kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(Тұрғазы Нұқайұлының лирикасы хақында сыр)

Тұрғазы Нұқайұлы – сыршыл лирик. Ақын өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер – пәк сезімді адал жан. Ол алыстан арманын күткен, өмірге құштар адам. Әр нәрседен, әр құбылыстан әсер алады. Дүниедегі тылсым күштермен тілдеседі, Өмірмен сырласады.

Қалды артымда,

Елу жеті асуым.

Онда бөтен,

Сырларым жоқ жасырын.

Онда нұрлы,

Дүние бар, әлем бар.

Құлақтүріп,

Тыңда, жаным, дос үнін, - деп ақын ішкі сырын ақтарады. Ақ арманға оранып, атар таңнан үміт күткен ол өзінің жүріп өткен жолдарына қарайлап, артына үңіледі. Жүрегінде от, көңілінде мейірім шуағы шашылып жатқан ақын үміт пен арманға құлаш ұрады. Тұрғазы ақынның поэзиясы туралы жазушы М.Құмарбеков былай дейді: «Тұрғазы өлеңдерінен табиғи самал еседі. Ақынның жүрек жылуын, көңіл тынысын атамекен адамдарының еңбегінен, көңіл-күй сезімдерінен, ізгілік иірімдерінен, халқымыздың өткендегі шежірелі тарихынан, бабалардың тағлымынан айқын аңғаруға болады»,-дейді.

Ақынның «Ұлы даланың ұлымын» атты жыр жинағындағы өлеңдерін мазмұнына қарай табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, азаматтықжырлары, көңіл-күй лирикасы, адамгершілік, адамдық тақырыбындағы өлеңдері, арнаулары мен балладалары, толғаулары, дастандары деп бөлуге болады.

Табиғат лирикасына: «Бұлақ», «Ақ жаңбыр», «Ертіс ақыны», «Терек», «Егіз теректер», «Сәуірдің самалы», «Өзің де көктем» өлеңдері енеді. Тұрғазы Нұқайұлының табиғат лирикасында мөлдір, тұнық жүрек пен кіршіксіз ақ сезім бар. Табиғаттың сұлу көркімен ақынның ішкі көңіл күйі өріліп жатады.

Қалбатауға заңғар шыңдар көк тілген,

Тағы оралдым нұр-сағыныш екпінмен.

Бір негізді теректерім, бармысың?

Сырласуға, жырласуға жеттім мен.

«Егіз теректер» атты бұл өлеңінде Қалбатауға шыққан егіз теректің зәулім бәйтерек боп шыққаны туралы ақын сыр шертеді. Бір өзектен тараған егіз теректің бірлігімен зәулім болғанын айтып, ақын егіз терекке философиялық мағына береді. Теректі адам бейнесінде суреттеп, адам тағдырымен сабақтастырады. Ақын табиғатқа жан бітіре, оған терең сыр дарыта бейнелейді.

Т.Нұқайұлы - азамат ақын. Ақынның туған халқына деген махаббаты шексіз. Ол халқының қуанышына шаттанып, қайғысына мұңаяды, кемшілігіне жаны ауырады. «Қазақ», «Қазақ тілі», «Тас қорғандар», «Ел басқарған азаматтарға», «Қуан, халқым!», «Мұнарлы өткел», «Сыр перзенті» атты өлеңдерінен ақынның патриоттық сезімі мен азаматтық тұлғасын танимыз.

Тарихтың тығырықты өткелінде,

Халқымның ой жүгіртсем өткеніне.

Жүрегім – шер, жанарым – мұңға толар,

Тағдырдың тәлкек етіп кеткеніне.

Ақын қазақ халқының өткен тарихына ой жүгіртіп, оның басынан кешкен қилы тағдырына жүрегі ауырады. Халқының тәлкек тағдырын ойлап, жүрегі шерге, жанары мұңға толады.

«Қазақ» атты өлеңінде Тұрғазы ақын қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен ерекше қасиеттерін таныстырды. Ол найза ұшымен, нар білектің күшімен жұртының намысын қорғаған хас, ержүрек елінің ерлігін, мәрттігін, маңғаздығын, дарқандығын айтып толғанады. Табиғатынан тұла бойы дарын, ойға кен, жүйрік қиялды ақылға ерен елінің әнге тербеліп тұрған даласын айтып шаттанады. Ақынның халқына деген азаматтық үні басым түсіп, патриоттық сезімі шабытты әуенге ұласып жатады. Ол елінің ертеңіне, оның болашағына сеніммен әрі үлкен үмітпен қарады. Жарқын жолға бастар ел бірлігі мен ырысында екенін айтты. Мәселен:

Бұл өмір алдарқатқан тірлігінде,

Қазағым қол созса екен нұрлы күнге.

Болашақ ырысы да, сауығы да,

Алты алаш ұрпақтары бірлігінде.

Ақын алты алаштың ұрпақтарын бірлікке, елдікке шақырады. Тарихты толғай отырып, халықты нұрлы күнге жеткізетін жол бірлік пен тірлікте екенін айтады.

Тұрғазы ақын «Ұлы даланың ұлымын» атты жинағының бір бөлімін «Өмір ғибраттары» деген атпен береді. Ақын өмірдің ащысы мен тұщысын, өткені мен кеткенін, өмір өнегесін жырына арқау етеді. Жастарға адамдық биік қасиеттер мен адамгершілік танымдарды уағыздайды. «Биік бол», «Жоқ нәрсеге желігіп», «Біреулердің қулығы», «Жүйріктер жетер көмбеге» деген өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, шындық пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік, достық пен қастық туралы сыр шертіп, олардың ара жігін ашып береді. Ақын пенделіктен аулақ, сырбаз көңілмен   сырлы өлең-жырларын тірлігіне өзек еткен жан.

Тұрғазы Нұқайұлы поэзиясының сарыны - «Халқымның адал ұлымын», «Ұлы даланың ұлымын» деген өлең тармағында өзінің ақындық, азаматтық болмысына ғана тән ойлы сөздермен айшықталған.

Айжан Картаева

филология ғылымдарының докторы

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений