Облыстық департамент құтқарушылары күн сайын, әр сағатта өте маңызды да мәнді істер атқаруда. Табиғат тарту еткен байлықпен қатар ел игілігі үшін адам қолымен жасалғанның бәрін аман сақтап қалу мен құтқару ісіне ерекше назар аудырып, өз істерін асқан ынтамен орындайды. «Тілсіз жауды тізгіндеген- Идущие на огонь» атты кітап Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызметінің ең ірі бөлімшесі - Шығыс Қазақстан гарнизоны туралы сыр шертеді. Қазақстанның өрттен қорғау қызметі осы өңірде дүниеге келгенін әркім біле бермес. Өрт сөндірушілердің ерен еңбегі мен қызмет бабында қаза тапқан жерлестер туралы білгіңіз келсе, осы кітапты оқыңыз!