты шарада сөз алған қоғам қайраткерлері: «Тарихи тұлғаларды әспеттеу – рухани жаңғыруымыздың дәлелі», – дейді.
Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов.
Save