kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

19-20 ғасырларда орыс қоныс аударушылары өлкеміздегі шұрайлы жерлерді алып қана қоймай, елдімекендердің, жер-сулардың тарихи атауларын біржолата жойып, топонимдерді өз тілдеріне икемдеп алмастырғаны мәлім. Оның дәлелі ретінде көптеген мысалдарды келтіруге болады. 19-20 ғасырларда Шыңғыстай болысындағы ауылдарды нөмірлеп атағанымен, кебіреуінің атаулары болғандығын тарихи құжаттардан кездестіреміз. Солардың біразын тізбелей кетсем: бұрынғы Медведка, қазіргі Белқарағай ауылының атауы Терісбұлақ, Солдатова ауылының атауы Тінейсу, бұрынғы Верхберезовка, қазіргі Қайыңды ауылының атауы Өртешбұлақ (орысша «Уртеш булак» деп жазылады) болған екен. Бұл атауларды өткен ғасырдың бас кезінде өлкемізге келген орыс тарихшысы Шмурло Е.Ф. еңбектерінен кездестірдім. Біле-білген адамға жер-су атаулары халқымыдың сан ғасырлық таихынан сыр шертеді. Белқарағай ауылының Терісбұлақ аталуы түсінікті, себебі ауылдың жанынан ағып өтетін өзен батыстан шығысқа қарай ағып жатыр, ал өлкеміздегі көпшілік өзен-сулар шығыстан батысқа қарай ағады. Жер-суға атау қоюға шебер бабаларымыз осы жерге Терісбұлақ атауын лайық көрген сияқты.

Бүгінгі мақалам Солдатова ауылының атауы Талды (орысша Таловка), одан бұрынғы атауы Тінейсу деп аталуы жайында болмақ. Алғашында Тіней деген не мағана береді, ол кісі есімі ме, зат па, әлде басқа тілден енген сөз бе анығын білмедім. Соңынан Тіней деген орта және кіші жүздегі рулардың атауы және кісі есімі екендегін анықтадым. Бірақ оның біздің өлкемезге қаншалықты қатысы бар екендігі белгісіз болды. Осы жайлы әр ортада, кездескен көзі қарақты азаматтарымыздан сұрастырып жүретінмін. Бірде өзімнің құрдасым, ұзақ жылдар аудандық басшылық қызметтерде қызмет атқарған Майемер ауылының тұрғыны, Мамыров Ерік Қалиасқарұлымен осы жайлы әңгімелесудің сәті түсіп, Тіней туралы көп мағлұматтарға қанықтым. Ерік Қалиасқарұлының айтуынша Тіней тарихта болған адам, алты Қаратай ішіндегі Шеруші руындағы Көшкіншінің бес ұлының ортаншысы. Қазір ұрпақтары Белқарағай, Катонқарағай ауылдарында өркенін жаюда. Катонқарағай ауылындағы аудан аралық аурухананы ұзақ жылдар басқарған Қадырбаев Арқабек Шәймарданұлы Тінейдің алтыншы ұрпағы. Бошай Кітапбаев атамыздың «Тоғыз таңбалы Найман» атты шежіре кітабында Тінейдің шежіресі толық таратылған.

Қазіргі Солдатова ауылының жанында екі өзен келіп қосылады, оның бірі шығыс жақтағы Қаратаудан келетін өзен ертеректе Тінейсу деп аталыпты. Оның бойында Тіней ақсақалдың ауылы мекендепті, сондықтан бұл өзен Тінейсу деп аталған көрінеді. Тіней аса ауқатты адам болмаған, мал-дүние жинамаған. Бірақ белдеуінен ат, тұғырынан бүркіт, босағасынан тазы кетпеген сері, атқты бүркітші, саятшы болған адам екен. Салбурын кезінде айлап аңшылық құрып, ұстаған аңдарын сыралғы ретінде ауылдастарына таратып, ал ауылдың кәрі-жасы Тінейдің тілеуін тілеп отырады екен.

1866 жыдан бастап бұл жерге орыс отарлаушылары қазақтардың қыстақтарын өртеп, шабындықтарын тартып алып мекендей бастайды. Жоғарыда айтылған екінші өзен Солдатова ауылының солтүстігінен келіп Тінейсуға қосылады. Ол өзеннің атауы Талды. Осыған байланысты ауыл атын орыс қоныстанушылары алғашында Таловка деп атайды. Кейбіреу Таловка деген орыстың «талая вода» деген сөзінен шыққан дейді, меніңше ол қате, себебі өзен қардың еріген суынан пайда болса ол жаз айларында құрып қалуы керек еді. Сондықтан Таловка деген Талды деген қазақтың сөзінен шыққан. Кейінен ауыл аты Солдатово болып аталып, қазіргі уақытқа дейін сақталуда.

Қазақ ауыз әдебиетінде «Тінейдің сары құсы» деген әңгіме бар, ауыз әдебиеті болғандықтан оның неше түлі нұсқалары кездеседі. Ерік Қалиасқарұлының тұжырымынша осы аңыз әңгімедегі Тіней мен біздің жерімізде өмір сүрген Тіней екеуі бір тұлға. Бұл тұжырымға мен де толықтай қосыламын, оған бірнеше дәлелдерді келтіре кетуді жөн санадым. Ата-бабаларымыз жер-суға кісі есімдерін қоймаған, не өте сирек қойған. Қазір ғой жер-жердің барлығын кісі есімдерімен атайтынымыз, шабындық жерлерді сол жерді шапқан адамдардың атымен атау, немесе малшылардың отырған қыстақтары, жайлаулары, күзеулері де сол малшылардың аттарымен аталып жатады. Тінейдің есімін өзі мекен еткен жердегі өзенге беруі тектен-тек емес, оның бойында ерекше қасиет болғаны. Сонымен қатар аңыздағы Тіней Алтай тауларында мекен еткендігі айтылады, сондай-ақ Тіней деген есімнің өзі өте сирек кездесетін кісі аты. Екеуі де аңшы, бүркітші, мал-дүние жинамаған, ұстаған аңдарын сырағы ретінде таратып отырған.

Тағы бір дерек, Қаратай еліне танымал Дәулет руынан тарайтын Таңырық ақын Қытай еліндегі Абақ керейдің, Жайырдағы наймандардың арасында жүріп айықпас науқасқа ұшырап:

Жасымда ақын болдым өлең дарып,

Жат жерде ауырумен болдым ғаріп.

Бұлқынған асау тайдай қайран күнім,

Барады сөйткен заман бізден қалып...- деп әр рудың белді тұлғаларына өлеңмен жанындағы серікткерінен елге сәлем жолдайды. Ол жайлы Бошай Кітапбаевтың кітаптарынан және Қайырды Назырбаевтың «Катонқарағай қаламгерлері» атты кітабынан оқуға болады. Таңырық ақын Шимойын руынан шыққан жауырыны жерге тимеген Қармыс деген балуанға арнап төмендегі бір шумақ сәлемін жолдаған екен:

Ер қайда, Шимойынның Қармысындай,

Жетесі бір қарыстың жармысындай.

Не тойда жүрексінбей күресуші ед,

Тінейдің аю алған сары құсындай.

Осы шумақтың өзінен-ақ Тіней жайлы аздаған болсын мәлімет алуға болады, оның бүркітшілігі, сары құсы болғандығы, оның аюға түскендігі айтылады. Осыларды саралай келе аңыздағы Тіней мен біздің өлкемізде өмір сүрген Тіней екеуі бір адам деп қорытынды жасауға болатындай.

Жоғарыда айтқанымдай қазақ ауыз әдебиетінде «Тінейдің сары құсы» жайлы бірнеше нұсқада жазылған әңгімелер бар, соның бірін назарларыңызға ұсынамын.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений