Өлкетану электронды кітапханасы Кенді Алтай геологиясы бойынша кітаптардың электронды нұсқасымен толығуда.
Раритеттік басылымды ұсынып отырмыз:
Геология СССР [Электронный ресурс]. - М.; Л. : Изд-во геологической литературы, 1941 - .
Т. ХХ : Восточный Казахстан, ч. 1: Геологическое описание. - 863 с. - 3 р. 50 к.
Көптомдық «Геология СССР» («ССРО геологиясы») Ұлы Отан соғысына дейін жарық көрген. Бас редакторы Илья Ильич Малышев (1904-1973 жж.) – геология-минералогиялық ғылымдарының докторы, ССРО-ның Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты Геология ісі комитетінің төрағасы.
Жиырмасыншы том Шығыс Қазақстанның геологиялық сипаттамасына арналған. Кітап 1941 жылы 3000 данамен басылып шыққан. Бұл ауқымды еңбекті құрастыруға қырықтан аса ғалым қатысқан. Көлемді болғандықтан том екі бөлімге бөлінген. Мақалалардың көбі очерктер түрінде жазылып, тақырыптық тарауларда орналастырылған. Бірінші бөлім алты тараудан тұрады - Стратиграфия, Тектоника, Вулканизм, Геоморфология.
Екінші бөліміне Геологиялық-экономикалық сипаттама, Гидрогеология, Инженерлік геология, Шығыс Қазақстан геологиясы туралы әдебиеттер тізімі мен көрсеткіштері деп аталатын тарауларды орналастыру көзделген.
Томның редакторы Николай Григорьевич Кассин (1885-1949 жж.) – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, геология-минералогиялық ғылымдар докторы, Қазақ ССР-і ҒА академигі. Осы басылым «Шығыс Қазақстан геологиясы жайлы бірінші толық мәлімет» деп есептейді ғалым.
Н. Г. Кассиннің жоспарын жүзеге асыруға Ұлы Отан соғысы кедергі болды. Сөйтіп жиырмасыншы томның екінші бөлімі жарыққа шықпады.
«Геология СССР. Т. ХХ. Восточный Казахстан» ғылыми еңбегіне және Қазақстанның құрылымдық-тектоникалық картасына енген Қазақстан аумағында жүргізген геологиялық зерттеулері үшін 1946 жылы Н. Г. Кассин бірінші дәрежелі Сталин сыйлығымен марапатталды.
Еңбек жоғары бағаланғанмен екінші бөлімнің шығарылуына қайта оралған жоқ. Мүмкін Н. Г. Кассиннің 1949 жылы дүниеден өткеніне байланысты болар.
Бүкіл көптомдықтың бас редакторы И. И. Малышев (ССРО геологиясының министрі, 1946-1949 жж.) сол 1949 жылы «Краснояр ісіне» қатысты қызметтен босатылған.
«Геология СССР» (ССРО геологиясы») бірінші көптомдықтың шығарылымы тоқтап қалды.
.