2017 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында Құнанбай Өскенбайұлына еңселі ескерткіш қойылды.
Бұл Абай ауданындағы жергілікті кәсіпкерлердің бірінің жерлестеріне жасаған тартуы. Ескерткіш авторы — семейлік мүсінші Нұрбол Қалиев. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метр. . Мүсін таза қоладан құйылған.