Тарих ғылымдарының докторы, Жалпыұлттық тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері, Германия Археологиялық институтының мүше-корреспонденті, көшпенділер мәдениетінің нағыз қазынасы саналатын Берел қорғанын ашқан археолог - жерлесіміз Зейнолда Самашевтың туғанына 70 жыл.
Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі және орта ғасырлардағы археологиясы, тарихы, мәдениеті және өнері. Қазақстан, Ресей, ҚХР, Франция, АҚШ өңірлерінде жарық көрген 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Ғылыми еңбек жолын қарапайым лаборанттан бастаған З. Самашевтің археологиялық бағыты Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты.
Save