kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Bukryrma syБұқтырма су қоймасы (бөгені) – әлемдегі ең үлкен және әдемі жасанды су қоймаларының бірі. Ол Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Ертіс өзенінде, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан су қоймасы, көлемі жағынан әлемдегі ең ірі су қоймаларының бірі, әрі облысымыздың ірі туристік нысандарының бірі болып табылады.

Бұқтырма су қоймасы – жасанды су қойма, оның астында талай ауылдардың орны қалды дегенді естігеннен кейін, Бұл су қоймасы қалай жасалды, қай уақытта жасалды деген сан алуан сұрақтар мазалары белгілі. Сондықтан өз туған жеріміздің өткен-кеткенін жерлестерімізбен бөлісу үшін осы мақаланы көпшілікке ұсынуды жөн көрдім.

Ұлы Отан соғысынан кейін Ертіс өзені суының арзан күшін пайдалану мақсатында өзеннің бойына су электр станцияларын салу қолға алына бастады. Алдымен 1951 жылы Өскемен су электр станциясы салынып, пайдалануға беріледі. Сол жылдан бастап Бұқтырма су электр станциясын салу жоспарланып, жобасы жасала бастайды. Су электр станциясының жобасын С.Я.Жук атындағы «Гидроэнергопроект» Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының Ленинградтағы бөлімшесі жасайды. Жобалаушылар бас инженер М.А.Мироновтың басшылығымен құрылыстың тиімділігін өте сәтті анықтап, негізгі мақсатты дәл қоя біледі. 1952 жылы 15 қарашада КСРО Министрлер Кеңесі Бұқтырма СЭС-ін салу туралы Қаулы қабылдайды. Станцияны салу үшін Ертіс өзенінің бойынан ең тар жер таңдап алынады. Құрылыс 1953 жылы басталып, оны Социалистік Еңбек Ері Михаил Васильевич Инюшин басқарған «Иртышгэсстрой» тресі жүргізеді. Инюшин өзенге қалқымалы көпір арқылы тосқауыл қою әдісін ұсынды, ол алғаш рет Өскемен СЭС құрылысында қолданылып, одан кейін кеңестік гидротехникада кеңінен қолданылды. Бұқтырма СЭС-ін салуда Кеңес Одағында алғаш рет «қатты бетон» технологиясы қолданылды. СЭС құрылысы тіпті қаһарлы қыстың қатты аязды күндерінде де жұмысын тоқтатпай, жедел қарқынмен жүргізілді, құрылысты салған құрылысшылар: «1959 жылдың қаңтарындағы қақаған аязда судың шашыраған тамшылары жерге мұз болып түсетін, бұл ең қиын, ең ауыр қыс болды. Оңай болмады, Ертіс өзенінің түбіндегі жартастарды қопарып, кесуге тура келді, бақытымызға қарай оны жаз айларында атқардық», - деп еске алады.

Бұқтырма су электр станциясының құрылысымен бірге 1952 жылы Серебрянск кенті пайда болады. 1950 жылы басталған 186 шақырымдық Өскемен – Зырян бағытындағы теміржол құрылысы да Бұқтырма СЭС құрылысына қарқын берді. 1953 жылы наурызда Серебрянка станциясымен Өскемен – Зырян теміржолында пойыздардың алғашқы (сынақ) қозғалысы ашылып, сол жылдың желтоқсан айында Защита - Зырян теміржол желісі пайдалануға берілді.

1960 жылы 5 тамызда Бұқтырма су электр станциясының бірінші қондырғысы бос айналыммен (на холостые обороты) іске қосылады, одан кейін осы жылы тағы екі қондырғысы, ал 1961 жылы – төртінші, бесінші, алтыншы қондырғылар, 1964 жылы – жетінші, 1965 жылы – сегізінші қондырғы іске қосылады. 1965 жылы Бұқтырма су электр станциясының өндірген электр қуаты Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне қосылады. Соңғы тоғызыншы турбина 1966 жылы 30 қарашада іске қосылды. 1968 жылдың 1 қазанында СЭС-тің құрылысы толығымен аяқталып, 1969 жылдың 2 қаңтарында КСРО энергетика және электр станциялары министрінің бұйрығымен Бұқтырма су электр станциясы толық пайдалануға беріледі. Бекітілген жобалық тапсырмаға сәйкес, су электр станциясының қуаттылығы жалпы сметалық құны 129 миллион сом болатын 435 МВт құрады. Құрылыс процесінде су электр станциясының қуаттылығы 675 МВт-қа дейін ұлғайтылды, ал алты гидроагрегаттың орнына тоғызы іске қосылды, жалпы сметалық құны 10,5 млн сомға дейін ұлғайтылды. Бұқтырма су электр станциясының құрылысы кезінде үлкен жұмыстар жүргізілді, олар: 185 мың текше метр жерді қазу, 1190 мың текше метр жартасты жерді қазу, 327 мың текше метр жағаларды қалыптастыру және қайта толтыру, 1180 мың текше метр бетон және темірбетон құю, 11,6 мың тонна металл құрылымдары мен механизмдері қолданылды.

Buktyrma sy koimasyБұқтырма су электр станциясына қазір «ең, ең» деген сөз тіркестерін жиі қоданамыз, себебі бұл Қазақстандағы ең қуатты гидроэлектростанция. Мұнда Кеңес Одағында алғаш рет «қатты бетон» технологиясы қолданылды. 2002 жылы СЭС-тің 60 түрлі жерінен бетон сынамалары алынып екі тәуелсіз зертханаға сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде бетонның беріктігі құрылыс кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда артқандығы анықталып, Бұқтырма бөгеті (плотинасы) әлемдегі ең мықты деп танылды. 2001-2010 жылдары гидротурбиналардың қозғағыштары ауыстырылып және гидрогенераторлар қайта жабдықталғаннан кейін станцияның қуатын 750 МВт-қа дейін арттыруға қол жеткізілді. Бұқтырма су электр станциясының тағы бір ерекшелігі онда төрт камералы шлюз жұмыс істейді. Су жолаушылар көлігінде болып шлюз арқылы өтсеңіз ерекше әсерге бөленесіз. Су күші тыныштықта тұрған су көлігін қаншалықты биіктікке көтергенін көру өте қызықты әрекет.

1960 жылдың 19 сәуірі Бұқтырма су қоймасының туған күні болып есептеледі, себебі бұл күні Ертіс өзен сулары бекітілген тау аңғарларына құйыла бастады. Осылайша, Бұқтырма су қоймасы пайда болды, бір айдан кейін өзен техногендік теңізге алғашқы миллиард текше метр су әкелген еді. Бұқтырма су қоймасының су басу аймақтарын дайындау үшін үлкен жұмыстар атқарылуы керек еді, Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының 332,8 мың гектар жері су қоймасының астында қалатындығы анықталып, ол жерлердегі елді мекендер көшіріледі. Барлығы 95 елді мекен, 9600 отбасы (27,5 мың адам) қоныс аударуға мәжбүр болады. 50 ұжымшар мен бір кеңшардың жерлері, 11 мың гектар орман алқаптары, бірқатар жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ бес мұнай базалары, 6 өзен айлақтары (пристань), «Шығыс сақинасы» деген атаумен белгілі болған кеңестік маңыздағы жолдың 97 шақырымы су астында қалды. Сол кездегі Большенарым ауданының 12 елдімекені көшірілген еді, олар: 1956 жылы Мало-Красноярка ауылынан – 195, Үркер ауылынан – 85, Усть-Нарым ауылынан – 199, Қызыл-Ту ауылынан – 11, Свинчатка ауылынан – 399, Мало-Красноярка айлағынан (пристань) – 8 отбасы, 1957 жылы Трушниково ауылынан – 68 отбасы, 1958 жылы Хайрузовка ауылынан – 174, Нагуманов ауылынан – 56, Жаңатал ауылынан – 12, Буранов ауылынан – 77, Васильевка ауылынан – 16 отбасы көшірілген еді.

1960 жылдың сәуірінде басталған Бұқтырма бөгеніне су толтыру жұмыстары жалғастырылып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Бөгет толтырылғаннан кейін биіктігі 67 м су пайда болды, ол Қара Ертіс бойымен 100 шақырымға дейін созылды, нәтижесінде Зайсан көлінің деңгейі 5-6 м-ге көтеріліп, көлдің ауданы 3 есеге артты. 1966 жылдан бастап Бұқтырма су электр станциясында ағынды суларды ұзақ мерзімді реттеу жүзеге асырылады. Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейін реттеу өте маңызды рөл атқарады. Ертіс бойында орналасқан Қазақстан ғана емес Ресей Федерациясының да облыстары үшін Бұқтырма бөгенінде су қорының мол болуы өте маңызды. Бөгендегі су қорының ең жоғарғы және ең төменгі деңгейлері 12 жылда қайталанып отырады. Мысалы 1983 жылы бөгенде су деңгейі өте төмен болғандықтан СЭС-тің екі блогы жұмыс істемеді. Барлық трубиналар жұмыс істеуі үшін су жеткіліксіз болды. Су көліктерін шлюз арқылы өткізу де тоқтатылды. Сол жылы жолаушылар су көлігімен СЭС-тің төменгі жағына келіп, автобуспен жоғары жағына көтеріліп екінші су көлігіне отырып сапарларын жалғастыратын.

Бұқтырма су қоймасын оның көлеміне қарай кейде теңіз деп те атайды, оның бетінің ауданы 5940 шаршы км, ұзындығы 425 км, көлемі 49,6 текше км, ең жайылып жатқан жерінің ені 35 км, ең терең жері 80 м жетсе, орташа тереңдігі 9,6 м. Су қоймасының құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынан Серебрянск қаласына дейін), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, химиялық құрамы – гидрокарбонатты кальцийлі.

Бөгенде фитопланктонның 280, зоопланктонның 260 түрі кездеседі. Сазан, шортан, табан, алабұға, қараауыз, аққайран, лақа, мөңке, көксерке, түрке (омуль), шармай, ақ амур, бақтақ, т.б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8-9 мың тонна балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Бұқтырма су электр станциясы Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егістігі мен шабындықтарын суаруға пайдаланылады. Бұқтырма су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орнына айналған. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы, онда көптеген демалыс орындары салынған. Содан болса керек, аталған демалыс аймағына ағылатын туристердің саны жылдан жылға артып келеді. Тек еліміз ғана емес, шетелдерден де демалушылар мен туристер көптеп келуде. Бұқтырма су қоймасы мен оның жағажайы келешекте Шығыс Қазақстан облысының, соның ішінде біздің ауданның да туристік әлеуетін арттыруға мол үлесін қосары сөзссіз.

Катон-Қарағай ауданының мәслихат хатшысы

Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений