Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңшы қуа беріпті. Алыстап кеткен бұғының соңынан қуып жеткен аңшы оның буы бұрқыраған батпақты бұлаққа шомылғанын көріп қайран қалады. Бұл бұлақтың емдік қасиеті бар-ау деген ойға келеді.
Кейін бұл бұлақ осы аңшының есімімен "Рахман бұлағы" деп аталыпты. Суға шомылған әлгі бұғы жарасынан тез жазылып кеткен дейді.
Әдебиеттер тізімі:
Рахман бұлағы // Қазақ аңыз-әпсаналары. Құраст. Д. Мағлұмов, Ә. Тауұлы. - Алматы: "Балауса" баспасы, 2014. - Б. 27.