Климат Усть-Каменогорска (эколого-географический аспект) [Текст] / под ред. А. В. Егориной. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2009. - 235 с.
Монографияда Өскемен климатының сипаттамасы және қала бірыңғай экологиялық теңескен жүйе ретінде қарастырылады. Жер бедері, гидрографиялық жүйе, жел соғу ерекшеліктеріне байланысты өзінің функционалды жоспарлау құрылымын қалыптастырып, қалалар табиғат ландшафтына енеді. Әр қала тек өзіне тән климат ерекшеліктерін құрайды.
Кітапта қала құрылысына маңызды климат сипаттамасы беріледі: температура режимі, температуралық ауысым, аязсыз кезеңнің ұзақтығы, ылғалдылық көрсеткіштері, жел соғу тәртібі, күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашынның көлемі мен сипаты. Осы аталған климат сипаттамалары үй құрылысын жоспарлауға, салуға, ғимарат үлгісін таңдауға, көгалдандыру әдістеріне өз талаптарын қояды.
Қазіргі кезде көп қабатты ғимараттардың ішіндегі ең тиімдісі ретінде Өскеменнің жаңа құрылыс алаңдарында 9 қабатты тұрғын үй салу жаппай орын алған. Құрылыс материалдарының эрозиясын бағалау үшін ауа райының өзгеруі, температураның алмасуы есепке алынады.
Қала маңында орналасқан ауыл шаруашылығын жоспарлауда, қалааралық көлікті дамытуда және қызмет көрсетуде, демалыс орындарын таңдауда, шипажайлар салуда климат туралы мәліметтердің маңызы зор.
Атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы метеорологиялық жағдайларға байланысты. Бірақ кейде ауа райының алмасуы кезінде өнеркәсіптік зиянды заттардың адам өміріне қажетті атмосфералық қабатта жиналып, жағымсыз санитарлық-гигиеналық жағдай жасайды.
Сондықтан, қалалардың бас жоспарларында және аудандық құрылыстарды жобалауда микроклиматтық жағдайға ерекше көңіл бөлінеді.