Жалғыз досым қағаз-қалам
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды.
Шәкәрімнің алғашқы «Қазақ айнасы» (1912) жинағының басты тақырыбы – адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық ой-таным. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақыл», «Адамшылық», «Адам немен», т.б.) Шәкәрім поэзиясының желісі.
Ақын қажылыққа барған сапарында Стамбул кітапханаларында болып, көптеген ғалымдармен жолығады. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Мұтылғанның өмірі», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» аты дастандары, «Әділ-Мәрия» романы, «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары жарық көрді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығыс және орыс классиктері – Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907 ж.), А.С.Пушкиннің «Дубровский» (1908 ж.), «Метель», «Боран» (1936 ж.) өлеңдері, Лев Толстойдың «Асархадон патша», «Үш сауал» тәрізді шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған.