kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

саятшы Тіней19-20 ғасырларда орыс қоныс аударушылары өлкеміздегі шұрайлы жерлерді алып қана қоймай, елдімекендердің, жер-сулардың тарихи атауларын біржолата жойып, топонимдерді өз тілдеріне икемдеп алмастырғаны мәлім. Оның дәлелі ретінде көптеген мысалдарды келтіруге болады. 19-20 ғасырларда Шыңғыстай болысындағы ауылдарды нөмірлеп атағанымен, кебіреуінің атаулары болғандығын тарихи құжаттардан кездестіреміз. Солардың біразын тізбелей кетсем: бұрынғы Медведка, қазіргі Белқарағай ауылының атауы Терісбұлақ, Солдатова ауылының атауы Тінейсу, бұрынғы Верхберезовка, қазіргі Қайыңды ауылының атауы Өртешбұлақ (орысша «Уртеш булак» деп жазылады) болған екен. Бұл атауларды өткен ғасырдың бас кезінде өлкемізге келген орыс тарихшысы Шмурло Е.Ф. еңбектерінен кездестірдім. Біле-білген адамға жер-су атаулары халқымыдың сан ғасырлық таихынан сыр шертеді. Белқарағай ауылының Терісбұлақ аталуы түсінікті, себебі ауылдың жанынан ағып өтетін өзен батыстан шығысқа қарай ағып жатыр, ал өлкеміздегі көпшілік өзен-сулар шығыстан батысқа қарай ағады. Жер-суға атау қоюға шебер бабаларымыз осы жерге Терісбұлақ атауын лайық көрген сияқты.

Бүгінгі мақалам Солдатова ауылының атауы Талды (орысша Таловка), одан бұрынғы атауы Тінейсу деп аталуы жайында болмақ. Алғашында Тіней деген не мағана береді, ол кісі есімі ме, зат па, әлде басқа тілден енген сөз бе анығын білмедім. Соңынан Тіней деген орта және кіші жүздегі рулардың атауы және кісі есімі екендегін анықтадым. Бірақ оның біздің өлкемезге қаншалықты қатысы бар екендігі белгісіз болды. Осы жайлы әр ортада, кездескен көзі қарақты азаматтарымыздан сұрастырып жүретінмін. Бірде өзімнің құрдасым, ұзақ жылдар аудандық басшылық қызметтерде қызмет атқарған Майемер ауылының тұрғыны, Мамыров Ерік Қалиасқарұлымен осы жайлы әңгімелесудің сәті түсіп, Тіней туралы көп мағлұматтарға қанықтым. Ерік Қалиасқарұлының айтуынша Тіней тарихта болған адам, алты Қаратай ішіндегі Шеруші руындағы Көшкіншінің бес ұлының ортаншысы. Қазір ұрпақтары Белқарағай, Катонқарағай ауылдарында өркенін жаюда. Катонқарағай ауылындағы аудан аралық аурухананы ұзақ жылдар басқарған Қадырбаев Арқабек Шәймарданұлы Тінейдің алтыншы ұрпағы. Бошай Кітапбаев атамыздың «Тоғыз таңбалы Найман» атты шежіре кітабында Тінейдің шежіресі толық таратылған.

Қазіргі Солдатова ауылының жанында екі өзен келіп қосылады, оның бірі шығыс жақтағы Қаратаудан келетін өзен ертеректе Тінейсу деп аталыпты. Оның бойында Тіней ақсақалдың ауылы мекендепті, сондықтан бұл өзен Тінейсу деп аталған көрінеді. Тіней аса ауқатты адам болмаған, мал-дүние жинамаған. Бірақ белдеуінен ат, тұғырынан бүркіт, босағасынан тазы кетпеген сері, атқты бүркітші, саятшы болған адам екен. Салбурын кезінде айлап аңшылық құрып, ұстаған аңдарын сыралғы ретінде ауылдастарына таратып, ал ауылдың кәрі-жасы Тінейдің тілеуін тілеп отырады екен.

1866 жыдан бастап бұл жерге орыс отарлаушылары қазақтардың қыстақтарын өртеп, шабындықтарын тартып алып мекендей бастайды. Жоғарыда айтылған екінші өзен Солдатова ауылының солтүстігінен келіп Тінейсуға қосылады. Ол өзеннің атауы Талды. Осыған байланысты ауыл атын орыс қоныстанушылары алғашында Таловка деп атайды. Кейбіреу Таловка деген орыстың «талая вода» деген сөзінен шыққан дейді, меніңше ол қате, себебі өзен қардың еріген суынан пайда болса ол жаз айларында құрып қалуы керек еді. Сондықтан Таловка деген Талды деген қазақтың сөзінен шыққан. Кейінен ауыл аты Солдатово болып аталып, қазіргі уақытқа дейін сақталуда.

Қазақ ауыз әдебиетінде «Тінейдің сары құсы» деген әңгіме бар, ауыз әдебиеті болғандықтан оның неше түлі нұсқалары кездеседі. Ерік Қалиасқарұлының тұжырымынша осы аңыз әңгімедегі Тіней мен біздің жерімізде өмір сүрген Тіней екеуі бір тұлға. Бұл тұжырымға мен де толықтай қосыламын, оған бірнеше дәлелдерді келтіре кетуді жөн санадым. Ата-бабаларымыз жер-суға кісі есімдерін қоймаған, не өте сирек қойған. Қазір ғой жер-жердің барлығын кісі есімдерімен атайтынымыз, шабындық жерлерді сол жерді шапқан адамдардың атымен атау, немесе малшылардың отырған қыстақтары, жайлаулары, күзеулері де сол малшылардың аттарымен аталып жатады. Тінейдің есімін өзі мекен еткен жердегі өзенге беруі тектен-тек емес, оның бойында ерекше қасиет болғаны. Сонымен қатар аңыздағы Тіней Алтай тауларында мекен еткендігі айтылады, сондай-ақ Тіней деген есімнің өзі өте сирек кездесетін кісі аты. Екеуі де аңшы, бүркітші, мал-дүние жинамаған, ұстаған аңдарын сырағы ретінде таратып отырған.

Тағы бір дерек, Қаратай еліне танымал Дәулет руынан тарайтын Таңырық ақын Қытай еліндегі Абақ керейдің, Жайырдағы наймандардың арасында жүріп айықпас науқасқа ұшырап:

Жасымда ақын болдым өлең дарып,

Жат жерде ауырумен болдым ғаріп.

Бұлқынған асау тайдай қайран күнім,

Барады сөйткен заман бізден қалып...- деп әр рудың белді тұлғаларына өлеңмен жанындағы серікткерінен елге сәлем жолдайды. Ол жайлы Бошай Кітапбаевтың кітаптарынан және Қайырды Назырбаевтың «Катонқарағай қаламгерлері» атты кітабынан оқуға болады. Таңырық ақын Шимойын руынан шыққан жауырыны жерге тимеген Қармыс деген балуанға арнап төмендегі бір шумақ сәлемін жолдаған екен:

Ер қайда, Шимойынның Қармысындай,

Жетесі бір қарыстың жармысындай.

Не тойда жүрексінбей күресуші ед,

Тінейдің аю алған сары құсындай.

Осы шумақтың өзінен-ақ Тіней жайлы аздаған болсын мәлімет алуға болады, оның бүркітшілігі, сары құсы болғандығы, оның аюға түскендігі айтылады. Осыларды саралай келе аңыздағы Тіней мен біздің өлкемізде өмір сүрген Тіней екеуі бір адам деп қорытынды жасауға болатындай.

Жоғарыда айтқанымдай қазақ ауыз әдебиетінде «Тінейдің сары құсы» жайлы бірнеше нұсқада жазылған әңгімелер бар, соның бірін назарларыңызға ұсынамын.

ТІНЕЙДІҢ САРЫ ҚҰСЫ

Нығымет Мыңжани (Ел аузынан)

Ертеде Алтай тауын мекен еткен Тіней атты атақты саятшы болыпты. Жазғытұрым жалғыз құла биесі бошалап кеткен Тіней, атырапты арылтып іздеп келе жатып, әлі толық ерімеген өзеннің мұзы үстінде құлындап, қара құйрық, қара жал, еркек құлын туған биесін табады. Қасына жетіп келсе, жарықтық құла бие қамыс құлағын қайшылап, өзеннің жағасына жалтақ-жалтақ елеңдейді. Бұған не болды деп қараса: жағада құла биенің шуын жеп тояттап, қанаты суға малынып сауыс-сауыс боп қатқан сары бүркіт отыр. Тіней бүркітті ұстап күпісіне орап алады да, жаңа құлындаған биесін айдап үйіне келеді. Бұл бүркіттің бітімі бөлек, тегеурін тұяғының жебесі жарты қарыс екен. Құсты көргендердің бәрі: «Ақиық, қандыбалақ қыранның өзі» деп мақтасады.

