Сыры тұңғиық құбылыс
Шәкәрім – философ. Әлемнің інжу-маржандары Аристотель, Ибн-Сина, Ұлықбек, Кант, Платон, Сократ, Әбунасыр сияқты философтарының еңбектерін оқып, зерттеген. Ол қазақ халқы ғана емес, барлық туыстас түркі елдері, орыс және Еуропа халқының философиялық ой-танымын зерлеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл.
Ақынның ”Мұтылғанның өмірі” деген автобиографиялық көркем шығармасын Ғарифолла Есімнің ”Мұтылған” фипософиясы деп қарастыруы кездейсоқтық емес. Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды..
Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.