Өр Алтайдың бауырында орналасқан, кезінде Қаратай елі болыстығының орталығы болып, тұңғыш мектеп ашқан Шыңғыстай ауылының тарихы туралы энциклопедиялық сипаттағы «Шыңғыстай» жинағы жарық көрді. Жинақты құрастырған сол ауылдың тумасы - Ербол Баянғазыұлы.
Қиын-қыстау заманда елін өрге сүйреген ру ағалары мен қуғын –сүргін кезеңдері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл мен майдан ерлері, есімдері ел есінде қалған азаматтар туралы зор құрмет, асқан сүйіспеншілікпен жазылған. Ауыл ардақтыларының өмір жолдары қызғылықты, туған жерге сіңірген ауқымды еңбектері туралы кеңінен қамтыған.
110 жылдық тарихы бар Шыңғыстай мектебінің тарихы, оның әйгілі түлектері жайында естеліктер өз алдына. Туындыға кірген нар тұлғалардың тағдыры, олардың өлшеусіз еңбектерінің кейінгі ұрпаққа берер үлгі - өнегесі мол.