Ғайыптан қолына түскен сары құсты Тіней үш жыл түлетіп барып салады. Бірақ үміт ақталмайды. Тағы екі жыл түлетеді. Бұл кезде баяғы қаражал құла құлын бесті шығып, жақсы ат болады. Тіней құсбегі құла атына мініп, сары бүркітін көтеріп қыс бойы саятшыласа да ештеңе алдыра алмайды. Мұны көрген басқа саятшылар − Ей, Тіней «құсың түлкі алса бүркіт, алмаса лау мінген шүршіт» дейтін сөз бар, жалғыз атыңды қинап әуре болғанша, аяқ бау, томағасын сыпырып қоя бер! – деп ақыл айтады. Сары құстың бітімі мен көрік-келбетінде бір керемет барын байқаған Тіней оны босатып қоя беруге қимайды, есік алдындағы қу түбірге қондырып байлап қояды. Сары құс анда-санда мыңқылдап шақырып қойып отыра берді.

Бірде ауылдың жылқысы барымталанады. Іздеушілер бейсауат бір адамды «ұрылармен сыбайлас» деп ұстап әкеліп, аяқ-қолына кісен салып қояды. Ол сорлы бірде әлгі адам кісенін салдырлатып Тінейдің үйіне келеді. Есік алдында қу түбірге қонып отырған сары құстың мыңқылдап шақырған үнін естіп:

− Қайран қыраным-ай, Алтайдың алты асқарын асып сен қайдан келіп едің, алты қабат Алатауды басып мен қайдан келіп едім? – деп күңіренеді. Бұл сөзді естіген Тіней:

− Ей, сорлы сен бұл құстың тегін танып, тілін білетін кісідей сөйледің-ау, бұл саған «Алтайдың алты асқарын асып келдім» деп тіл қатты ма?- деп сұрайды. Ұры айтады: Ақиық Алтайға кетті, Ақшегір Нарынға кетті, Қарагер Боғдаға кетті, Сабалақ сары сауырға кетті, – деген екен, жалайыр Шора, мынау сол «Алтайдың ақиығы». Құстың оң иығындағы ақ жүн адам алатындығының нышаны, сол иығындағы ақ жүн аң алатындығының айғағы. Бұны аңға салмай тұрып оң иығындағы ақ жүнді қиып тастау керек. Әрі бұл қыранның ер сүйегі бармақтай екі топшысының ұшында екі тегеуір тұяғы бар, бұл қатардағы құс емес, Ақиықтың ішіндегі қыраны, дейді. Бұл сөзді естіген Тіней:

− Рас айтасыз. Бұл құс қолға түспес асыл қыран деп өзім де ойлаған едім, бірақ үш жыл түлетіп салсам да тышқан мұрнын қанатпады!

− Аң алмайтын құс жоқ қайыруын тапса деген, бұл құсты қалай түлетіп, қалай қайырып едіңіз? Бұл сұраққа таңданған Тіней:

− Құсты қалай түлетіп, қалай қайырудың баяғыдан келе жатқан дәстүрі бар емес пе, жаздай суыр етімен түлетіп, бөртпемен жүндетіп, ақ жеммен қайырдым, – дейді.

− Бұл әдеттегі құс емес, өзгеше құс, мұның бабы да өзгеше – дейді тұтқын.

– Жаз шыққанда аяқ бауын ал да қоя бер, жаз бойы емін-еркін шалқып ұшып жүрсін. Қашып кетер деп қорықпа, сен оған сенсең, ол да саған сенеді, сені тастап кетпейді. «Қазанның қара дауылы» түскенде ұстап тұғырына қондыр да ту биенің қазысымен қайыр, қыс бойы жерге түспейді, көзіне көрінген аңды жібермейді. Мұның тағы бір шалт мінезі – кешке аңнан қайтқанда елігіп кез келген адамды көкке көтеріп ұшырып ойнайды, қасыңдағы қағушыңа құлын жарғақ кигізіп, арқасына ергеншек таңып қойғайсыз…

Тіней құсбегі тұтқынның ақылына сүйсініп, оны кепілдікке алып, аяқ-қолын кісеннен босатып еліне аттандырады. Осы тұста баяғыда бес жыл бұрын қаражал құла құлын тапқан Тінейдің құла биесі қатарынан бес жыл қысырап, семіздіктен шайлап жүре алмай, күздің қара суығы түскенде жон арқасы жарылып өледі. «Іздегенге – сұраған» дегендей Тіней құсына құла биенің семіз қазысын беріп қайырады. Күйі келген сары құс қыстағы салбурында көзіне көрінген аңды қалт жібермей ұстайды. Күн батып аңнан қайтқанда елігіп ұшып, қолға қонбай кергіп, кұлын жарғақ киіп арқасына ергеншек байлаған қағушыны қағып алып көкке ұшырып, құмары қанған соң қайта әкеліп жерге түсіріп ойнайды.

Қыс өтіп саятшылық маусымы аяқталған соң Тіней құсының аяқ бауын алып қоя береді. Ол күні бойы емін-еркін ұшып жүріп, кеш бата кез келген үйдің шаңырағына барып қонады. Сары құстың шаңыраққа келіп қонуын «құт» деп білген жұрт оған қонағасы беріп, мейман ететін дәстүр қалыптасады.

Күндер өтіп сары құстың атағы ат жетер жерге жайылады. Бірде Тіней құсбегі салбурынның соңғы қызығын көрмек болып аңға шығады. Биікке шығып томаға тартқаны сол еді, қолындағы құсы тілеп ұшады да бір терең шатқалдың үстіне барып тік шаншылып құлдилап кетеді. Тіней атымен шауып жетсе, шатқалдың іші астан-кестең. Найзағай жарқылдап, сарала сағым ойнайды. Барайын деп ұмтылса астындағы құла аты ышқынып үркіп, апыр-топырдың маңына баспайды. Кешікпей күн ұясына батып, жұлдыз жамырап, жер жаһанды қараңғылық бүркейді.

Ертеңінде таңсәріде Тіней ел-жұртты жинап барса, сары құс тастың үстінде түк болмағандай таранып отыр. Сөйтсе, адам бармайтын терең шатқалда алып жылан бар екен бүркіт соған барып түскен де оны өлтіріп, басын мүжіп тояттап отырған түрі. Айдаһардың жайрап жатқан жемтігін көрген жұрт еріксіз таңдай қағады.

Сары құстың арқасында Тінейдің де атағы аспандайды. Бірақ жазымыштан озмыш жоқ, құсбегі кенет айықпас дертке шалдығып, төсек тартып жатып қалады. Дауасыз дертке тап болғанын сезген құсбегі, туған-туыстарымен арыздасып: «Мен өлген соң жаназама сойылған жылқының қазысын сары құсқа жегізіп, аяқ бауынан босатып қоя беріңдер» деп көз жұмады.

Құсбегінің өсиеті бойынша ел сары құстың аяқ бауын алып, бостандыққа қоя береді. Бүркіт самғап ұшып, ақша бұлтқа сіңіп көзден ғайып болады. Келесі жылы ел-жұрт жиналып Тінейге ас береді. Сол сәтте ақша бұлтты қақ жарып сорғалап жеткен сары құс жер ошақтың басына келіп қонады. Жер ошақтың басындағылар оған асқа сойған жылқының өкпесін лақтырады. Оны іліп алып аспанға көтерілген бүркіт әбден биіктеп алған соң шеңгеліндегі өкпені жемей жерге тастай салады. Шырқау көкте қалықтап әрі-бері ұшады. Кенет қанатын қомдап, ас беріп жатқан ауылдың шетіндегі зиратқа қарай атқан оқтай шүйіледі. Тарс еткен дыбыс, бұрқ етіп көкке көтерілген шаңнан кейін, жиналған қауым зират жаққа жүгіреді. Олар Тінейдің зиратына соғылып өлген сары құстың талқаны шыққан жемтігін көреді.

 

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений