kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Koshy konКатонқарағай ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында осы тақырыппен мақала жариялаған едім, содан бергі уақытта қосымша тарихи материалдарды зерделей отыра осы мақаламды тың деректермен толықтырудың сәті түсті. Бұл мақаладан қосымша Бұқтырма бойын мекендеген ата-бабаларымыздың Ресей патшалығы тарапынан көрген қиындықтары, мекен еткен Шабанбай жайлауынан неше мәрте қуылуы, Омск әскери округінің дала генерал-губернаторы И.П.Надаровтың Шыңғыстай қазақтарын Қарқаралы уезіне көшіру туралы шешімі жайлы оқи аласыздар. Шыңғыстай қазақтарын Қарқаралы уезіне көшіруге қарсылық білдіріп жазған Ә.Н.Бөкейхановтың Петербургте шығатын «Сибирские вопросы» журналының 1908 жылғы 8 тамыздағы №17-18 номерінде жарияланған «Бюрократическая утопия» атты мақаласын да ұсынатын боламын.

18 ғасырдың басында 1-ші Петрдің реформалары нәтижесінде Ресей әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуда өте ілгері қадамдар жасады. Ресейдің сыртқы саясаты Балтық теңізіне шығуға бағытталсада, Шығысқа да үлкен көңіл бөлді. Ресейдің шығысқа қарай жылжуы саяси және экономикалық сипатта болды. Рудалар мен қымбат металлдарға деген қажеттілік жаңа кен орындарын іздестіріп, ашуға итермеледі. Сондай-ақ Орта Азия, Қазақстан және Қытаймен саяси және сауда саттық қарым-қатынастарын кеңейту мен нығайтуды көздеді. 18 ғасырдың басында Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі ресейлік отарлау үрдісіне күшті Жоңғар хандығы ерекше әсер етті.

Ал жоңғарлардың Қазақ елінің жеріне енуі сонау 15 ғасырда басталған болатын. Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті. Ол кезде жоңғарлардың басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653). Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Сыбан Раптан (1697-1727) тұсынан басталады.

Жоңғарлар кезінде Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда үлкен рөл атқарды. 18 ғасырдың бірінші ширегі Жоңғар хандығының ұлы билігінің уақыты болды. Жоңғария мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынас Орталық Азия аймағындағы елдердің халықаралық қатынастарына, сондай-ақ патшалы Ресей мен Цин империясы сияқты қуатты державалардың сыртқы саясатына елеулі әсер етті. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының шиеленісуіне, қазақтар мен ойраттардың арасындағы жаңа соғыс кезеңінің басталуына 1698 жылғы қазақ ханы Тәукемен жоңғар ханы Сыбан Раптан арасындағы соғыс себеп болды. Сол кезден бастап Жоңғарлар Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіретін басты елге айналды. Осы оқиғалардан кейін - 1711-1712, 1714, 1717, 1723 және 1725 жылдары қазақ-жоғар соғыстары бірінен соң бірі жалғасты.

Ресей патшалығының оңтүстік Сібірді отарлауы, жергілікті халықтардың Ресейдің қол астына өз еріктерімен кіре бастауы Жоңғар хандығы билеушілерінің арасында алаңдатушылық туғыза бастайды, өйткені олар осы аймақта саяси ұстанымдарын сонымен бірге аламан салықтарын жинау мүмкіндіктерінен айырыла бастаған еді. Сондай-ақ орыс бекіністерінің пайда бола бастауы Жоңғар хандығының наразылығн туғызды. Осылайша Ресей-Жоңғар қарым-қатынасы шиеленісіп, Обь өзенінің жоғарғы аймағындағы жағдай қиындай түсті. Ресейдің 1709 жылы салынып бітірген Бикатун бекінісі 1710 жылдың жазында қиратылып, Кузнецк бекінісі қоршауға алынады. Тұрғылықты халықтарды тонау, шабуылдар мен қарақшылықтар жаппай сипат ала бастайды.

Ресей-Жоңғар қарым-қатынасының асқынуына байланысты Ресей үкіметі Қазақ жүздерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтуға тырыса бастайды. Сол кездің өзінде қазақ хандықтарының сыртқы саясаттағы басымдықтарын 1-ші Петрдің өзі: «Қырғыз-Қайсақ ордасы дала халқы, олар барлық Азия елдері мен жерлерінің қақпасының кілті, сондай-ақ Ресей қамқорлығында болуды қажет етеді, сондықтан олар арқылы барлық Азия мемлекеттеріне ықпалымызды жүргізу үшін Ресей жағына тиімді және пайдалы жақтарын алуымыз керек». – деп бағалаған.

Ресейдің шекарасын Ертіс өзенінің бойымен жоғары оңтүстікке қарай кеңейтуінің бір себебі Жоңғардың «Еркеті» қаласының маңындағы алтынның мол қоры туралы мәлімет болды. Осыдан кейін Ресей патшалығы Шығысты игеруді қолға ала бастайды, жасқталған бірнеше экспедициялар жіберіп, бекіністер сала бастайды. 1718 жылы Семей бекінісінің құрылысы басталып, 1720 жылы Өскемен бекінісі салынады.

Қазақтар мен Жоңғарладың 18 ғасырдың 20 жылдардағы шайқасы Ұлы және орта жүз қазақтарын Самарқанд, Бұхара, Хонджент жаққа, ал Кіші жүз халқын Хиуаға қоныс аударуға мәжүбірледі. Ұлы жүздің шығыс аудандары мен Қырғыз хандығын жоңғарлар басып алады. 1728-1729 жылдардағы қазақтардың қысқа мерзімді жеңісі жоңғарладың сағын сындыра алмады. Сондай-ақ орта жүз қазақтары солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай қоныс аударып Колынаво-Воскресенск зауыттарының аумағына жақындайды.

1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, Қалдан Церен өлген соң туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Жоңғар хандығы 1758 жылы Қытайдың Цин империясының күйрете жеңуімен тарих сахнасынан келмеске кетті.

Жоңғар хандығының жойылуы осы аймақтағы саяси ахуалдың өзгеруіне ықпал етті. Жоңғарияның босаған аумағы Ресей мемлекетінің де Цин империясының да қызушылығын туғызды. Қытай өз шекарасын Қазақстан мен Орта Азияға қарай жақындатты. Ойрат тайпаларының күйретіле жеңілуі Ресеймен шекаралас өңірлердегі қазақтардың белсенді көші-қон қозғалысын тудырды. Сыртқы саясаттың өзгеруіне байланысты Ресей үкіметінің алдынада қазақ хандықтарымен жаңаша қарым-қатынас жасау міндеттері тұрды. Себебі қазақ хандықтарының Цин империясының қол астына өз еріктерімен кіруден сескенді, бұл қазақ хандарының Ресей мемлекетінің алдындағы мәртебесін өзгертті. Қазақтар шығыс пен солтүстік-шығысқа қарай белсенді түрде көшіп қоныстана бастайды. Олардың шығысқа, соның ішінде ата мекені деп санаған Алтайға көшуінің себебі ол жерлердің ойраттардан босауы, сондай-ақ негізгі ата кәсібі мал шаруашылығы үшін жердің, әсіресе жайылымның тарлығы болды.

Қазақтардың бұл қозғалысын 18 ғасырдың 20 жылдарындағы жоңғарлардың Алтайдан батысқа қарай кең ауқымды жорығында жолдарында кездескен қазақтарды өз атамекендерінен қуғындауына қарсы әрекет деп түсінген жөн. Жоңғарлардың жеңіліп, кері қайтқан кезінде олардан босаған өз атамекендеріне қазақтардың қозғалысы басталды. Босаған жерлердің біршама бөлігіне жоңғарлармен шайқаста жеңіске жеткен Қытай мемлекеті ие болып қалады. Қазақтар Қытай билігіне аз мөлшердегі өтемақы төлеп, олардың келісімін алып, қоныс тепкен.

Ресей бюджет статистикасының негізін қалаушы, тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері Федор Андреевич Щербин 1896 жылдан бастап ауыл шаруашылығы және мемлекеттік мүлік министрлігінің Ақмола, Семей, Торғай далалық аймақтарын зерттеу үшін жасақталған экспедициясын басқарады. Экспедицияның қорытындысы бойынша 12 томдық «Материалы по киргизкому землепользованию» атты еңбектер жазады. Оның 9-шы томында 1900 жылы сол кездегі Семей облысының Өскемен уезін зерттеу қорытындылары келтірілген. Осы еңбегінде Ф.А.Щербин Өскемен уезінде қазақтардың қоныстануы туралы төмендегідей деректерді келтіреді: «Біз Өскемен уезіндегі қазақтардан осы аймаққа алғашқы қоныстанушылар туралы нақты әрі егжей-тегжейлі мәліметтер ести алмадық. Басқаларға қарағанда, Шыңғыстай болыстығындағы Қаратай руының 65 жастағы қариясы Ноқаев Ережептің айтқандары ерекше болды. Әңгімеші қарттың айтуынша ру басы Қаратайдан бері 8 ұрпақ жалғасқан, олар бұл жаққа келгенге дейін Шар өзенінен ары қарай батыс жақта тұрған. Біраз уақыт Шар өзенінің маңын мекендеген, сосын өздерінен күші басым Қаракерей руынан ығысып Ертіс өзенінен өтіп шығысқа қарай көшуге мәжүбір болған. Алғашында Нарын өзенінің маңын мекендеп, соңынан Бұқтырма өзенінің алқабына келіп қоныстанады. Яғни, осы жерге 120 жылдай бұрын келген. Ол кезде бұл аймақтарда бос жерлер мол әрі тыныш, бейбіт өмір болды, тек Қытайдың ішкі жағынан, шығыстан керей руының анда-сандағы шабуылдары тыныштықты бұзатын. Бір жолы Керейлер 7-8 жүздей жылқы барымталап қашады, бірақ жергілікті жердің ойлы-шұңқырын білмегендіктен үлкен батпақты жерге кезігіп, одан шыға алмай жатқан кезде соңдарынан шыққан қаратайлық қуғыншылар да келіп жетіп, үлкен ұрыс болады. Осы қақтығыста Керейдің батыры Шабанбай қаза табады. Соған байланысты Бұқтырма өзенінің оң жағалауынан солтүстікке қарай орналасқан жайлаулар жалпы атпен Шабанбай деп аталып кеткен.

Қаратайлармен бір мезгілде Зайсан уезіндегі Маңырақ тауларынан Қаракерей руының тықсыруымен Қаратайлармен туыстас болатын Саржомарт руының ұрпақтары қазіргі Күршім болыстығының жеріне келіп мекендейді. Олар бұл жерді мекендеп отырған Қарауылжасық руын бұрынғы өз мекендері болған Ертістің сол жағалауындағы Бөкен және Құлыжон аймақтарына қарай ығыстырады. Саржомарттықтардың бұл жаққа келуіне байланысты төмендегідей әңгіме бар. 60 жылдай бұрын, яғни, 1830 жылдары 85 жастағы Байсұмақ деген қария қайтыс болады. Кезінде әкесі туыстарымен бірге алыс оңтүстіктегі Жетісудан көшіп келіп осы жерді мекендеген кезде Байсұмақтың жасы 3 жаста болыпты. Яғни, олар осы жаққа 18 ғасырдың 40-шы жылдарында келген. Семей уезінің Шыңғыс тауларынан Матай руы сәл кейінірек, мүмкін сол шамада бос жатқан Қалба тауларына қоныстанған. Матайлар да Қаракерей руынан ығысқан. Осылайша, қазақтардың айтуына қарағанда 18 ғасырдың 40 жылдары шамасында оңтүстік батыстан, оңтүстіктен және батыстан қазіргі Өскемен уезінің аумағына қарай көші-қон қозғалысы басталып, олардың көпшілігі осы аймақтан бос жерлер мен кең жайылымдар тауып мекендеп қалады.»

ХХ ғасыр бедеріндегі қазақ ғылымының Атилласы іспеттес Әлкей Марғұлан 1926—1927 жылдары СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет мүшесі академик А.Е.Ферсманның және профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай экспедицияларының жұмысына қатынасады. Ә.Марғұланның қазақ мәдениеті мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білетіндігі экспедицияның антропологиялық отрядының жұмысына өлшеусіз септігін тигізді. Осы экспедицияның қорытындысы бойынша Ә.Марғұлан 1930 жылы Ленинградта басылып шыққан «Наймандар» атты жинағында былай деп жазады: «1927 жылдың жазында Антропологиялық отрядпен Алтайға келген кезімізде қаратай руынан шыққан Мұса Рүстемұлы деген адам бізге ата-бабаларының бұрын тұрған жерлері негізінен Шу өзенінің алқабында, және Таятқан Шұнақ деген жер екендігін айтты. Алтайға Есбол, Жәнібек және Мая атты аталары 18 ғасырдың 50-70 жылдары бастап келген, ол кезде бұл жерді жоңғарлар мекендеген. Олар жоңғар ханына 45 ат сыйлап қазіргі Шыңғыстай, Нарын және Күршім болыстықтарының жерлерін мекендейді.»

