kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Enbek armiasy 1Қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан, бүгінге азайып қалған ардагерлердің жүрегін сыздатып, жанын жаралап жатқан ұмытылмас естеліктері, толық зерттелмеген тарихы бар. Тарихтағы сондай ақтаңдақтардың бірі – Ұлы Отан соғысы деп аталған зұлмат жылдары еңбек армиясына алынғандар тағдыры. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Еңбек Армиясы» жобасын қолға алған еді. Жобаның мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек армиясына алынып, жанкештілікпен ауыр жұмыстар атқарған жерлестеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақ соғыстың шын тарихын, қолына күрек пен қайла алып жүріп, Ұлы Жеңіске орасан зор үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерінің еңбегін біліп, құрметтеуі керек.

Бүгінгі ұрпақ «Еңбек Армиясы» деген сөзді білмек түгіл естіген да жоқ. Оның құрамында болғандардың барлығы дерлік бүгінде өмірден өтіп кетті. Олардың адам төзгісіз жағдайда еңбек етіп, ашқұрсақ жүрсе де дыбыстарын шығармай Жеңіс жолында қандай да қиындықтарға төзе білген қайсарлығы, отансүйгіштігі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге.

Көпшілік еңбек армиясын тыл еңбеккерлерімен шатастырады. Сонымен Еңбек армиясы дегеніміз не?

Enbekarmiasy 2Соғыс басталысымен өнеркәсіп орындарындағы жұмыс істейтін халықтың көпшілігі қолдарына қару алып отан қорғауға аттанды. Қорғаныстық маңызы бар ірі зауыттар тылға көшірілді. Жаңа орынға келіп, әскери қару-жарақтар шығара бастаған зауыттар мен комбинаттарға қол күші қажет еді. Фашист жендеттерінен қорғану үшін елімізге орман, көмір, кен, т.б. шикізат өнімдері аса қажет болатын. 1941 жылдың күзінде Қорғаныс комитетінің шешімімен Қазақстан мен Орта Азияда құрылыс батальондары, жұмысшы колонналары құрыла бастады. Оның құрамына әскери қызметке жарамсыз, еңбекке жарамды азаматтар алынды. Еңбек Армиясына барғандар әскери қызметпен теңестіріліп, арнайы отрядтар құрылды.

Еңбек армиялары кеңес дәуірінде азаматтарды еріксіз түрде әскери қара жұмыстарға мәжбүрледі. Соғыс кезінде еңбек армиясы қатарында болғандар екі категорияға бөлінді. Бірінші категория моральдық - саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған, арнайы қоныстандырылған  халық өкілдерінен құрылды. Екінші категория бойынша көпшілігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылған екен.

1941 жылы 28 тамызда СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының немістерді Қазақстанға қоныс аударту туралы жарлығы шығады. Майдан даласында кескілескен шайқастар өтіп жатса, тылда еңбекке жарамды ересек адамдар еңбек армиясына жұмылдырылды. Еңбек майданына әр ұлт өкілдері алынды: орыстар, украиндықтар, қазақтар, татарлар, ең бірінші кезекте 16 мен 50 жас аралығындағы неміс әйелдері, 16-55 жас шамасындағы неміс ерлерлері алынды. Неміс әйелдері ауру себепті, 3 жасқа дейінгі жас балалы болса және оны қарайтын отбасында басқа адам болмаса, күйеуі орыс болса еңбек армиясынан босатылған...Шығыс Қазақстан облыстық құжаттар мекемесіндегі мұрағаттармен таныса келе, еңбек армиясына Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған неміс ұлты көбірек алынғаны байқалды.

Еңбек армиясын жұмылдырумен облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттерінің арнайы құрылған бөлімдері айналысты. Осы бөлімдер жұмысшылардың нақты санын, жынысын, жасын, ұлтын анықтап, шақыру пунктіне жинап, жұмыс орнына жіберіп отырды. Шақырған мерзімге жиналып, өздерімен бірге он күнге жететін азық-түлік, жылы киім, төсеніш ала шығуға міндеттелді. Шақырылғандардың тез арада жиналып, медициналық комиссиядан өтуі, аттанып кетуі, НКВД мен әскери комиссариаттың қатаң бақылауында болған.

Өткен ғасырдың 80 жылдарында «еңбек армиясы» қатарында болған кеңес немістерінің тағдыры туралы біраз мақалалар жарық көрді. Кеңес одағының немістері де Ұлы Жеңісті жақындатуға ерен еңбек үлгісімен үлес қосқаны шындық. Ал осы еңбек армиясында болған немістер туралы жазылмай жатыр. Жобаны қолға алған соң, «осы жобаға қатысыңыздар, әр ауылда еңбек армиясына қатысқан ардагерлер, өздері жоқ болса да балаларының көзі тірі ғаой, хабарласыңыздар!» –деп сауын айттым. Осы мақсатпен Облыстық мұрағаттан еңбек армиясына қатысты құжаттарды ақтардым.

Enbek arm aielМысалы, 1942 жылы Челябі облысының Сосновский ауданына 87 адам жіберілген. Әйел ері аралас бәрі де неміс ұлтынан. (Қ.- 532; Т-4; І -59; Б-288) Олардың қандай жұмыс атқаратыны туралы жазылмаған. Барлық құжатта «секретно» деген жазу бар.

1943 жылы қаңтар айында «Калбаолово» кенішіне тек қана Ұлан ауданынан 101 адам жіберілген. (Қ-532; Т-4; І-124; Б.18) Құрамында әртүрлі ұлт өкілдері бар. Көбі шала сауатты, колхозшылар. Осындай тізім жалғаса береді.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Еңбек Армиясы» 10 жылға жуық уақытқа созылған. Өйткені соғыс аяқталғанымен, экономикасы шайқалған алпауыт мемлекетке зауыт, фабрикалардың әрі қарай жұмысын жандандырып, бейбіт өмірге көшу үшін жұмысшыларды ұзақ ұстауға мәжбүр болды. Соғыстан аман қалғандар жеңімпаз болып елдеріне қайтты. Рас, құрмет те, атақ та, марапат та соларда болды. Олардың ерлігі ерлік-ақ! Ал еңбек армиясына қатысқандар үшін соғыс әлі аяқталмаған еді. Тіпті сол аяқталмаған күйі қалғаны жасырын емес. Неге дейсіз бе? Соғыс аяқталғалы 75 жыл уақыт өтті. Еңбек Армиясын қатысқан бір азаматтың еңбегі айтылғанын естімеппін. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Еңбек Армиясының ерлері» атты жобаны қолға алған соң, бірталай іздендім. Газет - журналдарда некен - саяқ мақалалар болмаса, солардың бір марапат алғанын, билік тарапанынан ескерілгенін байқай алмадым.  

Біздің бастамаға үн қосып әкелері туралы материалдар жіберген оқырмандарымызға алғысымыз шексіз. (http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/ly-zhe-iske-70-zhyl/e-bek-armiyasy/9-uncategorised/2856-b-ri-de-majdan.htm

200 000-нан астам қарапайым қолхозшылар да еңбек армиясы қатарында болған. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды. Мыңдаған қазақстандықтар еңбек армиясы құрамында металл балқытатын мартен пештерінде, канал қазу жұмыстарында, тайгада ағаш кесуде өзге де адам төзгісіз жанкешті еңбекті қажет ететін қара жұмыстарды атқарған.

«Еңбек Армиясы» қатарында жаумен мылтықсыз соғысқан ерлердің бірі күршімдік - Исанов Манасбай, 1915 жылы туған. 1942 жылы Күршім аудандық Әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанады. Бірақ соғысқа жіберілмей, Челябинск қаласындағы қорғаныс қару-жарақтарын шығаратын ірі металлургиялық зауытқа жұмысқа апарылады. Таңның атысы, күннің батысымен есептеспей еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға жанқиярлық еңбекпен үлес қосқан жұмысшылар жағдайы өте ауыр болды. Жылы төсек, тойып тамақ ішу деген үш ұйықтаса түстеріне кіргенді қойып, естіп көрмеген. Сыз барақтағы ағаш сәкіде жатып ұйықтап, қандала мен бүргеге таланса да, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен, ертеңгі күнге деген сеніммен адам төзбес жағдайда, күніне 12-14 сағат еңбек еткен. Манасбай Исаұлы сол зауытта еңбек еткен жалғыз қазақ болған екен. Пеште қатты жарылыс болып, құлағы естімей, мылқау болып қалады. Біраз ем-дом алып, жазыла қоймаған соң, 1945 жылдың басында елге қайтады. «Еңбек Армиясы» қатарында болған көптеген біздің жерлестеріміз сияқты Манасбай атаның да еңбегі ешқашан не жазылып, не айтылып көрген емес.Тіптен өзін соғыстан қашып кеткен адамдай сезінген күндері де болыпты. Әр жыл сайын тойланатын Ұлы Жеңістің мерекелік шараларының біріне де шақырылмай, еш еленбей, сол соғыстың зардабынан 1971 жылы 56 жасында өмірден өтті.

Ал катонқарағайлық Қасен ЫбырайымовСемей қаласында екі ай дайындықтан өтіп, енді қан майданға  қолға қару алып Отан қорғауға  аттанамыз ба деп жүргенде бір түнде эшалонмен  Қарағандыдан бірақ шыққан. Сөйтіп, 1941 -1945 жылдары  Еңбек Армиясы қатарында Майқұдық көмір шахтасында әскери борышын өтеген. Соғыс жылдарындағы   4 жыл ішінде Қарағанды шахтасы тарихи мәлімет бойынша 34 млн тонна көмір шығарған. Бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 млн. т. артық.  Техника дамымаған кезде қайламен, күрекпен қазып алынған мол көмірде біздің жерлесіміз Қасен атаның маңдай тері, адал еңбегі, зардап шеккен денсаулығы, еңбегі жоқ деп кім айта алар екен? Сыз, төбесінен су тамшылап тұрған қаракөлеңке, қуықтай тар шахтада  бел жазбай көмір қопарып,  оны вагон арбаға тиеп, сыртқа жөнелтіп, поездардың тоқтаусыз жүруін, зауыттардың үзіліс жұмыс істеуін қамтамасыз етпесе, жауға атылар әр оқ  уақытында жасалар ма еді? Өмір сүруге ешқандай жағдай жасалмаған сыз барақтағы сабан төсеніште жатып, ашқұрсақ жүріп, еңбек көрігін қыздырған, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен «қаруланған»  Қарағандыдағы ауыр жұмыстан Қасен ақсақалдың отыз екі тісі жасына жетпей түсіп, қызыл иек болып қалған еді. Міне, еңбек армиясының зардабы қандай болған.?

Ал марқакөлдік Салих Кемешұлы Зайсан ауданында МТС- та еңбек еткен. Әскерге деп шақырылып, қолының шеберлігін байқаған басшылар еңбек армиясы деп ауылшаруашылығы жұмысына шеккен. Ұстаханада бел шешпей молотилка, плуг т.б. ауылшаруашылық техникаларын жөндеп еңбек көрігін қыздырыпты. Бір қызығы іргедегі Марқакөлде тұрып жатқан семьясына хат жаздырмаған. Алуан түрлі тағдыр, алуан түрлі өмір деген осы да.

Сарғайып тозығы жеткен мұрағат құжаттарын ақтара отырып, Ұлан аудандық әскери комиссариатының тізімімен қаншама жерлестеріміз еңбек армиясына аттанғанының куәсі болдым. (қор-532; т-4; і-97). Әр тізімде жұмысшының туған жылы, әскери лауазысы, партиялылығы, ұлты, білімі, тұрғылықты жері көрсетілеген. Жіберілген жерлері әртүрлі - Сібірдің Загорск қаласы, Бузулык станциясы, Челябинск металлургия зауыты, Пермь қаласы, Семей ет комбинаты, Кузбас шахтасы; «Калбаолово» кен басқармасы. Горький артеллерия зауыты, Ташкент, Ашхабат қалалары, Лениногор кеніші, Зырян металлургия комбинаты т.б.

Моральдық – әлеуметтік жағынан өте төмен саналған осы аянышты тағдыр иелерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Әлі күнге дейін қоғамда лайықты бағасын ала алмаған осы «трудобойлар» туралы ащы шындықтың айтылмай жүргені рас. Тіпті көркем әдебиетте де аз қамтылған. Жерлесіміз Оралхан Бөкейдің «Бәрі де майдан» хикаятын оқыңызшы. Еңбек армиясында болып, ешбір еленбей, еленгенді қойшы, «құдай-ай адам ба десем, «трудобой екен ғой» деген сөзді ғана естіп өткен Ақан тағдырына бей-жай қара алмайсыз. Соғысқа деп аттанған Ақан майданға апармай, қара жұмысқа салады деп әсте ойламаған. Свердловск облысының ен даласында қақаған аязда, қалың қардың астындағы «огнеупорный глина» деген ақ топырақты күрек пен қайламен қазып, күніне он-он екі сағаттан жұмыс істеген. Отқа төзгіш топырақтан металл балқытатын қазандар жасайды екен. Оның не үшін керегі айтпаса да түсінікті...

Хикаяттағы Ақан бейнесі Оралханның әкесі Бөкейдің прототипі деседі. Хикаятты бірнеше рет оқып шықтым. Жүрегімді аяныш па белгісіз бір сезім билеп, Ұлы Отан соғысының қырғынына қатысып, аман оралған әкемді есіме алдым. Жыл сайын өтетін Жеңіс мерекесіне ауылдық клубқа барып келгенде көңілі көтеріліп, мәртебесі өсіп қалатын. Еш сыйлық алмаса да құрметке бөленіп, еленгеніне мәз болатын. Артық сый - сияпат тілемей, «тәубә» деп өткен адам еді. Міне, сондай қарапайым құрметке де бөленбей өмірден өткен «трудобойлар» ерлігін дәріптеу біздің міндетіміз. Ол құрмет өліге емес, тіріге - жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, төзімділікке, отансүйгіштікке баулуда таптырмайтын құрал.

Кітапхананың «Еңбек Армиясы» жобасы жалғасын табуда. Қажет материалдар жиналған соң «Еңбек Армиясының шығысқазақстандың ерлері» атты электронды кітап шығару жоспарланып отыр. Сауапты іске ат салысып, әркім өзі білетін еңбек армиясының қаһармандары туралы мақала, сурет жіберсе, құба-құп болар еді. Біздің электрондық адрес: spravka@pushkinlibrary.kz

З. Сіләмова А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан

облыстық кітапханасының өлкетанушы-библиографы

Мәдениет саласының үздігі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений