Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды.
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Оның «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. 19. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен көпке танымал әнші Қабыш Керімқұлов болса керек.
Шәкәрім ән жазумен қатар күй де шығарған. Ақын «Бозторғай» деген күйінің шығу тарихын да таңсәрідегі табиғат көрінісімен байланысты туғанын айтады. Ел жайлауға шыққанда, таң атып келе жатқан мезгілде аспанда сайраған бозторғайдың әдемі үніне елтіп, әсер алғаннан кейін туған күй.
Баласы Ахат әкесінің «Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер», «Насихат», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек ән», «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», «Тыныштық жоқ, тыным жоқ», «Қалқаман Мамыр», «Дубровский» деп аталатын он үш әнін өзінің орындауында магнитофон таспасына жаздырды.
Шәкәрім әндерін лекция-концерт арқылы бүкіл Қазақстанға насихаттаған әнші, домбырашы Мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесековтің еңбегі өлшеусіз.