Кітапхана қорына аса құнды тарихи жәдігер – этнограф-тарихшы Құрбанғали Халидидің «Тауарих –и хамса-и шарқи Шығыстың бес тарихы» атты еңбегі қосылды.
«Тауарих –и хамса-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы «1910) исі түркі қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсы ғылыми терминдері барынша еркін қолданылған бұрынғы басылымдары қысқаша берілген болатын.
Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті жанындағы »Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы мен ұлттық академиялық кітапхананың сирек қоры бөлімі бірлесе отырып, жүзеге асырылған бұл жоба – тарихшының қолжазба мәтінін барынша дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатнда орындалған. Мәтін - Қазан, Алматы басылымдарымен салыстырылып, қолжазбаның транскрипциясы мен қазақша аудармасы қатар ұсынылған.
Өлке тарихын танығысы келген оқырмандар мен мамандар үшін тамаша еңбек! Кітапханаға асығыңыздар!