Бошай Кітапбаевтың «Тоғыз таңбалы найман» атты шежіре кітабындағы деректер Әлкей Марғұланның осы жазбаларына негізделген болуы мүмкін.

Ербол Баянғазиннің «Шыңғыстай» атты жинағында ата-бабаларымыздың Алтайға келуі туралы төмендегідей деректер келтіреді. «Кейіннен Қаратай әулеті тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты бірте-бірте шығысқа қарай жылжып, алдымен Түндік өзенінің, одан соң Аягөз, Көкпекті өңірінде біраз аялдап, Жарма, Жаңа Семей аудандарын басып өтетін өзімізге таныс Шар өзенінің бойын 20 жылдан аса қоныс етіпті. Ал, он сегізінші ғасырдың ортасына таман (1740-1750 жылдары), қаракерейлерден ығысып, Тарбағатай, Маңырақ өңірінде тұрақтап, одан соң 1780 жылдарға таяу Өр Алтай алабына қарай Ертіс, Бұқтырма бойына, қазіргі Майемерден Мұзтауға дейінгі аумақты қарпи қыстап, жаз айларында жер жаннаты Шабанбай, Науа, Тарғыбатай (қазіргі Шарықты бұлақ, Дарбы, Мың шұңқұр, Шұбар қарағай, Дара, Алатай, Төр қуыс және Мәметек) жайлауларына серпіле қоныпты. Осыған орай, өсіп-өнген ата туралы ел аузында: «Қаратайдай ел қайда, Шабанбайдай жер қайда!»- деген сөз қалыпты. Көштің соңы 1810 жылдарға дейін жалғасыпты деседі...»

Ата-бабаларымыз Бұқтырма, Нарын өзендерінің алқабын ұзақ жылдар бойы еркін мекендеп ата қонысына айналдырады. Күршім, Нарыннан бастап Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағына дейінгі жайылымдарды иеленіп, Үкек, Қалғұтты, Жазатыр жерлерін дәстүрлі қыстағына айналдырып, кейбіреуі Бұқтырма өзенінің сол жағалауы мен Тарбағатайға қыстап, жаз маусымында Бұқтырма өзенінің оң жағындағы Шабанбай жайлауын жайлайды.

Бұқтырма өзенінің алқабына орыстардың қоныстануы батыстан шығысқа қарай, яғни, өзеннің төменгі жағынан жоғары жағына қарай жүргізілді. Алғашында өзеннің төменгі алқабы, ал 1827 жылдан бастап ортаңғы және жоғарғы жағына қоныстана бастайды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Бұқтырма өзенінің төменгі алқабынан жоғары жағындағы биік тау шатқалдарына дейінгі аралықта Алтай тауларынан пана тапқан ескі дәстүрлілермен (старообрядцы) тау-кен заводтарының жұмысшылары мекендеген бірнеше орыс елді мекендері пайда болады. Ресми деректерге сәйкес осы аймақтың қазақтары 19 ғасырдың 60-70 жылдары Ресей мемлекетінің құрамына кіре бастайды. Осы уақыттан бастап бұл жерлерді орыстардың белсенді отарлауы басталады, отырықшы өмір сүруге өте қолайлы деп танылған Алтай аймағына еркін көшіп келу рұхсаты берілгесін, Еуропалық Ресейден қоныс аударушылардың жаңа ағыны келіп, жергілікті көшпелі қазақтарды шұрайлы жерлерінен ысырып қоныстана бастайды. Орыстардың келіп қоныстануы қазақтармен этносаралық қарым-қатынасты шиеленістіріп, соңы қарулы қақтығыстарға дейін ұласып жатты.

1858 жылы Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорд шаруалар мен бұратана халықтарды Бұқтырма өзенінің сол жағалауына, Қытай жеріне өтуге қатаң тыйым салған болатын. Оның негізгі себебі қазақтардың шекарадан арлы-берлі өтуі Қытайдағы қазақтардың Ресей мемлекетіне көшіп келулеріне қозғау салады деп сескенді. 1863 жылы 26 наурызда генерал-губернатор Берел өзені мен Бұқтырма өзенінің солтүстігіндегі Ресейлік емес қазақтардың барлығын «қытайдан келген қазақтар ежелден орыстарға тиесілі жерді иеленіп, аң аулау кәсібімен шұғылданып жатқан шаруалардың жерін басып алды» деген желеумен дереу Қытайға өткізуді бұйырады. Осы бұйрыққа сәйкес сол жылдың мамыр айында Бұқтырма өзенінің оң жағында көшіп-қонып жүрген Қаратай және Самай руларынан құралған 5 ауылдан басқа қазақтарды Бұқтырма өзенінің сол жағалауы мен Тарбағатай сілемдері арасындағы тар аңғарға көшіреді. Қазақтарды Бұқтырманың оң жағынан сол жағындағы Қытай жеріне көшіру ресей-қытай қарым-қатынасының күрделене түсуіне әсер етеді. Мыңдаған қазақтардың Қытай жеріне көшіп келуі Цин империясының билеушілерін елеулі әбігерге салады.

1864 жылғы Шәуешек келісіміне дейін Ресей мен Қытай арасындағы шекара Бұқтырма өзенінің бойымен өтетін, Шәуешек келісімінен кейін Бұқтырма өзенінің жоғарғы бөлігі мен сол жағы, Күршім, Зайсан көлі және Тарбағатай таулары Ресейдің қарауына көшеді.

«Шәуешек келісіміне» қазақ халқының тағдыры тұрғысынан қарайтын болсақ, шекара мәселесін анықтауда қазақ халқының ойын ешкім керек етпеді, келісім қазақ жері мен халқын алғаш рет екіге бөледі. 10 тараудан тұратын «Шәуешек келісімінің» 5-тарауында жер қай елге бөлінсе, сол жерде тұратын халық сол елге тәуелді болады делінген. Осылайша Алтайдағы қазақ халқының бір бөлігі Ресей мемлекетіне ал екінші бөлігі Қытай мемлекетіне тәуелді болып қалады.

Алтай шекарасындағы Ресей үкіметінің жүргізіп отырған саясатын Қытай үкіметі сол жердің байырғы тұрғындарын өз жерлерінен көшірді деп қабылап: «Орыстар ұзақ жылар бойы мекендеген қазақтарды өз жерлерінен сол жағалауға көшіріп, көшпенді жерлерінен айырды», - деп айыптады. Шекаралық аймақтағы ахуалдың нашарлауынан қорыққан қытай билігі Ресей үкіметіне қазақтардың Бұқтырма өзенінің оң жағында көшіп-қонуына рұқсат етуін ұсынды. Пекин үкіметі өз позициясын негізінен әлі шекара белгілерінің қойылмағандығын, екіншіден Қытайдың батыс өңірлерінде дұңған-ұйғыр көтерілістерінің қаулап тұрғандығын және «бір аумақта көп адамның жинақталуы азық-түліктің жетіспеушілігін туындатып, шекарада тыныштықтың бұзылуына әкеледі» деп негіздеген. 1866 жылдың қыркүйегінде Цин үкіметі ресейдің Пекиндегі елшісі А.Э. Влангалиға Батыс Сібірдің генерал-губернаторымен осы мәселені талқылауды өтінеді. Бұл жағдай бойынша Батыс Сібірдің генерал-губернаторы да, Семей губернаторы да қытайлық биліктің өтінішін қанағаттандырмауға еш себеп таппай қазақтардың Бұқтырманың оң жағалауына көшуіне рұхсат беріп, жергiлiктi билікке қазақтарға: «Бұқтырманың солтүстiк жағындағы жерлер оларға тұрақты түрде берiлмейдi, тек уақытша пайдалану үшін ғана берілетінін» түсіндіруді тапсырады.

1867 жылы Бұқтырма өзенінің оң жағы патша отбасының жеке иелігіне өтіп, кабинет жерлерінің қатарына кіреді. Қазақтарды тау-кен орындарының шегіне жіберуге үзілді-кесілді қарсылық бағытын ұстанған Алтай тау-кен басқармасы 70 жылдардың басында қазақтарды Бұқтырманың сол жағына шығару мәселесін қайта көтереді. Кабинет пен Алтай тау-кен басқармасының қазақтарды кабинет жерінен шығару туралы бірнеше рет қайталанған талаптарына Батыс Сібірдің генерал-губернаторы А.П.Хрущев Семей облысында бос жерлердің болмауына байланысты қазақтарды шығару мүмкін емес екенін мәлімдейді. Ал, Кабинет бұл мәселеге басқаша қарайды, Император сарайының министрі тау-кен өнеркәсібі жерлерінде қазақтардың болуы қауіпті, оларды ол жерлерден шығару талап етілгенмен ол талаптар мүлдем орындалмайды, немесе Батыс Сібірдің генерал-губернаторының тиісті бұйрықтары шыққанмен Семей билігі тарапынан сирек орындалды деп мәлімдеді. Соған қарамастан, қазақтардың Кабинет жерінде көшіп-қонуына тыйым сала алмай, Кабинет ымыраға келуге мәжбүр болды.

1873 жылы Алтай округіндегі Құлынды даласындағы қазақтардың көшіп-қонуын шектейтін жоба әзірленеді, осы жобаға сәйкес Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы қазақтар «міндетті көшірілуге жатады» санатына жатқызылады. Семей губернаторы бұл жобамен үзілді-кесілді келіспей, біраз уақыттан кейін Бұқтырма алқабында 600 киіз үйлі отбасының көшіп-қонуына рұхсат ету туралы ұсыныс жасайды. Губернатордың бұл ұсынысына «бұл өлке көшпенді емес отырықшы өмір сүруге қолайлы, сондықтан бұл жерде қазақтар емес орыс шаруалары тұруы керек» деген желеумен қарсылық білдіріледі.

Қазақтарды көшіру күрделі жағдайда жүргізіледі, соңы үлкен зардаптарға әкеліп соқтырды. 1875 жылы 14 шілдеде Батыс Сібірдің генерал-губернаторының қазақтарды Бұқтырма өзенінің оң жағалауынан тез арада шығару туралы бұйрығы беріледі. Бұл іске алғашында белсене кірісіп 115 киіз үйлі отбасын көшіреді. Ресей билігінің жүргізген өктем істеріне қарсылық білдіріліп, қарулы қақтығыстар болып, көптеген қазақтар жарақат алады. Қазақтардың қытай жеріне өтіп кетуінен қауіптенген билік қазақтарды шығаруды тоқтатады. Шекараның жақын болуы, қазақтардың көрші елге өтіп кету қауіпі Ресей билігін қазақ қауымдастығымен бітімге келуге мәжүбір етті. Шекара арқылы қазақтардың рұқсатсыз өтуі немесе қашуы аймақтағы жағдайды, шекара мәселесін қиындатты.

1876 жылдың көктемінде Шыңғыстай болысының қазақтары қытайға өтпек ниетте деген қауесет Ресей билігін әбігер етті. Мұндай қоныс аударудың жағымсыз салдарын түсінетін Ресей билігі қазақтардың Қытайға қоныс аударуына жол бермеуге тырысты. Қазақтарға қытайға қашатын болса шекарадан тыс жерден болсын қарулы әскермен іздеп тауып жазалайтынын, қытайлардың оларды бәрібір қайтып беретінін айтып үрейлендірді. Жергілікті биліктен шекараны күзет отрядтарымен, бекеттермен күзетуді күшейтіп, көшпенділердің өз беттерімен шекарадан өтулеріне тосқауыл қоюды талап етті.

1876 жылдың жазында Кабинет Бұқтырманың оң жағалауынан қазақтарды шығару туралы мәселені тағы да көтерді. Нәтижесінде Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Н.Г. Қазнаков Семей губернаторына Бұқтырманың оң жағалауынан 573 киіз үйлі қазақтарды шығаруға бұйырды. Осы бұйрықтан кейін 1878 жылдың шілде айының соңында Өскемен уезі Шыңғыстай болысы қазақтарының 750 киіз үйлі отбасы Бұқтырманың оң жағалауын тастап Қытайға қоныс аударды. 1878 жылдың қазан айында Алтай болысының тағы 1061 киіз үйлі отбасы Қытайға қоныс аударды. Бұл жолы қоныс аудару кезінде шекарашылармен қарулы қақтығыс болады. Көшіп кеткен қазақтардың көпшілігі қайтып оралғанмен, олардың қауіп төнген жағдайда қайта көшіп кетуі мүмкін еді. Қайтып оралған қазақтар 1882 жылдың қыркүйегінде Бұқтырма өзенінің оң жағындағы Шабанбай тауларынан жаздық жайылымға жер беру туралы өтініш жасайды. Семей губернаторы бұл өтінішті қолдап, Алтай тау-кен басқармасына Құлынды даласындағы шартпен қазақтарға Шабанбай жайлауынан жер беру туралы ұсыныс жасайды. Тау-кен басқармасы Кабинеттің округ аумағына көшіп-қонған қазақтарды жібермеу туралы шектеуіне сүйеніп бұл ұсыныстан бас тартады. Алайда қайта-қайта жазған өтініштер және 1878 жылғыдай Қытайға көші-қон қаупінен сескенген Кабинет белгілі бір шарттармен келісімге келеді. Шабанбай жайлауы жылына 1000 сомдық жалгерлік төлеммен екі жылға жалға беріледі. Бұл жерде қазақтарға 1000 киіз үйлі отбасына саны шектелмеген малдарымен көшіп-қонуларына рұхсат етіледі. Он жыл өткен соң, 1894 жылы Шабанбай жайлауын қазақтарға беру мәселесі қайта көтерілді. Бұл жолы да белгілі бір шарттармен, жалдау уақыты белгіленбей, жайылымды пайдаланғаны үшін әрбір киіз үйлі отбасына 1 сом жалгерлік төлеммен, көшу уақыттары мен бағыттары айқындала отырып Шабанбай жайлауы уақытша пайдалануға беріледі.

Шыңғыстай болысының қазақтары Кабинетпен, Алтай тау-кен округінің басшысымен, Семей әскери губернаторымен ұзақ уақыт хат жазыса отырып 1896 жылы Шабанбай жайлауынан 500 шаршы верст жайылымдық жерді жылына 1000 сом жалгерлік төлеммен 10 жылға жалға алады. Осыншама үлкен аумақтың ұзақ мерзімге төмен жалгерлік төлеммен берілуі: биік таулы жер болуы, қысының қатал да суық болуы және егіншілікке жарамсыздығы еді. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарға бұл жер үшін көшіп келуші орыс шаруалары қауіп бола алмады. Сөйтсе де, Березовка, Черновая, Берел, Аршаты, Каменуха ауылдарындағы орыс шаруалары тарапынан «егістіктің тапталғаны үшін және ұрланған аттар үшін қазақтар жауап беретіндігін басшылық міндеттейді» деген шарт қойылды. Орыс шаруалары тарапынан ашық қарсылық болмаса да қазақтардың жерін тартып алу, көшіру мақсатында «егістігіміз бен шабындығымызды малдары таптады, аттарымызды ұрлады» деген желеумен әр түрлі қитұрқы әрекеттер жасалды. 90 жылдары мұның жалған айыптаулар екендігін түсінген кабинет және жергілікті билік одан кейінгі уақыттарда бұған аса мән бермейтін болды, олар үшін бос жатқан жерлер үшін қазақтардың төлейтін жалгерлік төлемдері маңызды болды.

1906 жылы Шабанбай жайлауы үшін 10 жылдық жалгерлік мерзім аяқталғаннан кейін жылдық төлем екі есе өсіріледі. Бірақ бұл шартпен қазақтар келіспейді. 1907 жылы жалгерлік төлемнің жаңа жүйесі енгізіледі: Шабанбай жайлауында жайылымдарды пайдаланғаны үшін ірі малдар үшін бір басқа 15 тиын, ұсақ малдар үшін 5 тиын болып белгіленді. Жалгерліктің бұл формасы қазақтар үшін ауыр болды, олар 1908 жылы Алтай тау-кен округінің басшылығына жалгерлік төлемді бұрынғы қалпына түсіруге, яғни, жылына 1000 сом шамасында қалтыруға ұсыныс жасап, Кабинетке халықтың кедейлік шегінде екендігін және суықтың түсуіне байланысты жайылымдарды тек 3-4-ақ ай пайдаланатындығын негіздеп, Шабанбай жайлауын тегін пайдалануға рұхсат сұрап хат жолдайды. Алтай тау-кен округінің басшылығы ұсынысты қарай келе 1908 жылы 26 сәуірде жалгерлік төлемді жылына 1500 сом көлемінде белгілейді, оның 1000 сомын сәуір айында, 500 сомы 1-ші қыркүйекке міндетті төлеу белгіленеді.

1906 жылы Шыңғыстай болысының қазақтары Омск әскери округінің дала генерал-губернаторы И.П.Надаровқа олардан тартып алған және жалға алып отырған жерлерін қайтаруға ықпал етуін өтінеді. Бұл жерде олар Шыңғыстай болысында қазақтар үшін жердің тарлығын және әр отбасынан жер салығы үшін 14 сом төлеу өте ауыр екенін алға тартады. Қазақтардың бұл ұсынысына жауап ретінде генерал Надаров Өскемен уезі Шыңғыстай болысының қазақтарын Қарқаралы уезінің оңтүстігіне көшіру туралы қаулы қабылдайды. Осы қаулыға сәйкес Семей губернаторы жергілікті көші-қон ұйымынан Өскемен уезі Шыңғыстай болысының қазақтарын көшіру үшін Қарқаралы уезіндегі бос жерлер туралы (18.10.1907ж. №10850 ) сұраныс жібереді. Көші-қон ұйымы 48 парелльдің оң жағында 12 млн. десатина бос жер бар екендігі туралы мәлімет береді.

Осы мәселе бойынша Петербургте шығатын «Сибирские вопросы» журналының 1908 жылғы 8 тамыздағы №17-18 номерінде Ә.Н.Бөкейхановтың «Бюрократическая утопия» атты мақаласы жарық көреді. Бұл мақалада Ф.А.Щербиннің «Материалы по киргизкому землепользованию» атты еңбегіндегі Семей облысының Өскемен уезін зерттеу қорытындылары келтіре отырып: «Алтай тауларында өмір сүріп жатқан, өзіндік шаруашылық жүргізу ерекшеліктері бар Шыңғыстай болысының қазақтарын сусыз, тақыр далаға көшіру туралы генерал Надаровтың ұсынысы қарапайым казак шаруасына Омск қаласының жанына жеміс бағын өсіруі сияқты қиялды еске салады, тек генерлдың қиялы арқылы 1275 қазақ отбасы-шаруашылығына туған жерін тастап көшу қаупі төнді», - деп жазады. Әртүрлі себептерге байланысты генералдың қаулысы орындалмай, қазақтар жерді ары қарай жалға алып, өз ата кәсібі мал шауашылығымен айналысады.

Ата-бабаларымыз 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басында патшалы Ресейдің жүргізген отарлау саясатының әсеріне небір қилы заманды бастарынан өткерді. Өздерінің мекен етіп отырған жерлерінен қуылып, қыстақтары өртеліп тау-тасқа ығыстырылды. Оларға егістікке жарамды құнарлы жерлер берілмей, құнарсыз, таулы, тақыр далалы немесе батпақты жерлер берілді. Осылайша шектелген жерде малын да, өзін де асырауға мүмкіндігі болмаған қазақтар әр жазда босып кетті: бір бөлігі бөлініп Бийск округінің Шүй болысына, Змеиногор уезінің шаруа селоларына, Қытай жағына кетіп қалды, ал қалғандары бір кезде өз иеліктерінде болған Шабанбай тауы мен Бұқтырма өзені бойынан жер учаскелерін жалдап ала бастады. Қазақтардың қайыршылық жағдайы орыс шенеуініктерінің өзін де алаңдатты, өйткені көшпелілердің Қытайға, басқа да жерлерге көшіп кетуі мен жаппай кедейленуі қазынаға түсетін түсімді азайтқан еді. «Жүнімен қоса терісін де сыпырып алмау» принципін ұстанғаи орыс билеушілері ұзақ жылдарға созылған айтыс-тартыстан немесе жай бастартулардан кейін Шабанбай мен Үкек, Қалғұты, Жазатыр жерлеріндегі бірнеше алапты қазақтардың пайдалануына қалдыруға, жалгерлік төлем ақысып жойып, түтін салығын ғана алуға шешім қабылдады. Бірақ бұл көшпелі қазақтардың мәселесін толық шеше алмаған еді. Олардың осынау тарғылданған тағдырлары бүгінгі ұрпаққа тек ертегідей ғана сезіледі.

Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений