kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ұлы Отан соғысы жылдарында «Еңбек армиясы» қатарында болғандар туралы

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 74 жыл толып отыр.        74 жыл адам ғұмыры болса, жақсы ұзақ жасаған екен деп жатамыз. Иә, аз уақыт емес, окоптарға гүл өсіп, көзден аққан жас тамшылары әлдеқашан кеуіп кетсе де соғыс салған жарақат жазылар емес. Соғыстың әлі зерттелмеген беттері қаншама! Жыл сайын сонау Украина, Молдава, Прибалтика, Батыс Европа жерінде ерлікпен қаза тапқан қазақстандықтардың зираты табылып, ұрпақтары барып тәу етіп жатқанын баспасөз бетінен жиі кездестіреміз.

Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің де, соғыс балалары болып саналатын тыл ардагерлерінің қатары сиреп барады.

Соғыс зұлматы алыстаған сайын, соның зардабын тартып, қиыншылығын басынан өткерген аға ұрпақтың ұмыта алмай жүрген   мазасыз ойлары бар. Қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан, бүгінге азайып қалған ардагерлердің жүрек сыздатып, жанын жаралап, кеміктеп жатқан ұмытылмас естеліктері, толық зерттелмеген тарихы бар. Тарихтағы сондай ақтаңдақтардың бірі – Ұлы Отан соғысы деп аталатын зұлмат жылдары еңбек армиясын алынғандар тағдыры.

Еңбек Армиясы - жұмыс күшін адамның еріктен тыс пайдалану кеңес экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады, кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен басталған. Осы кезеңде құрылған еңбек армиялары кеңес дәуірінде азаматтарды еріксіз түрде әскери қара жұмыстарға мәжбүрледі. Ресми билік өкілдері тұтқын деңгейіне дейін төмендеткен өздерінің әлеуметтік статусын көтеру үшін олар өздерін «Еңбек Армиясы» деп атады.

Соғыс кезінде еңбек армиясы қатарында болғандар екі категорияға бөлінді. Бірінші категория моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған, арнай қоныстандырылған  халық  өкілдерінен құрылды. Олардың негізгі құрамы неміс, фин, румын, корей халық өкілдерінен тұрды. Соғыс жылдарында еңбек армиясына 121 мың неміс, 30 мың корей өкілдері шақырылған екен. Екніші категория бойынша ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылған екен.

Олар Орал жөне Сібір зауыттары мен Ақмола - Павлодар, Қарағанды -Ақмола, Орынбасар-Арыс, Басқұншақ- Мақаттемір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор-Астрахан, Ор-Қандыағаш  мұнай құбырлары құрылысына терін төкті.

1942 жылы 10 қаңтардағы КСРО Қорғаныс комитетінің № 1123 жарлығына сәйкес, ағаш дайындау, өнеркәсіп жұмысшыларын, темір жолдар төсеу жұмысына Қазақстанға, Омск, Новосібір, Краснояр, қалаларына Алтай өлкесіне жер аударылғандар есебінен 17-50 жас аралығындағы 120 мың неміс ұлтының ер адамдарын жұмылдыруға бұйрық шықты. Сол жылдың күзінде 15 жастан 55 жас аралығындағы ерлер мен 16-45 жас аралығындағы совет неміс әйелдерін еңбек армиясын жұмылдыру туралы жарлық шықты. Сонымен қатар еңбек армиясына әскери тұтқыннан босағандар (арнайы әскери тексерістен өткендер) жіберілді.

Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік КавказГрузияҚырымҚалмақелдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды. Металл балқытатын мартен пештерінің, өзге де адам төзгісіз жанкешті еңбекті қажет ететін қара жұмыс үшін жүздеген, мыңдаған қазақстандықтар еңбек армиясы құрамында Магнитогорскіге жіберілгені тарихтан аян. Осы «еңбек армиясында» жанкештілікпен еңбек еткен жерлестіріміз туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Олар туралы шығарылған өлең, жазылған кітаптар, ашылған ескерткіш-белгілер де жоқ. Моральдық – әлеуметтік жағынан өте төмен саналған осы аянышты тағдыр иелерінің Ұлы жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Олардың ұшан –теңіз еңбегі мен жанкештілігі, Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы ащы шындықты жазған жазушы жерлесіміз Оралхан Бөкей. Оралханның «Бәрі де майдан» повесі Ұлы Отан соғысы кезіңдегі тыл өмірін –Сібірде еңбек еткен қазақтар өмірін ащы шындықпен бейнелеген. Автор өз кейіпкерлерінің басынан өткен шытырман оқиғаларды әсерлі тілмен жеткізеді.

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай өңіріндегі болған адамдар өмірінен жазылған тарихи хикаят. «Трудармия» қатарында болып, атаусыз ерлік жасаған Ақан мен оның әйелі Алманың өмірі арқылы сол кезеңнің ащы шындығын көрсете білген. 1942 жылдың ақпан айында бір ауылдан бір топ азамат майданға аттанады. Батыс қайдасың деп жүріп кеткендер, қара жұмысқа салады деп ойлаған жоқ. Бір ауылдан тепсе темір үзетін бес жігіт Свердлов облысында қара жұмысқа жіберіледі.Отан айтты бітті, үлкен жігермен қара жұмысқа кірісіп кеткен жігіттер көп ұзамай қалжырай бастайды. 14 сағат «огнеупорный глина» деген ақ топырақты қазу қыр жігіттеріне ауыр тиді. Қақаған аязда қалың қардың астынан қазып алып жөнелтпесе отқа төзгіш топырақтан металл қорытатын алып қазандар жасалмас еді, майданға қажетті оқ пен қару жасайтын металдар балқытылмас еді. Сондықтан да Белка руднигінде жілікті жігіттер уақытпен санаспай жұмыс істейді. Тұрмыс жағдайы өте төмен, сабан төсек, қаптаған қандалаға таланып, ашқұрсақ жүру қандай мықты жігіттерді тоздырып жіберері сөзсіз. Радио, хат хабар жоқ. Қара жұмысқа қалғандардың жағдайы әскери тұтқындармен бірдей еді.

Іштерінен іріктеп майданға да жіберіп жатқандарға қалғандары қызыға қарағандары рас. «Майданнан тыс, мынадай қорлықта өмір сүргенше, қолына қару алып жаумен шайқасып өлген де бақытты екен ау»- деген ойлар маза бермегені де шындық.

12-14 сағаттық еңбекақы төленбейтін тынымсыз ауыр қара жұмыс, от жағылмайтын сыз барактардағы тақтай-төсектер, ескі-құсқы киім, жұмырыңа жұқ болмайтын өлшеулі құнарсыз тамақтан ашқұрсақ жүрген талай жан тән азабы мен жан азабының дертінен көз жұмып, сүйектері жат жерде қалды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп небір қиындықтарға төзе білген, еңбек тозағынан аман қалып, құр сүлдерін сүйретіп елге жеткен тірі өліктердің бірі –осы Ақан еді...

Бейбіт өмір орнап, неміс фашистерінің көзі жойылды. Ұлы Отан соғысына қатысып аман қайтқандар қошаметке бөленіп, батыр болып оралғаны рас. Кейінгі жылдары тыл еңбеккерлері, балалық шағы соғыс жылдарында өткен ағаларымыз туралы сөз қозғап, еске алып жатырмыз. Әлі күнге дейін қоғамда лайықты бағасын ала алмағандар осы «трудобойлар». Оралханша айтсақ «құдай-ай, кісі ме десем, трудобой екен ғой» -деп «адам санатына» қосыла алмай талайлар дүниеден өтіп кетті...

        Алайда бүгінгі жас ұрпақ соғыстың шын тарихын, қолына күрек пен қайла алып жүріп, Ұлы Жеңіске орасан зор үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерін білуге тиіс ойлаймын. Елі үшін ерен еңбек сіңірсе де елеусіздеу қалған сол бір аянышты да, қиын тағдыр иелерінің есімдері тасқа қашалып жазылып, іс-шаралар өткізілуі керек. Ұлы Жеңістің 75 жылдық меретойы жақындап қалды. Осы орайда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы тың жобаны – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек армиясында болған шығысқазақстандықтар (1941-1945)» өмірін зерттеуді қолға алды. Кітапхана сайтында жобаның ережесі берілген (http://kray.pushkinlibrary.kz/ru/kraevedenie-vko/2794-kraevedcheskoe-issledovanie-vostochnokazakhstantsy-v-trudovoj-armii)

Біз, кітапхана қызметкерлері, аталар ерлігіне бас ие отырып, барша халықты осы жобаға қатысуға шақырамыз. Еңбек Армиясы қатарында қызмет етіп, ерен еңбек үлгісін көрсеткен әке -аталарыңыз, туыстарыңыз туралы қандай да бір дерек білсеңіздер (эссе, очерк, фотосурет, т.б.) кітапхананың электронды поштасына (spravka@pushkinlibrary.kz; iimaspushkina@mail.ru) жіберулеріңізді сұраймыз.

Ерлікке, еңбекке толы өмірдеректері өскелең ұрпаққа үлгі болатын, ел басына күн туғанда ортақ Отанды қорғау үшін еңбек майданының көрігін қыздырып, жастық жалынын, денсаулығын, өмірін сол сынаққа арнаған жандардың өмірін жас ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті парызымыз.

З. Мұхтарханқызы

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана

өлкетану секторының жетекшісі.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений